Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет30/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72
 
 
6.2
 
 Жинау, жіктеу және болжау әдістері 
Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 
20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, 
зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Студенттер сөзден, кітаптан, 
көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-
30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік 
әдістерін ұсынады. Қазір компьютерлік жүйелер арқылы білім алу 
мүмкіндігі бар. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) 
дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. 
Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді 
қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды 
тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - 
дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, 
ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған 
міндеттермен сәйкестендірілген. 
И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін студенттердің танымдық 
жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой 
жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының 
басшылығымен жұмыс істейтін студенттердің танымдық белсенділігі 
әртүрлі. Репродуктивтік әдіс арқылы оқушы "дайын" білімдерді есінде 
сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсен ділігі төмен 
болады. 
Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, студент 
білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш 
мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, 
эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді. 
Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін 
топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен тұратынын атап көрсетті:

ұйымдастыру, 

ынталандыру,

бақылау
М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген. 
Оқыту әдістері: 
а) ақпарат беру әдісі,
ә) түсіндіру әдісі,
б) ынталандыру әдісі,
в) тәжірибелік әдіс. 
Бинарлық әдістер бір-бірімен тығыз байланысты оқыту мен оқудың 
тәсілдерін (хабарлау, міндеттер қою, оқытушының тапсырма беруі
студенттердің тыңдауы, жаттығулар орындауы, есептер шығаруы, 


71 
мәтінді оқуы, т.б.) қолдануды талап етеді. Мысалы, оқытушы 
студенттерге фактілер мен ережелерді хабарлайды, заттарды көрсетеді, 
фактілердің мәнін түсіндіреді, оларға сұрақтар қояды. Егер оны 
тәсілдердің арасында түсіндіру тәсілдері, дәлірек айтсақ фактілерді 
талдау, салыстыру, хабарлау, т.б басым болса, онда оқыту әдісін 
түсіндірмелі деп атауға болады.
Егер негізгі тәсіл - ақпараттарды, фактілерді ұсынумен шектелсе, 
(мысалы: студенттерге ережелерді жаттауды ұсынады, бірақ ереженің 
мәнін түсіндірмей, оны жаттау тәсілін айтады), онда оқыту әдісі 
ақпараттық- хабарлау
, немесе оны жай ғана 
хабарлама
әдісі деп 
атайды. Осыған сәйкес бірінші жағдайда студенттер заттарды бақылап, 
фактілерді есінде сақтайды, оқытушының түсіндіргенін тындайды және 
ой елегінен өткізеді, ақпараттық сұрақтарға жауап іздейді. Бұл жерде оқу 
әдісі 
репродуктивтік,
дәлірек айтсақ жаңа ережені студенттер дайын 
күйінде 
меңгереді 
(студенттер 
фактілерді 
талдап, 
ережелер 
шығармайды). Егер оқыту әдісі хабарлау әдісі болса, оқудың негізгі 
тәсілі жаттау, оқушылардың үлгі бойынша жұмыс істеуі. Мұндай оқу 
әдісін шартты түрде 
орындаушылық
деп атаймыз. 
Сондықтан студенттердің кітаппен жұмысы 
оқу әрекетінің тәсілі
болып табылады. Егерде студент мәтінді талдаса, түсінгенін өз сөзімен 
айтса, онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет