Ақпараттық хат



Дата14.10.2023
өлшемі0,64 Mb.
#114334



ЖОҒАРЫ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ
НИЗАМИ АТЫНДАҒЫ ТАШКЕНТ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКА УНИВЕРСИТЕТІ


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ


Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университеті 2023 жыл, 25 қарашада қазақ тілі және әдебиеті бөліміне 70 жыл толуына орай «Қазіргі білім беру кеңістігінде қазақ тілі мен әдебиеті: трансформация және даму тенденциялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді.
Конференцияның мақсаты:
Қазіргі білім беру кеңестігінде қазақ тілі мен әдебиетінің теориясы және әдістемесінің өзекті мәселелерін үйрену.
Конференция жұмысының негізігі бағыттары:

  1. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар

  2. Тәуелсіздік жылдардағы қазақ әдебиеттану ғылымы: ізденістер мен үрдістер

  3. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту: инновациялық әдістер мен тәжірибе

Конференцияда жергілікті және шетел жоғары оқу орындарының проф-оқытушылары, жас ғалымдар, доктаранттар, магистранттар және дарынды студенттер қатысуы мүмкін.
Конференция жұмысының тілдері: қазақ, орыс, ағылшын және түркі тілдері.
Мақаланың безендірілуіне қойылатын талаптар: қолжазба мәтінің көлемі – 3-5 бет, Microsoft Word for Windows редакторында, Times New Roman шрифт 14 қаріпмен, 1,5 жоларалық интервалмен теру, ені бойынша тегістеу, азат жолы 1 см. Барлық шеттері – 2 см.
Мақаланы рәсімдеу:
1. МАҚАЛА АТАУЫ (сиялы әріптермен жол ортасына қою);
2. Автор туралы мәлімет: аты-жөні және тегі (жолдың ортасына бас әріптермен жазу);
3. Келесі жолға ЖОО көрсету (жол ортасына жазу);
4. Электронды мекен-жайы: (курсивпен);
5. Одан соң мақала мәтінін беру;
6. Әдебиеттер тізімін көрсету.
Әдебиеттерге сілтеме мәтінде қолдану ретіне қарай тік бұрышты жақша ішінде жазылады [1, 25] (алғашқы цифр пайдаланылған әдебиеттер тізіміндегі нөмір, екіншісі – әдебиеттің беті).
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысу үшін мақала мәтіні 2023 жылдың 10 қарашаға дейін ұйымдастыру комитетінің nurjan0611@inbox.ru электрондық мекен-жайына немесе төменде көрсетілген телеграм номерге жіберілуі қажет.
+99899 813-10-14, +99899 825-95-22
Көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған және талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қарастырылмайды.
Мақалада авторлар саны үш кісіден аспауы шарт. Бір автордың мақалалар саны үшеуден аспауы керек.
Мақала мәтіні өңделмейді және түпнұсқа деп табылады. Мақалалар жинағы көшіру арқылы жинаққа енгізіледі. Мақала мазмұнына және келтірілген материалдарға авторлардың өзі тікелей жауапты.
Сіздерден жіберілетін мақалаларды жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес түрде жазылуына және толықтай өңдеуге назар аударуларыңызды сұранамыз. Жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін мақалалар қабылданбайды және қайтарылмайды.
Мекен-жайымыз:
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университеті Қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
Мақаланы рәсімдеу бойынша үлгі:

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ТІЛ АРҚЫЛЫ ҰЛТ БОЛМЫСЫН ТАНУ (14 пт)
Сәрсенова Б.Б. (12пт)
п.ғ.ф.д. (PhD) (10пт)
Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогика университеті,
Ташкент, Өзбекстан (10пт)
nar.@mail.ru
Аннотация (10пт)
Аннотация (10пт)
Abstract (10пт)
Кілті сөздер:
Ключевые слова:
Keywords:
Мақаланың негізгі мәтіні (14 пт) ---------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер: (12 пт)
1.
2.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет