Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
Молдабекова-Б.Қ.Ақпараттық-коммуникациялық-технологиялар.

кітаппен жұмыс оқу әдісі
болып табылады. Егер монологтық 
баяндау әдісі
қолданылса, онда оқытушы әңгімелейді, ғылымның дайын 
қорытындыларын, ережелерін, фактілерін хабарлап оқиғаларды 
суреттейді, іс-әрекеттің үлгілерін көрсетеді және студенттерге 
тапсырмалар береді.
Эвристикалық әдісті
қолданғанда мәселелік деңгей (студенттердің 
белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық 
(логикалық) есептер және мәселелік тапсырмалар қосылады. Студенттер 
оқытушының көмегімен "жаңалық" ашады, бірақ негізінен студенттер өз 
бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім 
студенттердің тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, 
қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және 
қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) 
береді. Студенттер оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан 
оқытушының басшылығы керек емес деген сөз тумайды
.
Кез-келген болжамдық зерттеу біртұтас базалық түсініктермен 
байланысты. Бұл түсініктер болжамның көптеген параметрлерімен 
сипатталады. Олардың қатарына:
1) болжаудың обьектісі, ол дегеніміз адамның танымдық және 
практикалық қызметі бағытталған кез-келген құбылыс не процесс болуы 
мүмкін, яғни қызмет қарқынына қарай мегажобалар, аймақтық, салалық, 
микроэкономикалық, ал мазмұндық сипатына қарай әлеуметтік, 
экономикалық, демографиялық, экологиялық-экономикалық, ғылыми-
техникалық;


72 
2) болжаудың формаларын көз алдына келтіру, яғни тапсырушының 
талабына сай, сондай-ақ оны жасаушылардың обьективті мүмкіндігіне 
сай болжау нәтижелерінің әртүрлі формалары болуы мүмкін (нүктелік, 
тренд т.б.);
3) болжауды алдын-ала білу кезеңі, яғни болжау жасалып отырған 
кезең алдын-ала білу кезеңі деп аталады және болжамдау мақсатына сай 
ағымдағы, қысқа, орта, ұзақ, өте ұзақ мерзімді деп бөлінеді;
4) болжаудың алғашқы негізі, яғни зерттелетін обьект не құбылыс 
туралы фактілік материалдардың болуы (фактографиялық құжат, эксперт 
пікірі);
5) Болжаудың әдістері мен құралдары өте алуан түрлі, ең көп тарал-
ған түрі экстраполяция, сараптау, нормативтік, ізденістік әдіс, т.б.;
6) Болжаудың сапасы, бұл дегеніміз кең мағынада алғанда болжам-
ның негізділік, сенімділік, дәлдік, ақпараттылық, құндылықтарының 
бірлігі. 
Ал, болжаудың бағалау әдісін - болжаудың верификациясы деп 
атайды, ол болжамның бекітілуін қарастырады. 
Сапалы әлеуметтік болжам алу үшін болжаудың ғылыми 
принциптеріне сүйену қажет, яғни жүйенің дамуын болжамдау 
саласындағы зерттеу жұмыстарының барлығы осы принциптер негізінде 
іске 
асырылуы 
тиісті, 
атап 
айтсақ: 
жүйелілік, 
келісушілік 
(ұйғарушылық), варианттық, үздіксіздік, верификациялану, тиімділік 
принциптері. 
Әлеуметтік болжам жасау үшін зерттеуші төмендегідей қадамдарды 
жүйелікпен жасап отыруы тиісті: 
1) проблеманы анықтау;
2) ақпаратттарды зерттеу;
3) әдіс таңдау;
4) болжамдық ақпараттың генерторын құрастыру;
5) нәтижелерді талдау;
6) болжамдық ақпараттың генераторын жүйелі эксплуатациялау, 
обьектіні мониторингтан өткізу. 
2. Болжам деп зерттелетін обьектінің болашақтағы мүмкін жағдай-
лары туралы, оның дамуының альтернативтік жолдары туралы түсінікті 
айтамыз. Болжамды жасау процесі болжау деп аталады. 
3. Жоспарлау дегеніміз мақсаттарды, басымдықтарды ғылыми негіз-
деу, оларға қол жеткізудің жолдары мен құралдарын анықтау анықтау 
процесі. Практикада ол жоспарды жасаумен іске асады. Оның ерекше 
белгісі көрсеткіштер жинақтау. Жоспарлау болашақтың қауіпті 
аспектілерінің бәрін есепке алып, проблемалар туралы шешім 
қабылдауға негізделген. 
Жоспар дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу 
бойынша әртүрлі шаралардың кешені мен көрсеткіштер жүйесі бар 
құжат. Онда мақсаттар, басымдықтар, ресурстар, оларды қамтамасыз ету 


73 
көздері, орындау тәртібі мен мерзімі көрсетіледі. Ал, болжамдауда 
мүмкін не қалауымыздағы аспектілер, күй, шешімдер, болашақтың 
проблемалары суреттілінеді. 
Боламдаудың жоспарлаудан басты ерекшеліктері төмендегідей:
1) болжамдау кездейсоқтық пен анықталмағандықтың жоғары үлесі 
жағдайында іске асады;
2) болжамдаудың ақпараттық кеңес берушілік сипаты басым;
3) болжамдауда шешім қабылдау міндетті емес, ал жоспарлаудың 
міндетті (директивалық) сипаты бар;
4) болжамдауда көбіне жалпы есептік не эксперттік норма пайда-
ланылады.
Болжамдау өзінің құрамы бойынша жоспарлаудан кең, өйткені мұнда 
субъектінің ғана қызмет көрсеткіштері емес, сонымен бірге көп жағдайда 
өзгеріп отыратын сыртқы ортаның да көрсеткіштері есепке алынады. 
Болжам алдын-ала болжаумен жоспардың байланыстырушы звеносы. 
Болжам мен жоспар бір-бірін өзара толықтырып отырады. Болжам 
жоспардан бұрын да, кейін де жасалуы мүмкін, кейде жоспардың орнына 
жүре алады. 
Денсаулық сақтау мен клиникалық медицинада клиникалық диагноз, 
тұрғындардың белгілі бір тобында қандай да бір бағдарламаның мүмкін 
болатын нәтижелерін болжау, науқастың сырқаттанушылығының 
ағымын болжау, халықтың белгілі бір тобы немесе белгілі бір науқас 
үшін емдеу түрін таңдау сияқты мәселелер бойынша шешім қабылдау 
барысында әртүрлі статистикалық тұжырымдамалар жиі қолданылады. 
Статистика күнделікті лабораториялық практикада қолданыс табуда. 
Статистиканы білу қазіргі заманғы медициналық басылымдарды түсіну 
үшін және оларды сын көзбен бағалай білу үшін де өте маңызды.
 
Сонымен, статистиканың принциптерін білу денсаулық сақтаудағы 
әртүрлі жағдайлар мен ағымдардың айырмашылықтарын бағалауға 
арналған зерттеулерді жоспарлау, жүргізу және талдау үшін, сол сияқты 
медициналық биология, клиника және денсаулық сақтау салалары 
бойынша ғылыми зерттеулер орындау үшін қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет