Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Операциялық жүйелердің дамуы



Pdf көрінісі
бет14/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72
3.2 Операциялық жүйелердің дамуы 
Операциялық жүйелердің
даму тарихы жарты ғасырдай уақытты 
қамтиды. Ол көбінесе есептеуіш аппаратураның және элементтік 
базасының дамуымен байланысты анықталады. Бірінші сандық 
есептеуіш машиналар 40-ж. басында пайда болып, операциялық 
жүйелерсіз жұмыс істеді, ұйымдардың есептеу процессіндегі барлық 
есептері бағдарламалаушымен басқару пультінен қолмен істелінді. 50-ж. 
ортасынан мониторлық жүйелер пайда болды, олар тапсырмалар пакетін 
орындауда операторлар жұмысын автоматтандырды.
1965-1975ж. интегральды микросхемаларға өту компьютерлердің 
келесі ұрпағына жол ашты, олардың өкілі IBM/360. Осы кезеңде қазіргі 
ОЖ – лерге қатысты барлық коцепциялар: мультибағдарламалау, 
мультипроцесстеу, көптерминалды іс-тәртіп, виртуальды жад, файлдық 
жүйелер, қол жетуді шектеу және желілік жұмыстар жасалды.
60-ж. Аяғында 
ARPANET 
глобальды желісін жасау жұмыстары 
басталды, ол Интернет желісінің аттану нүктесі болды. 70-ж. ортасына 
қарай мини-компьютерлер кең тарала басталды. Мини-компьютерлердің 
архитектурасы мэйнфреймдармен салыстырғанда қарапайым болды, бұл 
олардың операциялық жүйелерінде де кескінделді.
70-ж. ортасынан бастап UNIX ОЖ-ні қолдану компьютерлердің 
әртүрлі типтеріне жеңіл түрде көше бастады. ОЖ Unix алдымен мини-
компьютерлерге жасалған болса да, оның икемділігі, элеганттылығы, 
қуатты функционалдық мүмкіндіктері және ашықтығы компьютерлердің 
барлық класстарында орнықты позицияда болуына жағдай туғызды.
80-ж. басы операциялық жүйе тарихында дербес компьютерлердің 
пайда болуымен айрықша мәнді болды. 80 жылдарда коммуникациялық 
технологияларға локальдық желілер үшін негізгі стандарттар: 1980 жылы 
- Ethernet, 1985 - Token Ring, 80ж. аяғында - FDDI қабылданды. Бұл 
төменгі деңгейдегі желілік ОЖ үйлесімділігін, сондай-ақ желілік адаптер 
драйверлерімен ОЖ интерфейсін стандарттауды қамтамасыз етті.
90-ж. басында барлық ОЖ-лар әртекті клиенттер және серверлермен 
жұмысты қолдай алатын қабілеті бар желілік ОЖ айналды. Тек қана 
коммуникациялық есептерді (Cisco Systems компаниясының IOS жүйесі) 
орындауға арналған мамандандырылған желілік ОЖ-лер пайда болды. 
Соңғы онжылдықтар ішінде корпоративтік желілік ОЖ-лерге ерекше 
көңіл бөлінді, олар үшін масштабтаудың жоғарғы дәрежесі, желілік 
жұмысты қолдау, қауіпсіздіктің дамыған құралдары, гетерогендік 
орталықта жұмыс істеу мүмкіндігі, орталықтан әкімшілік ету және 
басқару құралдарының болуы сипатты.
 
Операциялық жүйе (
Операционная система; operating system
) - 
компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, 
дискжетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің 
басқаруымен іске қосылатын басқа бағдарламалардың жұмысын 
басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық 


40 
кодта жазылған бағдарлама. Алғашқы компьютерлердің операциялық 
жүйесі болған жоқ, себебі басқару бағдарламалары тек компьютердің 
нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға 
стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай 
жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай бағдарламаларын жазуға мүмкіндік 
туғызды.
Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар - тұрақты сақтауыш 
құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық 
жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу бағдарламаларын ғана жазу. 
Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS 
немесе ең соңғы OS/2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам 
машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты 
сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. 
Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK 
немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады
сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген 
операциялық жүйелер де кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет