19 наурыз – Зияткерлік күні. Осы күні балалардың зияткерлік әлеуетін,
ақыл-ойын дамыту мақсатында мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар,
жырлар мен эпостардан үзінділер айтылады. Жастардың дәстүрлі қазақ
мәдениетіндегі баланың санасын дамытуға бағытталған басқа да амал-
тәсілдері дәріптеледі.
20 наурыз – Жоралғы күні. Бұл күні әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер
айшықталады. Ұмыт бола бастаған жоралғылар жаңғыртылады, барлары
заман талабына сай дамытылады. Салт-дәстүрдің, ырым-жырымның адам мен
қоғам өміріндегі маңызы түсіндіріледі. Мұндай құндылықтар ұлттық кодты
сақтаудың компоненті екені айтылады. Осы күні Елбасы айтқан «кежегесі кері
тартып тұратын, аяқтан шалатын әдеттерді» жоюдың жолдары талқыланады.
Осы күні әр адам жақындарына сый-сияпат жасайды. Осы мақсатта
коммерциялық ұйымдардың арнайы «Nauryz сыйлық» әзірлеуін қамтамасыз
етуі керек. Ол адамдардың қалтасына қарай әртүрлі бағада болғаны жөн.