57
Деректер
- пәндік аймақтың жекелеген фактілері (сипаттау, сұрау
және сауалнама деректері, ведомостер және т.б.).
Ақпарат
- ұйымдасқан және өңделген деректер, әдетте, ақпарат
пәндік облыстың құрылымдалған фактілері болып табылады. Ақпаратты
өңдеумен байланысқан әр түрлі сауалдарды қарастырған кезде
«деректер» және «ақпарат» ұғымдары синоним ретінде жиі
пайдаланылады. Бұл жағдайда өңдеу әрқашанда тек пәндік облыстың
құрылымдалған фактілеріне ғана қатысты болады, яғни нақты түрде
ақпараттарды өңдеу ұғымын білдіреді.
Ақпараттық жүйе
- бұл компьютер базасындағы немесе деректерді
ұйымдастыратын және қажетті ақпаратты беретін өзге есептеуіш
техникасының базасындағы кейбір автоматтандырылған жүйе.
Ақпараттық-басқарушы жүйесі
- компьютер базасындағы немесе
менеджменттің ақпараттық қолдауын қамтамасыз ететін өзге есептеуіш
техникасының базасындағы кейбір автоматтандырылған жүйе.
Деректер базаларын басқару жүйесі (ДББЖ)
- бұл деректерді
енгізуге, толықтыруға, жоюға, сүзгілеуге және іздеуге арналған
бағдарламалық құралдар.
Деректер базасы технологиясының іргетасы болып нақты ДББЖ-да
базаланатын деректер моделі саналады. Модель нақты ДББЖ ие болатын
түсініктер мен белгілердің жиынтығын, сонымен қатар оларды
басқаратын бұл модельге негізделген деректер базасын сипаттайды.
Мұндай модельдің бар болуы ДББЖ-ның нақты жүзеге асырылуын
салыстыруға, сондай-ақ олардың модельдерге сәйкестігін бағалауға
мүмкіндік береді.
Деректер базасы -
бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған
ұйымдастырылған құрылым. Алғашқы кезде, яғни, деректер базасы
түсінігі қалыптаса бастаған жылдары, бұл базаларда тек қана деректер
сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі деректер базасын басқару жүйелері
(ДББЖ) өз құрылымында тек қана деректерді ғана емес, сонымен қатар
тұтынушылармен немесе басқа да бағдарламалық-ақпараттық кешен-
дермен
қарым-қатынас
жүзеге
асырылатын
әдістерді
(яғни,
бағдарламалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді. Осылайша біз
қазіргі заманғы деректер базасында тек қана деректер ғана емес, сонымен
бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз.
ДББЖ
Достарыңызбен бөлісу: