Ақпаратты қорғаудың мақсаты ақпарат иесіне,
пайдаланушыға
меңгерушіге келетін
және зиянды
әрекеттерді болдырмау.
Ақпаратты қорғаудың тиімділігі ақпаратты қорғау нәтижелерінің қойылған мақсатқа сай келу дәрежесімен бағаланады.
Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты(ақпаратты өңдеу жүйесі) қауіп-қатерге қарсы әрекеттер:
-өңделген ақпараттың жасырын
бұзылу қатері;
-өңделген ақпараттың бүтіндігінің
бұзылу қатері;
-жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу
қатері.
Сурет 1. Қорғаныс жүйесін құру кезеңдері Сурет 1. Қорғаныс жүйесін құру кезеңдері 1. Мүмкін болатын қауіп-қатердің талдауы келесі қауіп-қатерден қорғанудың негізгі түрлерін зерттеумен айналысады:
- Ақпараттың конфиденциалдығының бұзылуының қауіп-қатері;
- Ақпараттың бүтінділігінің бұзылуының қауіп-қатері.
Бұл кезең шындығында да барлық қауіп-қатердің жиынтығынан байсалды зиян (вирус, ұрлық) келтіретіндерін таңдаумен аяқталады.
2. Қорғаныс жүйесін жоспарлау кезеңі қорғалатын құрылымдар тізімінен және оларға мүмкін болатын қауіп-қатерден тұрады. Бұл кезде қорғанысты қамтамасыз етудің келесі бағыттарын назарға алу қажет:
- құқықтық-этикалық;
- моральды-этикалық;
- қорғанысты қамтамасыз етудің әкімшіліктік шаралары;
- қорғанысты қамтамасыз етудің аппараттық-программалық шаралары.
3. Қорғаныс жүйесін іске асыру ақпаратты өңдеудің жоспарланған ережелерін іске асыруға қажетті құралдарды орнату мен баптауды қамсыздандырады.
4. Қорғаныс жүйесін сүйемелдеу кезеңі жүйенің жұмысын бақылау, ондағы болып жатқан оқиғаларды тіркеу, қорғанысты бұзуды айқындау мақсатымен оларды талдау және қажетінше қорғаныс жүйесін түзетумен сипатталады.