Ақпараттық қауіпсіздік негіздері



бет5/45
Дата19.09.2023
өлшемі258,19 Kb.
#108838
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
À?ïàðàòòû? ?àó³ïñ³çä³ê íåã³çäåð³

Ақпараттық ресурстар – жекелеген құжаттар және құжаттар массиві, ақпараттық системаларда адамдар, ұйымдар, жергілікті әкімшіліктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекет арасындағы қатынас обьектілері, басқа ресурстар сияқты заңмен қорғалады.
Заң жүзінде информационды ресурстар нормалармен анықталады, келесі түрде бекітіледі:

  • Ақпаратты құжаттау тәртібі

  • Информационды системада жекелеген құжаттар мен массивтерге меншіктік құқық

  • Ақпаратқа ену бойынша оның категориясы

  • Ақпаратты құқықтық қорғаудың тәртібі

Персоналды берілгендер деп кез келген құжаттандырылған жеке адамға қатысты ақпаратты айтамыз. Персоналды берілгендерге номинативті және номинативті емес берілгендер кіреді.
Номинативті – адамның жеке идентификациялаған коды, фамилиясы, аты, жөні, мекен-жайы, жұмыс орыны және тағы басқалары.
Номинативті емес –жекелеген берілгендер, өзбетіндік мағыналы.
Персоналды берілгендер енуге шектеулі ақпараттар категориясына жатады. Ол субьект үшін ашық ақпарат, субьект өзі шешеді: қолдануға не жіберуге бола ма, әлде қандай субьектілерге қолдануға болатындығын. Персоналды берілгендердің кейбір категориялардың қорғау режимі болмауы да мүмкін, мысалы, жалпыға ортақ қоғам қайраткерлерінің фамилиясы, аты, жөні, туған күні. Номинативті берілгендерді персоналды ақпараттардан алу процедурасы қорғау режимін алып тастайды, бұл берілгендерді тарихи, статистикалық, социологиялық және басқа ғылыми зерттеулер үшін қолдануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік емес құқықтық және жеке тұлғалардың персоналды берілгендерімен жұмыс жасағанда субьектілермен келісім шарт жасау арқылы орындалады.
Персоналды берілгендер иелерінің құқықтары мен міндеттері де бар.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар, жергілікті басқару органдары заң бойынша бекітілген немесе лицензиялары бойынша өз компетенциялары аясында персоналды берілгендермен жұмыс жасауға құқылы.
Мемлекеттік емес құқықтық және жеке тұлғалар да лицензиялары бойынша персоналды берілгендермен жұмыс жасауға құқылары бар.
Бақылау сұрақтары:

  1. Қауіпсіздендіруге негізінде не жатады?

  2. Ақпараттық ресурстар деген не?

  3. Персоналды берілгендер қандай типтерге бөлінеді?





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет