Ақпараттық желі



бет5/8
Дата06.01.2022
өлшемі0,52 Mb.
#12464
1   2   3   4   5   6   7   8
Кабельдердің типтері.

Жаңа замандағы желілерде қолданылып жүрген кабельдердің бірнеше түрлері бар.Төменде ең көп қолданылып жүрген кабельдер жайлы жазылған.Мыстан жасалған кабельдердің түрлері электрлік кабельдерді құрайды.Олар телефон желісін жүргізуде және ЖЕЖ-ні (ЛВС-ті) инсталляциялауда қолданылады. Ішкі құрылысы бойынша кабельдер қос ширатпа және коаксиалды деп бөлінеді.

UTP немесе Айналмалы жұп сымдар (ағылш. twisted pair) - Кабель сымдарының түрі. Сыртынан пластик қапталған. өзара айналмалы оратылған бір немесе бірнеше жұп айырылған электр өткізгіштер. «Қос ширатпа» типті кабель (twisted pair) Қос ширатпа деп, екі өткізгіш біріктіріліп, бірнеше рет ширатылып бұралған тұтас кабельді айтамыз. Сымдарды ширатып бұрау кабель бойымен сигнал жіберген кезде болатын электрлік ақауларды (кедергілерді) азайтады. Ал экрандалған қос ширатпа кедергілердің болмауын одан да бірнеше есеге ұлғайтады. «Қос ширатпа» кабелі Ethernet, ARCNet и IBM Token Ring сияқты көптеген желілік технологияларда қолданылады. Қос ширатпадағы кабельдер экрандалмаған (UTP – Unshielded Twisted Pair) және экрандалған мыс кабельдерге бөлінеді. Соңғысы екіге бөлінеді: әр жұбы экрандалған және жалпы экрандалған (STP – Shielded Twisted Pair) және тек бір ғана ортақ экраны бар (FTP – Foiled Twisted Pair).

Кабельдегі экранның бар болуы немесе жоқ болуы жіберілген ақпараттың қорғанысы туралы еш мәлімет бермейді, ол тек өзгеріске ұшырауының әртүрлілігін көрсетеді. Экрандалмаған кабельдерде экранның болмауы кабельдерді майысқақ және өзгеріске төзімді етеді. Сонымен қатар оларэксплуатация үшін экрандалған кабельдер сияқты құнды жерлестіру контурын талап етпейді. Экрандалмаған кабельдерді ғимаратттардың ішінде жүргізген дұрыс, ал экрандалған кабедерді көбінесе ерекше эксплуатация жағдайлары бар жерлерде қолданады, мысалы электромагниттік сәулеленуі өте жоғары жерлерде.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет