Ақпараттық логистика



бет2/3
Дата08.12.2022
өлшемі100,74 Kb.
#56004
1   2   3
Байланысты:
Ақпараттық логистика

Ақпараттық жүйе


Ақпараттық жүйелер екі кіші жүйеден тұрады: функционалдық және қамтушылық.
Функционалдық кіші жүйе мақсаттың бірлігінің белгісі бойынша топтастырылған шешілетін міндеттер жиынтығынан тұрады.
Қамтушылық кіші жүйе келесі элементтерден тұрады:
техникалық қамтамасыз ету, яғни ақпараттық ағымдардың өңделуі мен берілуін қамьамасыз ететін техникалық құралдар жиынтығы;
ақпараттық қамтамасыз ету, ол әр түрлі анықтамаларды, топтастырғыштарды, мәліметтерді, формалды түрде жазудың құралдарын қамтиды;
математикалық қамтамасыз ету, яғни функционалдық міндеттерді шешу әдістердің жиынтығы.
Сонымен, ақпараттық жүйе – бұл функционалдық міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін өзара байланысты есептеу техника құралдарының, әртүрлі анықтамалардың және программалау құралдарының белгілі бір түрде ұйымдастырылған жиынтығы.

1. жоспарлы ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшіліктік деңгейінде құрылады және стратегиялық сипаты бар ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Олар шешетін міндеттерге жататындар:

  • 1. жоспарлы ақпараттық жүйелер басқарудың әкімшіліктік деңгейінде құрылады және стратегиялық сипаты бар ұзақ мерзімді шешімдерді қабылдау үшін қолданылады. Олар шешетін міндеттерге жататындар:
  • - логистикалық тізбектің звеноларны құру және оптималды ету;
  • - шартты-тұрақты және аз өзгеретін мәліметтерді басқару;
  • - өндірісті жоспарлау;
  • - резервтерді басқару және т.б. міндеттер.
  • 2. Диспозитивтік ақпараттық жүйелер қойма немесе цехты басқару деңгейінде құрылады және логистикалық жүйелердің жақсы жұмысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Мұнда келесі міндеттер шешілуі мүмкін:
  • -қорларды бөлшекті басқару (қоймалау орындарын басқару);
  • - ішкі қоймалық (ішкі зауыттық) транспортты басқару;
  • - тапсырыстар бойынша жүктерді таңдап алу, оларды комплекттеу, есепке алу және т.б.

3. атқарушылық ақпараттық жүйелер әкімшіліктік немесе оперативтік басқару деңгейінде құрылады. Бұл жүйелердегі ақпаратты өңдеу оның ЭЕМ түсу жылдамдығымен анықталатын қарқынмен жүргізіледі. Бұл жүйелермен материалдық ағымдарды бақылаумен, өндіріске қызметкөрсетуді оперативтік басқарумен, қозғалысты басқарумен байланысты әртүрлі міндеттер шешіледі.

  • 3. атқарушылық ақпараттық жүйелер әкімшіліктік немесе оперативтік басқару деңгейінде құрылады. Бұл жүйелердегі ақпаратты өңдеу оның ЭЕМ түсу жылдамдығымен анықталатын қарқынмен жүргізіледі. Бұл жүйелермен материалдық ағымдарды бақылаумен, өндіріске қызметкөрсетуді оперативтік басқарумен, қозғалысты басқарумен байланысты әртүрлі міндеттер шешіледі.
  • Жүйелік тәсіл көзқарасынан логистика процестерінде үш деңгейді бөледі:
  • 1-деңгей – материалдық ағыммен логистикалық операция іске асырылатын жұмыс орны, яғни мұнда жүк бірлігі, бөлшек немесе материалдық ағымның басқа элементі қозғалады, түсіріледі, оралады.
  • 2-деңгей – жүктерді тасымалдау процестері жүретін және жұмыс орындары орналасатын учаске, цех, қойма.
  • 3-деңгей – басы ретінде жеткізіп берушімен шикізатты жөнелту мезгілін қабылдауға болатын оқиғалар тізбегін қамтитын тасымалдау және қозғалысын ұйымдастыру жүйесі. Бұл тізбек дайын өнімдер ақырғы тұтынуға түскен кезде аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет