Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет85/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   221
Ұлттық  тағамдар  алаңы.  Арнайы  бір 
алаңда немесе киіз үйлердің ішінде ұлттық 
тағамдардың  дастарханы  жайылады.  Онда 
жұртшылық  наурыз  мерекесіне  арнайы 
дайындалатын ұлттық тағамдардан дәм тата 
алады.  Сонымен  қатар,  бұл  тағамдар 
арасына наурыз мерекесін тойлайтын басқа 
ұлттардың  да  ұлттық  тағамдарын,  ас 
мәзірлерін қосуға болады.  
Спорт алаңы. Мұнда ұлттық спорт түрімен айналысатын арнайы алаңда 
күрес кілемі, көтеруге арналған қой (тана-тайынша), алтыбақан, арқан тартыс 
құралдарымен жабдықталуы тиіс.  
Балалар  мен  жеткіншектер  алаңы.  Мұнда  балалар  –  ұлттық  спорт 
ойындарын  ойнау  мүмкіндігін  алады.  Ләңгі  тебу,  асық  ату,  тоғыз  құмалақ, 
дойбы, балаларға арналған алтыбақан, шалма ойыны, сиқырлы таяқ, қап киіп 
жарысу  т.б.  көңілді  ойындар  ойнай  алады.  Ол  үшін  аталған  мекен  қажетті 
ойын  құрал-жабдықтарымен  қамтылуы  керек.  Ойын  құрал-жабдықтарының 
саны, ықтимал келушілер саны есептеліп, жеткілікті болуы қажет.  


60 
 
Сауық  алаңы.  Мұнда  концерт 
өткізуге, 
би-билеуге 
арналған 
трибуналар, 
жұртшылыққа 
тамашалауға ыңғайлы жағдай жасауға 
арналған құралдар болады.  
Жалпы,  наурыз  –  түркі  және 
парсы  тілдес  халықтарға  ортақ 
мереке.  Сол  себепті  бұл  мерекені 
тойлауға  арналған  шаралар  арасына 
көп  ұлтты  елімізде  өмір  сүретін  түрлі  халықтардың  наурызда  жасайтын 
амалдарын қосу, мейрамды түрлендіріп қана қоймайды, сонымен қатар ұлттар 
арасындағы үйлесімділікті нығайтады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет