Ақпараттық ағым – бұл логистикалық операцияларды басқару және бақылау үшін қажетті болатын логистикалық жүйеде, логистикалық жүйемен сыртқы орта арасындағы айналатын хабарлар жиынтығы. Ақпараттық ағым қағаз және электрондық құжаттар түрінде болады. Логистикада ақпарттық ағымдардың келесі түрлері болады: ағыммен байланыстырылып жатқан жүйелердің түріне байланысты: горизанталдік және вертикалдік; өту орнына байланысты: сыртқы және ішкі; логистикалық жүйеге қатысты бағытына байланысты: кіріс және шығыс.
Ақпараттық ағым материалдық ағымның алдында оған қарсы, сонымен қатар, соңынан жүруі мүмкін
қарсы бағытта жүретін ақпараттық ағым тапсырыс туралы мәліметтерді қамтиды;
беру жылдамдығын қабылдау жылдамдығына дейін шектету;
ағымның көлемін жеке учаскенің өткізу қабілетінің шамасына дейін шектету.
Ақпараттық ағым уақыт бірлігінде өңделетін немесе берілетін ақпараттың санымен өлшенеді (бит, байт,килобайт, мегабайт). Шаруашылық практикада өңделетін немесе берілетін құжаттардың санымен өлшенеді.