Ақпарат—бүгінгі қоғамның дамуындағы басты ресурс. Ақпараттық қауіпсіздік — мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының күйі. Ол экономиканы ғылымға негізделген ресурс үнемдегіш технологияларға қарай ыңғайластырып қана қоймай, әрбір жеке адамның дамуына, өмірде өзінің орнын тауып, өзін-өзі жүзеге асыруына кең мүмкіндік туғызуда.

Бұқаралық ақпарат құралдары – ХХ және ХХІ ғасырларда демократия аясында көп зерттелген саланың бірі. БАҚ-тың тәуелсіздігі, міндеттері мен мақсаттары, сондай-ақ қоғам мен мемлекет дамуындағы орны туралы баяндалған халықаралық құжаттар да, ғылыми-сараптамалық тұжырымдар да жеткілікті.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі – экономикалық, әскери де саяси қауіпсіздігі секілді маңызды мәселе. Тәуелсіздік алғалы бері еліміздің ақпарат кеңістігі мәжбүрлі түрде көрші елдердің ақпараттық шабуылын бастан өткеріп келеді. Бұл, әсіресе, оңтүстік пен солтүстіктегі Өзбекстан және Ресей секілді елдермен шегаралас аймақтарға қатысты құбылыс. Қазір Оңтүстік Қазақстанның көптеген аудандары Өзбекстан БАҚ-тарының өнімдерін пайдалануға мәжбүр.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі артықшылықтарын анықтау ақпараттық ортаға жататын қатерлерді әшкерелеуде, оларды жеңу жолдарын табуда,ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіруде көрініс табады.

Қоғамның хабардарлығының деңгейі, ақпаратқа қол жеткізу дәрежесі демократияланудың түйінді мәселесі. «Ақпарат – демократияның басты валютасы» деп америкалық заңгер Ралф Нейдер айтпақшы, ақпарат көбейген сайын демократия арта береді, ақпарат көбейген сайын сенім арта береді

Біздегі билік пен бизнес тарапынан бірінші кезекте назар аударатын БАҚ – орыс тілді БАҚ. Демократиялық мемлекеттік құрылым қағидасы бойынша, елде ұйымдасқан негіздегі үш сектор болуы тиіс: біріншісі – билік, екіншісі – бизнес, үшіншісі – қоғамдық немесе үкіметтік емес ұйымдар мен құрылымдар [14]. Біз де демократиялық қоғам мен мемлекет құру жолына түсіп келеміз. Бізде де осы үш сектордың үшеуі де бар.

Ақпараттың мәңгілік сақталатын құндылық, оны қорғаудың қажеттілігінің өміршеңдігіне қарамастан, қауіпсіздігі жайындағы тақырып таяудан бері ғана қозғалған тың көрініс. Ақпараттық қоғамның талабы бойынша Ресейден келетін ақпарат легі сол секілді Ресейге де тегіс таратылуы қажет еді. Өкінішке орай, бізде ақпараттық кеңістікті айтарлықтай ұлттық белгілермен толықтыруға қаржылық, технологиялық және творчестволық мүмкіндік әлі де толықтай жетіспейді.