Құпиялылығы – белгілі бір ақпараттың белгілі бір адамдарға ғана тиімді екеніне сенімділік; бұл категорияны бұзу – ақпаратты бұзу немесе ұрлау деп атлады;
Бүтіндігі – ақпараттың сақталуы немесе таралуы кезінде санкцияланбаған өзгерісиердің болмағанына сенімділік; бұл категорияны бұзу – мәліметтің фальсификациясы деп аталады;
Аутентичность – ақпараттың көзі – оның авторы болып табылатынына сенімділік; бұл категорияны бұзу – автордың тарапынан мәліметтердің фальсификациясы деп аталады;
Апелляциялануы — өте күрделі категория, бірақ электронды коммерцияда жиі қолданылады. Қажет уақытында белгілі бір адам сол мәліметтің авторы өзі екенін дәлелдей алады. Алдыңғы категориялардың ерекшелігі – автордың ауысуы кезінде, басқа біреу өзін сол мәліметтің авторы депайтуы мүмкін; ал апелляцияда – автордың өзі бір кездегі «сөздерінен» бас тартуы мүмкін.
Ақпараттық жүйелер қатынасында басқаша категориялар қолданылады:
Бақылануы – кез келген уақытта программалық кешеннің кез келген компоненттеріне толық тексеріс болу мүмкіндігі;
Идентификация бақылауы – жүйеге қосылған пайдаланушының онда болған қателіктерді мойындауы.
Технология – қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы(бастапқы шикізаттың қандай да бір әдістермен соңғы өнімге түрленуі).
Қауіпсіз технологиялар — өздеріне тура немесе жанама қатынасы бар субъектілерге материалдық зардабын тигізетін технологиялар(субъектілер болып мемлекет, жеке тұлғалар, т.б. табылады).
Қорғаныс жүйесінің дұрыс құрылуы үшін мыналарды анықтау керек: