90
Кәсіби саладағы ақпараттық технологиялар. Индустриялы АКТ.
Мамандандырылған
кәсіби
саланың
міндеттерін
шешудегі
бағдарламалық жасақтама. Медицина, энергетика және т.б. кәсіби
салаларындағы қазіргі заманғы АТ-трендтер. Кәсіптік мақсатта іздеу
жүйелері мен электрондық ресурстарды пайдалану. Индустриялық
ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қауіпсіздігі.
«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», деп Елбасы
атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. Соңғы жылдары
ақпараттық-коммуникациялық заман ағымына сай күнделікті сабаққа
компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде. Сондай-ақ педагогтың компьютерлік
сауаттылығы ақпараттық-коммуникативтік технологияны пайдаланудағы
жеке тәжірибесін тұжырымдау есебінен сапалы түрде артады.
Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің
барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізі. Заман
ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай
нәтижелер беруде. Жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану соңғы
уақытта білім беру жүйесінде маңызды бағыттардың бірі болып
табылады. Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық-комму-
никациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану болашақ
маманның өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын
арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын
қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар
даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: