Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет49/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
10.2 Бұлтты технологиялар
Соңғы кезде үрдіс алып отырған жаңа технологиялардың бірі -
Бұлттық технология. Ағылшынша “Cloud technology” немесе “Cloud 
computing” (Cloud – бұлт; technology - технология; computing - есептеу-
лер) “бұлт/бұлттық есептеулер” немесе “бұлт/бұлттық технология
қызметтер” деп те атайды. Бұлттық есептеулерді қарапайым сөзбен 
былай түсіндіруге болады: тұтынушы өз компьютерінде белгілі бір 
бағдарламаны іске қосқанда негізгі есептеулер мен ондағы дереккөздер 
интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақталады да, ал 
жұмыс нәтижесі жаңағы тұтынушының компьютерінде стандартты веб-
браузердің терезесіне шығарылып көрсетіледі 
Сloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бұлттар» 
деп атайды. Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі 
бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы - тұтынушы өз 
компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде 
берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. 
Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық 
мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық 
жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш 
кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.
«Есептегіш бұлттар» мақсатына қарай мынадай төрт түрге 
бөлінеді:

Жеке бұлттар
 
(private cloud) - жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, 
сондағы жеке тұлғалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне 


107 
арналған инфраструктура. Жеке бұлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі 
серверлерде орналатылуы мүмкін. Немесе сыртқы тұлғаларда - ірі 
провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орналасып, VPN-
каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.

Ортақ бұлттар
 
(public cloud) - көпшілікке арналған, олардың 
интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфраструктура. Интернет 
желісіндегі Google, Yahoo т.с.с электрондық пошта жүйелері, Facebook, 
Twitter сияқты әлеуметтік желілерді Ортақ бұлттардың мысалы ретінде 
қарауға болады.

Қоғамдық бұлттар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет