Ақпараттық жүйеде ақпараттың автоматтандырылған өңдеу іске асырылатын болса, онда техникалық жабдықтауға ЭЕМ-сы және оны байланыстыру құралдары кіреді.
өзгермелі логистикалық жүйені тиімді басқару үшін оған кіретін және одан шығатын материалдық ағымдар, ішіндегі материалдық ағымдар туралы ақпарат алып отыру қажет. Бұл мәселе логистикалық операуцияларды жеке жүк бірлігін идентификациялайтын микропроцессорлық техника көмегімен шешіледі, яғни мұндай құрал-жабдық әр түрлі штрих-кодтарды оқи алады (сканирует).
Кодтардың әрқайсысының технологиялық артықшылықтары бар. Мысалы төрт бұорышты ITF коды басқа кодтардан жеңіл басылады, демек оны тегіс емес орамада қолдануға болады. Ол тауарлық партияларды кодтау үшін қолданылады.
Шектеулі жерде ақпараттың үлкен көлемін кодтау үшін «5-тен 2 кезектесуімен» коды қолданылуы мүмкін.
Логистикада басқа кодтар қосымша 128 коды қолданылады. Бұл кодпен партияның нөмірі, өндіру мерзімі, сату мерзімі және т.б. көрсетіледі.
Ақпараттық жүйелер өзара бірыңғай ақпараттық жүйеге интеграцияланады. Интеграцияның вертикалдік және горизанталдік түрі болады.
Вертикалдік интеграция деп вертикалдік ақпараттық ағинтеграция деп вертикалдік ақпараттық ағымдар арқылы жоспарлы, диспозитивтік және атқарушылық жүйелер арасындағы байланысты айтады. (сур.1)
Горизонталдік интеграция деп горизонталдік ақпараттық ағымдар арқылы диспозитивтік және атқарушылық жүйелердегі міндеттердің жеке жиынтықтары арасындағы байланыс саналады.
Интеграцияланған ақпараттық жүйелердің артықшылықтары:
ақпаратпен алмасу жылдамдығы өседі;
есепке алудағы қателіктер сваны азаяды;
өндірістік емес, «қағаз» жұмысының көлемі азаяды;
бұрын жеке болған ақпараттық блоктар біріктіріледі.