Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет44/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз? 
2.
Автоматтандырылған жүйенің ақпаратық қауіпсіздігіне қауіп 
дегеніміз 
3.
Қауіп көзіне тәуелді калай бөледі? 
4.
Қауіп көзінің орналасуына байланысты қалай бөлінеді? 
5.
Қауіптердің негізгі жіктелуі? 
6.
Аутентификацияның парольдік жүйелерінің ерекшеліктері? 
7.
Киберқауіпсіздік және Интернетпен басқарудың мүмкіндіктері? 
8.
Ақпаратты қорғау құралдары мен шаралары? 
9.
Қауіпсіздік саясаты қандай элементтерден тұрады? 
10.
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздік саласындағы 
реттеуші құқықтық қатынастар заңнамасы? 
 
ТАҚЫРЫП 9. Интернет технологиялар 
 
9.1 Интернеттің негізгі түсінігі 
9.2
 
 URI, оның тағайындалуы және құрамдас бөліктері 
9.3
 
 Web-технологиялар 
9.4
 
 Хаттамалар: SMTP, РОРЗ, IMAP
Бақылау сұрақтары 
 
9.1 Интернеттің негізгі түсінігі 
Интернет біріктірілген желілер жүйесі, яғни желілердің желісі деген 
ұғымды білдіреді. Соңғы кездері оны 
Дүниежүзілік компьютерлік желі 
деп атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда Интернет бір-бірімен 
байланыс арналарымен біріктірілген бірнеше миллион компьютерлердің 
жиыны деп қарастыруға болады. Бірақ мұнан гөрі Интернетті белгілі бір 
информациялық кеңістік деп айтқан дұрысырақ болады. 
Интернеттің теориялық негіздері 
Компьютер арқылы мәлімет тасымалдау тәжірибелері 1950 жылдары 
басталып, ол әуелгі кезде лабораториялық эксперимент түрінде қарасты-
рылған еді. Содан он шақты жылдар өткен соң, АҚШ қорғаныс 
министрлігінің Перспективалық Жұмыстар агенттігі (DARPA – Defense 


96 
Advanced Research Project Agency) қаржысына мемлекеттік деңгейдегі 
алғашқы компьютерлік желі жасалып шықты. Агенттіктің атына 
байланысты ол 
ARPANET 
деп аталды. 
ARPANET 
желісі 1969 жылы 
жұмыс істей бастады. Осы желі жаңа компьютерлер тораптарының 
(түйіндерінің) қосылуына қарай кеңейтіліп, 80 жылдарда ірілендірілген 
тораптар негізінде аймақтық желілер жасалып, ARPANET жүйесі жалпы 
архитектурасының төменгі деңгейлері іске қосыла бастады. Интернеттің 
нақты дүниеге келуі 1983 жыл болып саналады. Дүниежүзілік желі 
негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланып келе жатқан 
TCP/IP 
байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі Интернеттің бастау 
алған күні болып табылады. 
Интернетте жұмыс істеу үшін: 

компьютерді Дүниежүзілік желінің бір торабына физикалық түрде 
қосу керек; 

тұрақты немесе уақытша негізде IP-адрес алу керек; 

өзіңіз жұмыс істейтін Интернет қызмет түрлерінің клиенттік 
бағдарламаларын орнатып, олардың параметрлерін де тағайындап қою 
қажет. 
Модемді орнату.
Компьютерге қосылу тәсіліне байланысты 
сыртқы 
және 
ішкі 
модемдер болады. Сыртқы модемдер жүйелік блоктың сыртқы 
қабырғасындағы 
тізбекті портқа 
жалғанады. Ішкі модемдер компью-
тердегі аналық тақшаның бір тарақшасына қосылып тұрады. 
Провайдер компьютеріне қосылу
. Кез келген адамға Интернетте 
қызмет көрсету істерін жүзеге асыратын, яғни онымен тікелей қатынас 
құру жұмыстарын атқаратын заңды тұлғаны (мекеме немесе жеке тұлға) 
провайдер - provider 
деп атайды. Интернетте жұмыс істеу үшін алдымен 
провайдер компьютеріне қосылу керек. Ол үшін 
Желімен алыстан 
қатынасу 
бағдарламасының 
параметрлерін 
алдын 
ала 
Менің 
компьютерім - Желімен алыстан қатынасу - Жаңадан байланысу 
коман-
далары арқылы тағайындап алу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет