Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет68/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   221
Күтілетін нәтижелер
-  бағдарлама  құндылықтарының  контекстінде  жас  азаматтар  арасында 
туған жерін дамытуға қатысты сезімін арттыру;  
-  жастардың  назарын  оқу  орындарының  қажеттіліктері  мен  туған 
жерлерінің мәселелерін шешуге жаппай тарту; 
- «Туған жер» жобасы аясында өз өлкесіне қолдау көрсету. 
Көрсеткіштер: 
tylek.kz платформасы – 17 аймақта. 
Әр өңірден кемінде – 20 басылым. 
Түлектер саны – 100-ден кем емес. 
 
 
Қоғамды дамыту мәселелері бойынша зиялы 
қауымды белсенді тарту жөніндегі іс-шаралар 
жоспарын әзірлеу және іске асыру (рухани-
адамгершілік тәрбие, мәдени даму және т. б.) бойынша 
ұсынымдар 
 
Азаматты  тәрбиелеу  –  ұлттық  жаңғыру  шарттарының  бірі.  Азаматтық 
ұғымы  өзіне,  отбасына,  ұжымға,  туған  өлкеге  қатысты  өз  құқықтары  мен 
міндеттерін  игеруді  және  іске  асыруды  көздейді.  Азаматты  қалыптастыра 
отырып,  біз  ең  алдымен,  онда  адамдық  келбетті  көруіміз  керек.  Азаматтық 
педагогикалық  тұрғыдан  алғанда  –  рухани-адамгершілікті  және  құқықтық 
борыштың бірлігі бар өзіндік жеке тұлға. 
Рухани-адамгершілік  тәрбиесі  ұлттық  дәстүрлер  бойынша  білім  беру, 
олардың  адамгершілігін  қалыптастыру,  рухани-адамгершілік  құндылықтар 
негізінде мінез-құлық және өмір сүру тәжірибесі құрылады.  
Рухани-адамгершілік  тәрбие  жалпы  оқу-тәрбие  барысының  ажырамас 
бөлігі болып табылады. 
Адамның  тәрбиелілік  талаптарының  бірі  оның  мінез-құлық  мәдениеті, 
әдебі,  қарым-қатынас  нормаларының  жиынтығы.  Мінез-құлық,  қарым-
қатынас  мәдениеті  адам  бойында  өмір  бойы  қалыптасады  және  дамиды: 
отбасында, балабақшада, мектепте, өзін-өзі тәрбиелеу барысында. 
Жеке тұлғаны әлеуметтендірудің негізгі көрсеткіштері: 
- дәстүрлі тұрақты мінез-құлық нормаларын білу; 


49 
 
-  қызмет  барысында  мінез-құлықтың  әдеб  нормалары  мен  қарым-
қатынас туралы түсінік; 
- әдептің көрсеткіштік жүйесі. 
Қазіргі  жағдайда  азаматтық,  патриоттық  және  рухани-адамгершілік 
тәрбиенің  негізгі  қағидаттары  мен  басымдықтарын  анықтаудың  жаңа 
тәсілдерін әзірлеу және іске асыру қажеттілігі айқын. 
Мысалы, шығармашылық зиялылардың өмірлік тәжірибесін пайдалану 
жүргізіліп  жатқан  жұмыстың  барлық  кезеңін  қайта  іске  асырады,  өйткені 
жанды қарым-қатынас және өзара іс-қимыл процесі қазақстандықтардың жас 
буынына  жеке  тәжірибесіне  негізделген  Дағдылар  мен  білім  алуға,  әртүрлі 
көзқарастарды  көруге,  оқуға,  үздіктерді  алмастыруға,  еліктеуге  мысалдар 
табуға мүмкіндік береді. 
Қоғамдық  сананы  жаңғырту  жағдайында  моральдық-адамгершілік, 
мәдени  және  басқа  да  рухани  құндылықтарға  ие  жан-жақты  тұлғаны 
қалыптастыру маңызды және қажетті. Бұл уақытта жастар арасында танымал 
және  болашақ  ұрпақтың  санасын  қалыптастыратын  қазақстандық 
шығармашылық зиялы қауым өкілдері үлкен рөл атқарады. 
Мақсаты  –  адамгершілік  қасиеті  жоғары,  жауапты,  шығармашыл, 
бастамашыл,  өнегелі  азаматтардың  қалыптасуы  мен  дамуына  жағдай  жасау 
кезінде шығармашылық зиялы қауым өкілдерінің іс-тәжірибесін қолдану. 
Міндеттері: 
- өскелең ұрпақтың санасын қалыптастыруға шығармашыл зиялы қауым 
өкілдерін тарту; 
-  азаматтық  бірегейліктің  негіздерін  қалыптастыру:  өз  Отаны  үшін 
ортақтастық  пен  мақтаныш  сезімін,  білім  алу  көздерін  кеңейту  арқылы 
халықтың тарихы мен мәдениетіне деген құрметті қалыптастыру; 
- аға-буын өкілдерінің үлгі-өнегесі арқылы әр оқушыға еңбекқорлықты, 
адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлауды, қоршаған ортаға, табиғатқа, 
Отанға, отбасына деген сүйіспеншілікте тәрбиелеу; 
-  жастарды  өз  халқының  мәдени  дәстүрлеріне,  көп  ұлтты  мемлекет 
жағдайында жалпы адамзаттық құндылықтарға тарту; 
- белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет