66
Іске асыру механизмдері:
қоғамға белгілі Зейнеп Ахметова, Қаракөз Сүлейменова, Алтыншаш
Жағанова сынды тұлғалар және «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаз
аналары жас келіндер, қыз-келіншектермен кездесулер ұйымдастырып,
өмірлік тәжірибелерімен бөлісу;
өңірлердегі «Әжелер» институттарынан жасы үлкен әжелердің ұлттық
салт-дәстүр, ырым-тыйым, отбасылық құндылықтар жайындағы тәрбиелік
әңгімелерін тыңдау;
ана денсаулығы, қоғамдағы бедеулік сынды үлкен проблемаларға
арнайы дәрігер мамандардан кеңес алу;
кәсібін ашып, шағын бизнеспен айналысатын аналар өз
тәжірибелерімен бөлісу;
аналарды, қыз-келіншектерді бизнеске баулитын тегін курстар,
бизнесін ашуға гранттар беру;
аналарға, жас келіндерге психологиялық кеңестер беріп, тренингтер
ұйымдастыру;
әр өңірде аналарды тегін медициналық тексерістерден өткізу;
мектептерде тоқсан сайын қыздар жиналысына аналарды
қатыстырып, жас қыздарды үлкен өмірге даярлау;
жас келіндер арасында дәстүрден, тағам пісіруден, тігін тігуден,
отбасы құндылықтарына қатысты ситуациялық жағдайлардан шығу жолдарын
айтатын байқаулар ұйымдастыру;
қыз-келіншектерге пайдалы қазақ тілінде психологиялық, өнегелік,
ұлттық дәстүрлер, ұлттық тағамдар, бизнеске арналған кітаптар шығару;
форум аясында аналардың қолынан шыққан қолөнер бұйымдары,
картиналар, киімдер, тағам түрлерінен көрмелер ұйымдастыру;
«ANA» бүкіл аналар, қыз-келіншектер қолдана алатын мобильді
приложениесін шығару. Оның ішінде салт-дәстүр, ана денсаулығы,
психология, тағамдар мәзірі, бизнес т.б көптеген аналарға арналған пайдалы
нұсқаулықтар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: