Ақпараттық хат



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата13.04.2023
өлшемі387,9 Kb.
#82375
  1   2   3   4   5


 
 
 
 
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ 
 
«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ-21: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН-ЕЛІМІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ»
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА 
АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ–ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ 
 
Елі: Қазақстан Республикасы 
Өткізілетін орны: Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5. 
Өткізу уақыты: 13-14 сәуір 2023 ж. 
Пленарлық мәжілістің өткізілетін орны және уақыты: бас ғимарат, сағ.10.00, АКТ зал, бас ғимарат, онлайн 
және офлайн режімінде. 
Ұйымдастырушылар: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті 
М.Әуезов атындағы ОҚУ 80 жылдық тарихында мемлекеттің ағарту және инновациялық даму идеяларына 
қызмет ететін жоғары білім беру мекемелері арасындағы алдыңғы білім ордасы бола отырып, отандық ғылымның 
дамуына, кадрлық әлеуетті қалыптастыруға және Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласы мен 
индустриясын дамытуға баға жетпес үлес қосты. Университет қабырғасында белгілі мемлекет және қоғам 
қайраткерлері, ғалымдар, кәсіпорын басшылары, мәдениет және өнер қайраткерлері тәрбиеленген. Бұл 
жетістіктеріміз терең тарихымызбен оқытушыларымыз – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетін
құрған және оның даңқын арттырған тарихтың нағыз жасаушылары. 
«Әуезов оқулары» конференциясы 2002 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп келеді және 
конференция еңбектерінің жинағы РИНЦ халықаралық дәйексөз базасына кіреді. Бұл іс-шара «Ғылым, бизнес 
және үкімет» буындарын байланыстыратын ірі халықаралық ынтымақтастық болып табылады. 
Мерейтойлық іс-шаралар шеңберінде дөңгелек үстелдер, семинарлар, көрмелер, сондай-ақ белгілі ғалымдар 
мен мемлекет қайраткерлерінің дәрістерін өткізу, ЖОО түлектерімен және ардагерлерімен кездесу жоспарлануда. 
Университет қонақтары үшін Оңтүстік Қазақстанның тарихи және киелі жерлеріне (Түркістан, Сайрам, 
Арыстан баб) экскурсиялар ұйымдастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет