Логистика және транспорттық логистика ұғымдары туралы теориялық негіз



бет1/2
Дата19.09.2023
өлшемі0,72 Mb.
#108490
  1   2
Байланысты:
Логистика ұғымы туралы жалпы түсінік


  1. Логистика және транспорттық логистика ұғымдары туралы теориялық негіз

    1. Логистика ұғымы туралы жалпы түсінік

Логистика – материалдық және ақпараттық ағымдардың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейінгі кеңістіктегі және уақыттағы қозғалысын жоспарлау, ұйымдастыру, басқару, бақылау және реттеу жөніндегі ғылым.


Соңғы жылдарда бір қатар елдердің тауарлық айналымының саласында маңызөды өзгерістер пайда болды. Шаруашылық практикада тауарларды жеткізудің жаңа әдістері мен технологиялары қолданыла бастады.
Логистика гректің «logistike» сөзінен шыққан. Ол есептеу, дұрыс ойлау деген мағынаны білдіреді. Практикалық логистиканың пайда болуы мен дамуының тарихының тамырлары терең. Гамбург университетінің профессоры Г. Павеллек Рим империясының дәуірінде тамақ өнімдерін таратумен айналысатын «логист» немесе «логистик» атағына ие болған қызметкерлердің болғанын атап айтады. Біздің жыл санауымыздың бірінші мыңжылдығында бір қатар елдердің әскери сөздігінде логистикамен қарулы күштердің материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі іс-әрекетін байланыстыратын.
Бір қатар батыс ғалымдарының пікірі бойынша, логистика әскери істің арқасында ғылымға айналған. Логистика жөніндегі бірінші ғылыми еңбектердің авторы деп ХІХ ғ. бсындағы француз әскери маманы Джоминиді санау қалыптасқан. Ол логистиканы «әскерлерді қолайлы орын алу мақсатын көздеп орын ауыстырудың (маневрлеудің) практикалық шеберлігі» деп анықтаған.
Логистиканың кейбір ережелерін Наполеон әскері де қолданған деп саналады. Бірақ әскери ғылым ретінде логистика тек ХІХ ғ. отасында қалыптасты.
Белсенді түрде логистика екінші әлем соғысының кезінде, ең алдымен АҚШ әскерін материалдық-техникалық жабдықтауда қлданыла бастады. әскери өнеркәсіптің, тылдағы және майдандағы жабдықтау базалары мен көліктің дәл өзөара әрекеттесуі американдық әскерді қару-жарақпен, жанар-жағар маймен және азық-түлікпен қажетті көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Осы себептен көптеген батыс елдерінде логистиканы экономикадағы материалдық ағымдарды басқару тиімділігінің қызметіне қойған. Қолданбалы математиканың басқа да әдістері сияқты логистика біртіндеп әскери саладан шаруашылық практика саласына ауыса бастады. Бастапқыда ол айналым саласындағы, содан соң өндіріс саласындағы тауарлық-материалдық ресурстардың қозғалысын басқаруды іске асыру теориясының жаңа түрі ретінде қалыптасты.
Сонымен,нарықтық экономикасы бар елдерде 30- жылдардың кезінде пайда болған материалдармен және шикізатпен қамтамасыз ету, өнім өндіру, оны сақтау және тарату қызметтерін байланастыратын жабдықтау - өндіру – тарату жүелерін үйлестіру ойлары ғылыми зерттеулердің жеке бағыттары мен шаруашылық практика формасына, яғни логистикаға ауыстырылды.
Кәсіпкерлік іс-әрекетте, экономикалық және ғылыми әдебиеттерде шетелдік мамандар логистиканы анықтауда екі ережелі бағытты бөледі:
1. тауар қозғалысының функционалдық тәсілі, яғни тауарларды жабдықтаушыдан тұтынушыға жеткізу кезінде орындалуы тиісті барлық физикалық операцияларды басқару;
2. тауар қозғаласының операцияларын басқарудан тыс жабдықтаушы мен тұтынушылар нарықтарын талдауды, нарықтағы сұраныс пен ұсынысты реттеуді қамтып, тауар қозғалысына қатысушылардың мүдделерін үйлестіруді іске асырады.
Осы бағыттарға байланысты логистиканың көптегени анықтамалары бар. Оларды қорытындылай отырып, логистиканы тауар қозғалысымен және оған жататын ақпарат ағымымен байланысты минималды шығындармен материалдық ағымдарды бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін басқару ғылымы деп анықтауға болады.
Қазіргі кезде батыс мамандары логистиканың бірнеше түрлерін бөледі:

  • өндірісті материалдармен қамтамасыз ету логистикасы, яғни сатып алушылық логистика;

  • өндірістік логистика;

  • өткізу немесе маркетингтік, таратушылық логистика;

  • көлік логистикасы;

  • ақпараттық логистика және т.б.

Логистиканың бұл түрлерін логистиканың функционалдық салалары деп атаған дұрыс.
Логистиканың аталған салаларының арасында өзара байланыс бар. Логистикалық жүйеде, яғни жабдықтаушыдан тұтынушыға дейін тауарлық және ақпараттық ағымдар өтетін жүйеде келесі негізгі бөлімдерді бөледі:

  • материалдарды, шикізатты және жартылай фабрикаттарды жеткізу;

  • өнім мен шикізатты сақтау;

  • тауарлар өндірісі;

  • тауарларды тарату;

  • дайын өнімді тұтыну.

Логистикалық жүйенің әрбір бөлімі логистиканың материалдық негізін құрайтын элементтерді қамтиды. Логистиканың материалдық элементтеріне көлік құралдары, қойма шаруашылығы, байланыс және басқару құралдары жатады, сонымен қатар кадрлар жатады.
Әртүрлі операцияларды жоспарлау және логистикалық жүйе элементтерінің деңгейлерін талдау мүмкіндігі оның макро- және микрологистикаға бөлінуін ұйғарады. Макрологистика  жабдықтаушылар мен тұтынушылар нарығын талдаумен, таратудың ортақ концепциясын өңдеумен, қоймаларды орналастырумен, көлік түрін таңдаумен, көліктік процесті ұйымдастырумен, материалдық ағымдардың тиімді бағыттарын таңдаумен байланысты мәселелерді шешеді. Микрологистика логистиканың жеке бөлімдері мен элементтерінің шеңберіндегі локалды мәселелерді шешеді. (мысалы өндіріс ішіндегі логистика). Микрологистика өнеркәсіптік кәсіпорындардың ішінде тауарлар қозғалысының процестерін жоспарлау, дайындау, іске асыру және бақылау жөніндегі операцияларды қамтамасыз етеді.
Логистиканың қызметтері.
Логистиканың дамуының факторлары:
1. Нарықтық іс-әрекетті оптимизациялаудың жаңа формаларын іздестіру және осы саладағы шығындарды қысқарту,
2. Нарықтық қатынастар жүйесінің күрделенуі және тарату процесінің сапалы сипаттамаларына деген талаптардың өсуі
3. Икемді өндірістік жүйелерді құру
4. Сатушы нарығынан сатып алушы нарығына ауысу.
Сонымен қатар логистиканың дамуына мүмкіндік жасауға себеп тудырған факторлар:
1. экономикалық міндеттерді шешу үшін жүйелер мен компромистер теориясын қолдану. Жүйелер теориясына сәйкес тауар қозғалысының мәселесі кешенді болып қарастырыла бастады. Ал логистика шеңберіндегі өзара қатынастарды реттеу компромистер теориясының арқасында мүмкін болды (мысалы, жүктерді ұсақ партиялармен тасымалдауға өтумен байланысты көліктің өсуші шығындары клиенттер көліктен тыс тиімділік алуға үміттеніп келісетін тарифтерді көтеру арқылы өтеледі ).
2. байланыс және информатика құралдарындағы ғылыми-техникалық прогрестің жеделдетілуі («қағазсыз» технология, компъютерлік логистика).
3. Сыртқы экономикалық іс-әрекетте тауарларды жеткізу ережелері мен мөлшерлерін бір ыңғайға келтіру, әртүрлі импорттық және экспорттық шектеулерді жою. (ұлттық стандарттардың айырмашылықтары, үлкен ара-қашықтық, кедендік кедергілер).
Логистика - клиенттердің немесе корпорациялардың талаптарын қанағаттандыру үшін бастапқы нүкте мен жеткізу нүктелелерінің арасындағы ресурстар ағымын басқаруды білдіреді. Логистика ұғымы ақпарат, тасымалдау, мүліктеу, қоймалау, қаптамалау және қауіпсіздік сияқты құраушылардың бірлесуін қамтиды.
Логистика көптеген кәсіпорындардың негізгі функцияларының бірі болып табылады. Логистиканың негізгі көздейтін мақсаттарын жұмыс өнімділігіне және өзіндік құнға байланысты деп шартты түрде бөлуге болады. Оларға жататындар: қысқа жеткізу мерзімі, мүліктің төмен деңгейде ұсталуы және өндірістік қуаттарды жоғарғы деңгейде пайдалану.
Логистиканы келесідей салаларға бөлуге болады:
· Қамтамыз ету логистикасы
· Өндірістік логистика
· Тарату логистикасы
· Сатудан кейінгі (after sales) логистика
· Шығарып тастау (disposal) логистикасы
Қамтамыз ету логистикасы нарықты зерттеу, қажеттіліктерді жоспарлау, жасау немесе сатып алу шешімдері, тапсырыс беру және тапсырысту бақылау сияқты әрекеттерден тұрады.
Өндірістік логистика қамтамасыз ету мен тарату логистикасын біріктіреді.
Тарату логистикасы негізгі мақсаты ретінде дайын өнімдерді клиентке жеткізу болып саналады. Бұл өз кезегінде тапсырысты өңдеу, қоймалау және тасымалдаудан тұрады. Тарату логистикасының қажеті мол, өйткені өндірудің уақыты, орны және көлемі тұтыну уақыты, орны және көлемінен өзгеше.
Шығарып тастау (disposal) логистикасының негізгі функциясы болып бизнес үрдістері кезіндегі пайда болған қоқыс-қалдықтарды шығарып тастауға байланысты логистика құнын азайту, қызмет түрдерін көбейту болып есептеледі.
“logistike” – грек сөзі, есептеу, пікір айту шеберлігі деген мағына береді. Логистика - материал ағымдарын басқару шеберлігі мен ғылымы.
Логистика дегеніміз – материалдық және сонымен байланысты ақпараттық, қаржы ағымдарын тиімді басқарудың ғылыми-тәжірибелік тәсілі.
Қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.)қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.
Халық шаруашылығында логистика дегеніміз – жалпы ел экономикасындағы материалдарды өткізу немесе тасымалдауды зерттеумен және соған байланысты ақпараттар ағымдарын жетілдіру арқылы қаржы шығындары мен адам күштерін үнемдеуді қамтамасыз ету туралы ғылым.
Кәсіпкерлікте логистика дегеніміз – барлық іс-қимылдарды бақылау, яғни керекті материалдарды іздестіру, сатып алу, оны тасымалдау және тиімді пайдалану немесе тұтынушыларға ұтымды өткізу.
Логистикадағы негізгі ұғым – материал ағыны болып табылады. Материалдық ағын - қоғамдық өндірістің барлық кезеңдерінде (қамтамасыз ету, өндіріс, өткізу, т.б.) шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар, құрауыштар, дайын өнім, энергия жататын заттай нысандардың экономикалық салада (өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, т.б.) қозғалатын және/немесе қайта қалыптасатын логистикалық категория.
Логистиканың дамуының алғышарттары. Қазіргі экономикада логистиканы кеңінен қолдану мүмкіншілігі неге қажет болғанын қарастырайық.
Логистиканы қолдану қажеттілігі бірқатар себептермен түсіндіріледі, соның ішінде 3 негізгі себеп:
1-себеп, сатушы нарығынан тұтынушы нарығына ауысумен байланысты бәсекелестің дамуы.
Логистиканың даму кезеңдері. Қазіргі экономикада логистиканы жетілдірудің 3 кезеңін ажыратады:
1-кезең - 60-жылдар, айналыс саласында материалдық ағымдарды басқаруға арналған логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Бұл кезеңде екі негізгі жағдай орын алды:
1. Өндірістегі, сақтаудағы және тасымалдаудағы жеке материалдық ағымдар басқарудың бірыңғай жүйесімен өзара байланысты бола алды.
2. Материалдарды қолмен таратудың кейбір функцияларын біріктіру мәнді экономикалық эффект бере алды.
Логистиканың дамуының 1-ші кезеңінде көлік пен қойма өзара тығыз байланысқа түсе бастады.
1.2 Логистикалық функция – логистикалық жүйенің мақсатын жүзеге асыруға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы
Экономикада материалдық ағымдарды басқару процесінде әртүрлі тапсырмаларды шешіледі. Бұлар – сұраныс пен өндірісті, тасымал көлемін болжау; материалдық ағындардың тиімді көлемдері мен бағыттарын анықтау; жүктерді жинауды, орауды, тасымалдауды ұйымдастыру және т.б. тапсырмалары.
Материалдық ағымдар қандай бір өнімді өндіретін, қандай да бір қызметтер көрсететін немесе қандай да бір қызметтерді пайдаланатын әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі нәтижесінде пайда болады.
Материалдық ағымдарды басқаруда басты роль атқаратын кәсіпорындар:
- жалпы қолданыстағы көліктік кәсіпорындар, әртүрлі экспедициялық фирмалар;
- көптеп сату кәсіпорындары;
- коммерциялық-делдал ұйымдар;
- дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайтын өндіруші кәсіпорындар.
Осы кәсіпорындар мен ұйымдардың күшімен материалдық ағымдар қалыптасады, тауар қозғалысының процесі жүзеге асырылады және бақыланады. Логистикалық процестің әр қатысушысы қандай да бір логистикалық функцияның тобын жүзеге асыруға мамандандырылады.
Логистикалық функция – логистикалық жүйенің мақсатын жүзеге асыруға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы.
Материалдық ағымдарды басқарудың логистикалық тәсілінің мәні қажетті тауарды қажетті уақытта жылдам және үнемді жеткізетін логистикалық процестің жеке қатысушыларын бір жүйеге біріктіру болып табылады. Күрделілігі - бірыңғай жүйе шегінде әртүрлі меншік иелерін, яғни экономикалық көзқарастары әртүрлі субъектілерді біріктіру. Материалдық ағымды логистикалық тиімділеу тауар қозғалысына кететін жиынтық шығындарды әртүрлі іс-шараларды жүзеге асыру есебі нәтижесінде төмендетуге мүмкіндік береді.
Мысал ретінде қанттың шығарушы зауыттан дүкендерге дейін жету қозғалысының принциптік сұлбасын қарастырайық. Қалыпты жағдайда қант 50 кг қапқа салынады. Логистика тұрғысынан тиімделмеген материалдық ағымда қант дүкендер қапқа салынған күйінде жеткізіледі. Қантты бөлшек сауда жүйесіне жеткізу процесін логистикалық тиімділеу логистикалық жүйенің барлық қатысушылары арасында жалпы нәтиже алатын әріптестік қатынас орнатуды болжайды.
Логистиканың өзектілігі және оны зерттеуге деген қызығушылықтың артуы логистикалық әдісті қолдануды ашатын материал өткізуші жүйелердің тиімді қызмет етуін жоғарылататын потенциалды мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Логистика шикізат пен жартылай фабрикаттарды сатып алу мен дайын өнімді тұтынушыға жеткізгенге дейінгі уақыт аралығын қысқартуға мүмкіндік береді, материалды қорлардың күрт қысқаруына әсер етеді. Логистиканы қолдану ақпарат алу үрдісін жеделдетіп, қызмет көрсету деңгейін жоғарылатады. Логистикаға деген отандық ғалымдардың, жоғарғы оқу орындарының оқытушыларының, ғылыми-техникалық жұмысшылардың, өнеркәсіп және көлік кәсіпорындарының менеджерлерінің, инженерлер мен бизнесмендердің қызығушылығы тек отандық экономика үшін жаңа және айтуға ыңғайсыз терминмен ғана емес, сондай-ақ өнеркәсібі дамыған елдер экономикасында логистикалық әдісті қолдану арқасында алынған әсерлі нәтижелерімен түсіндіріледі.
Экономикалық механизмнің қызмет етуін қамтамасыз ететін әртүрлі жүйелер бар. Осы жүйелердің ішінен синтездеу, талдау және жетілдіру мақсатында логистикалық жүйелерді ажырату қажет.
Алдымен жалпы «жүйе» ұғымына тоқталайық. Энциклопедиялық сөздік бойынша «жүйе»: «Жүйе (грек сөзінен аударғанда – бөліктерден құралған бүтін; қосылыс) – бір–бірімен өзара қатынаста және бір–бірімен өзара байланыста болып, белгілі бір тұтастықты, бірлікті құрайтын көптеген элементтер».
Жүйе деп есептелуі үшін нысанда төрт қасиет болуы керек.
Бірінші қасиеті тұтастық және бөлінгіштігі. Жүйе бір–бірімен өзара әрекетте болатын элементтердің тұтас жиынтығы. Элементтер тек жүйеде әрекет етеді. Олар жүйеден тыс жүйе құруға әлеуетті қабілеті бар нысандар болып келеді. Жүйенің элементтерінің сапалары әртүрлі, бірақ, бір уақытта бір–біріне сәйкес келеді.
Екінші қасиеті - байланыстар. Жүйенің элементтері арасында осы жүйенің интегративті сапасын анықтайтын байланыстар болады. Байланыстар заттық, ақпараттық, тура, кері және т.с.с. болады. Жүйе ішіндегі элементтер арасындағы байланыс кейбір элементтердің сыртқы ортамен байланысына қарағанда берік болуы керек. Олай болмаған жағдайда жүйе әрекет етпейді.
Үшінші қасиеті - ұйымдастыру. Жүйе пайда болу үшін реттелген байланыстарды, яғни белгілі бір жүйені, жүйені ұйымдастыруды қалыптастыру керек.
Төртінші қасиеті – интегративті қасиеттер. Жүйеде интегративті қасиеттердің болуы, яғни толық жүйеге тиесілі, бірақ жеке оның элементтеріне тән емес қасиеттер.
Бүгінгі нарық талаптарына қарай автокөлік тек қана тасымалдау жүмыстары емес, сонымен қатар соған керекті қосымша іс-шараларды ұйымдастыруды да атқаруына тура келіп отыр. Өйткені жүк тасымалдаушылар тұрақты ірі өндіріс орындары болмағандықтан автокөлік кәсіпорын иелері кәсіпкерлерге, тасымалдауға тапсырыс берушілерге мүмкіндігінше толықтай қызмет көрсетуге ұмтылады. Басты логистикалық тасымалдау жүйесінің мақсаты - жүкті дайындау, сақтау, тиеп-түсіру, тасымалдау және иелеріне тапсыру, яғни басынан аяғына дейінгі қызмет түрлерін толықтай өз мойынына алу болып табылады.
Осындай амалдардың әсерінен тұтынушыларға қызмет етудің барлық саласын қамтиды, ол үшін автокөлік кәсіпорындары жүргізушілер мен қатар маркетингтер, делдалдар, жүктерді жинап сақтау қоймаларын, оған тиеп-түсіруге керекті техникаларды игереді. Осындай іс-қимылдардың арқасында автокөлік кәсіпорындары өздерінің шаруашылығы жанынан тасымалдауға арналған жүктерді жинау, дайындау, орау, тиеп,- түсіру, сақтау сияқты қосымша қызметтері үшінде қаржы табуды жолға қойып отыр. Ал тасымалдау мәселесі бұндай жағдайда өзгеше шешім қабылдауды керек етеді. Себебі кез- келген жүк көлемі немесе салмағы арнаулы автокөлік жіберуде тиімсіз болуы мүмкін. Егер автокөлікке салмағы немесе жүк көлемі толмаса жіберген автоколік шығындары, төленген қаржыдан аз болып зиян әкеледі. Демек тапсырушының берген уақыты арасында жүкті жеткізу үшін басқа жақтан сол бағытқа жүргелі тұрған автокөлікті іздестіріп, сол арқылы жүкті жеткізуді қамтамасыздандыру тиіс. Олай болмаған жағдайда тапсырушы келер жолы келмейтіні анық. Демек, автокөлік кәсіпорындары тек қана тасымалдаушы ғана емес сонымен қатар тапсырушыларға қосымша көмек көрсетуші және жүктерін тасымалдауда делдалдықта қызмет көрсетеді. Кейбір жағдайларды, соның ішінде күнделікті халық тұтынар тауарларды жіберуде, делдалдық жұмыстан коп пайдатабылады. Өйткені арнаулы автокөлік жібермегесін мекемеден шығар шығын және жол үстіндегі қауіп-қатер мәселесінен арыласың, бірақ тасымалдаудан кәрер пайдаң кемиді. Екінші жағынан тасымалдауға тапқан автокөліктің иесіненде көп байланысты. Олай болар себебі Алматы сияқты Республиканың барлық ірі қалаларында сырттан келген жүк автокөліктері тұратын арнаулы орындар бар. Сол жерден керекті бағыттан келген автокәліктер иелері өздері жүкпен келіп, қайтар жолға бос кетпесі үшін қосымша табыс ретінде жүк іздейді. Бірақ олардың тасымалдау бағасы, арнаулы баратын автокөлікпен тасымалдау бағасынан екі-үш есе кем болады. Мысалы Алматы-Астана бағытына тасымалдау бағасы бір куб. метрге шаққанда 6...7 мың теңге болса, ал Астандан-Алматыға жүкпен келіп, кері қайтатын автокөліктер оларды 1.5...2,0 мың теңгеден алып кетеді.
Автокөлік секторының одан әрі дамуы үшін қажет техникалық және ұйымдық іс-шаралар тиісті инвестицияларды талан етеді. Инвестициялар тарту мемлекеттен бастап нақты кәсіпорындармен шаруашылық жүргізуші субьектілерге дейін түрлі деңгейдегі шешімдерді негіздеуге және қабылдауға байланысты болады.
Автокөлік кешеніне инвестиция салу негізінде осы жүйенің нақты кешеніне ұзақ мерзімге қарлсы салып, соның нәтижесінде үстеме қаржыдай табыс немесе басқа да тиімді пайда алу.
Инвестиция салу ерекшілігі бір мезгілде үлкен көлемді қаржыны ұзақ мерзімге салу, ол айналымдағы қаржылар күнделікті, айлық, тоқсандық немесе жылдық болуы мүмкін.
Инвестицияны автокөлік кешеніне салудың бірнеше түрлері бар, олар төмендегідей:
-негізгі қорды немесе айналымдағы қаржыны ұлғайту ол үшін автокөлік кәсіпорынына жер, ғимараттар сатып алу, лсаңа өндірістік ғимараттар тұрғызу немесе жөндеу, құрал-саймандар мен автомобильдер алу;
-қаржыдай инвестиция салу автокөлік кәсіпорынының акцияларын, құнды қағаздарын сатып алу және алғашқы Жарғылық қорға қаржы құю. Негізгі мақсат қаржының үстінен тұрақты түрде үстінен пайызын алу болып табылады;
-материалсыз инвестиция автокөлік кәсіпорынына арнаулы ғылыми-зерттеу жұмыстарының қортындысын беру, мамандар және жүргізушілер дайындау.
Қандай да болмасын инвестиция, оның түрлеріне қарамай барлығының мақсаты автокөлік кәсіпорынының тиімділігін арттыру арқылы қосымша пайда табу болады. Сол себепті, инвестициялық қарлсы салмастан бұрын, нақты кәсіпорындарда алдын-ала инвестициялық лсоба орындалып бағаланады. Осы жобаға сәйкес қаржы салу және оның реті, мезгілі және тиімділігін бағалау амалдарын бекітеді.
Кәсіпорындар өздерінің инвестицнялық жобаларын мемле- кеттің қолдау көрсету дәрежесін ескеру арқылы рыноктық жағдаяттың шарттарыны сүйене отырып әзірлейді. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдік заңдарымен басқарылатын таза рыноктың экономика салаларынан айырмасы, көлік салалары, әсіресе автомобиль жолдары мен темір жолдар анағұрлым үлкен дәрежеде мемлекетке тәуелді және ол дотацилар, жеңілдіктермен салықтар және т.б. түріндегі рыноктық емес реттеуші әсерлерді көздеулері тиіс.
Бұл орайда, инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін аса маңызды қағидат болып қайткенде де күрделі қаржы жұмсалымының пайдалылығы қалуы тиіс. Экономиканың түрлі салаларындағы инвестициялардан түсетін кірістердің орташа деңгейлеріне назар аудара отырып, инфрақұрылымдық саладағы инвестициялық қызметтің өздігінен жоғары пайдалылық деңгейімен байланысты емес екендігін байқауға болады. Демек, осы қызмет сыртқы, ең алдымен мемлекеттің қолдау көрсетуіне ұдайы тәуелді болуы тиіс.
Көлік саласындағы мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру біршама күрделі және ол кешенді талдау мен әрбір инвестициялық іс-шараның сарабынан негізделетін жалпыға танылған халықаралық тәсілдерді ескеруі тиіс. Нақты жобалар мен бағдарламалар түрінде жоспарланған инвестициялар автокөлік сияқты инфрақұрылымдық салаларда, әдетте, мемлекеттік құрылымдар арқылы ынталандырылады және әзірленеді. Соған қарамастан, оларға меншіктің өзге нысандарындағы кәсіпорындардың қатысуы әлемде кеңінен таралған. Инфрақұрылымдық саланың дамуына тікелей мүдделі тұлға ретіндегі мемлекет, жалпы стратегия жасауда, инвестициялық басымдықтарды белгілеуде, қолайлы рай қалыптастыруда және инвестицияларға қолдау көрсетуде басты роль атқарады.
1.3 Логистиканың теориялық концепциялары мен функциялары
Логистика пәні логистиканы материалдық және олармен байланысты ақпараттық ағымдарды басқарудың теориясы мен практикасы ретінде қарастырылады.
Материалдық ағындарды басқару жөнінде негізделген шешімдерді қабылдау үшін белгілі білімдер қажет. Осы білімдерді өңдеу жөніндегі іс-әрекетті логистикаға жатқызады. Осыған сәйкес логистиканың екі түрлі анықтамасы бар:
1. Ғылым ретінде логистика  - материалдық ағындардың тиімділігін арттырудың жаңа мүмкіндіктерін іздеумен байланысты пәнаралық ғылыми бағыт.
2. Шаруашылық іс-әрекет ретінде логистика - өндіріс және айналым салаларындағы материалдық ағындарды басқаруды қамтитын шаруашылық іс-әрекет бағыты.
Логистиканың негізгі объектісі – бастапқы шикізат көзінен бастап ақырғы тұтынушыға дейінгі алмаспайтын (тура) материалдық поток.
Логистикалық процесс барысында материалдық поток кәсіпорынға жеткізіледі, содан соң қоймалық және өндірістік учаскілер жүйесі арқылы оның тиімді қозғалысы ұйымдастырылады, содан кейін дайын өнім тұтынушыға оның тапсырысы бойынша жеткізіледі.
Түрлі сапалы материалдық ағындарды басқару жөніндегі іс-әрекеттің аталған түрлері логистиканың мазмұнын құрайды.
Логистиканың дамуының келесі себептері бар:
1. сатушы нарығының сатып алушы нарығына өтумен байланысты бәсекенің дамуы;
2. 70-жылдардағы энергетикалық кризис;
3. ҒТП және басқаруды компъютерлендіру.
Логистиканың дамуының бірнеше кезеңдері бар:
1-кезең, ол айналым саласындағы материалдық ағындарды басқару үшін логистикалық тәсілді қолданумен сипатталады. Осы кезеңде екі басты ережені түсіну пайда бола бастады:
А) өндірісте, сақтауда, тасымалдаудағы материалдардың жеке ағындары басқарудың бірыңғай» жүйесі арқылы өзара байланыстырылуы мүмкін;
Б) материалдарды физикалық таратудың жеке функцияларының интеграциясы маңызды экономикалық үнемдеу бере алады.
2-кезең (80-жж). Осы мерзімде логистиканың интеграциялық негізі кеңейіп, өндірістік процесті қамти бастады, яғни мұнда қоймалау мен тасымалдаудың өзара әрекеттесуіне өндірісті жоспарлау қосылабастайды. Бұл қорларды қысқартуға, сатып алушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, құрал-жабдықтың пайдаланылуын жақсартуға мүмкіндік береді.
3-кезең қазіргі уақытқа жатады және бүкіл әлемдік экономикадағы нарықтық процестерді ұйымдастыру жәнеи басқарудағы өзгерістермен сипатталады. Яғни қазіргі коммуникациялық технологиялар өнім қозғалысының барлық фазаларының мониторингін іске асыруға көмектеседі, логистика саласында қызмет көрсетумен айналысатын салалар дамуда, материал өткізуші субъектілерінің жинағы тұтас сипатты бола бастайды.
1-кезең – дайын өнім қоймасы  транспорт
2-кезең - өндірістік цех  дайын өнім қоймасы  транспорт
3-кезең – шикізат қоймасы цех  дайын өнім қоймасы транспорт.
Логистиканы зерттеу және қолдану логистикалық тәсілдің негізгі идеясын түсінуге негізделеді. Шаруашылық іс-әрекетті материалдық ағындардың басқарылуын тиімді ету арқылы жетілдіруге көзқарастар жүйесі логистиканың концепциясы болып табылады. Оның келесі негізгі ережелері бар:
1. жүйелік тәсіл принципін іске асыру. Экономикадағы материалдық ағындар көптеген қатысушылардың әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасады. Егер қатысушылар өз іс-әрекетін басқарудың бірлескен объектісін, яғни материалдық ағынды тиімді ету мақсатында келістіре алса, олар барлығы бірге маңызды экономикалық ұтысв алады. Максималды үнемдеуді жалпы материалдық ағынды немесе оның жеке маңызды учаскекелерін тиімді ету арқылы алуға болады. Мұнда материал өткізуші жүйенің барлық бөліктері бірыңғай жөнге салынған механизм сияқты жұмыс істеуі қажет.
2. бүкіл логистикалық жүйе бойында логистикалық шығындарды есепке алу. Логистиканың негізгі міндетерінің бірі – материалдық ағынды шикізаттың бастапқы көзінен ақырғы тұтынушыға дейін жеткізу жөніндегі шығындарды басқару. Бірақ шығындарды тек өлшей алған кезде басқаруға болады. Сондықтан логистикалық процестерге қатысушылардың өндіріс және айналым шығындарын ескеру жүйелері логистика функцияларын іске асыру процесінде пайда болатын шығындарды бөлу, ең маңызды шығындар туралы ақпарат құруы қажет. Осы шартты орындау нәтижесінде логистикалық жүйнің оптималді вариантының критерийін – бүкіл логистикалық жүйе бойындағы жалпы шығындар минимумын пайдалану мүмкіндігі пайда болады.
3. технологиялық процестер гуманизациясы, еңбектің қазіргі заманға сай жағдайларын жасау. Логистикалық жүйенің маңызды элементі – кадрлар, яғни өз қызметңн жауапкершілікпен орындауға қабілетті арнайы оқытылған персонал. Бірақ, материалдық ағындарды басқару саласындағы жұмыс беделді емес, сондықтан онда әрдайым кадрлар мәселесі бар. Логистикалық тәсіл материалдық ағындарды басқару саласындағы іс-әрекеттің қоғамдық маңыздылығын күшейте отырып, салаға неғұрлым жоғары еңбектік потенциалы бар кадрларды қатыстыру үшін алғы шарттар жасайды. Осыған сәйкес еңбек жағдайлары да жетілдірілуі қажет.
4. логистикалық сервисті дамыту. Нарықта өз орныңды келесілер арқылы табуға болады:

  • Тауар сапасын арттыру;

  • Жаңа тауар шығару;

  • Логистикалық сервис деңгейін арттыру.

Бірінші екі стратегияны қолдану үлкен күрделі салымдардың қажеттілігімен шектеледі. Үшінші жол айтарлықтай арзан.сондықтан кәсіпкерлердің көпшілігі логистикалық сервисті бәсекелік қабілетті арттыру құралы ретінде қолданады.
5. қоршаған ортаның белгізісдігінің жағдайында логистикалық жүйелердің бейімделу қабілеті. әртүрлі тауарлар мен қызмет көрсетулердің пайда болуы логистикалық жүйелер арқылы өтетін материалдық ағындардың сапалық және сандық сипаттамаларының өзгерулерін ұйғарады. Осы жағдайда логистикалық жүйелердің бейімделі қабілеті нарықта тұрақты орын алудың маңызды факторы болып табылады.
Материалдық ағындар әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады, олар:
- ортақ пайдаланудағы транспорттық кәсіпорындар;
- көтерме сауда кәсіпорындары;
- коммерциялық-делдалдық ұйымдар;
- өндіруші-кәсіпорындар, олардың дайын өнім қоймалары әртүрлі логистикалық операцияларды орындайды.
Осы кәсіпорындар мен ұйымдар күшімен материалдық ағындар құрастырылады, тауар қозғалысының процесі іске асырылады және бақыланады. Аталған логистикалық процеске қатысушылардың әр қайсысы логистикалық функциялардың белгілі біртобын орындауға маманданады. Логистикалық функция – бұл логистикалық жүйенің мақсаттарын орындауға бағытталған логистикалық операциялардың іріленген тобы. Кестеде негізгі логистикалық функциялардың тізімі және олардың логистикалық процесс мүшелері арасындағы бөлінуі көрсетілген.



    1. Транспорттық логистика – логистиканың ең маңызды бөлімі

Траспорт – адамдар мен жүктердің тасымалдануын іске асыратын материалдық өндіріс саласы. Қоғамдық өндіріс саласында транспорт материалдық қызмет көрсетулер саласына жатады.
Транспорттық операцияларды орындауға кететін шығындардың жалпы логистикалық шығындар ішіндегі үлесі 50% құрайды. Арналуы бойынша транспорттың екі негізгі торабын бөледі:
1. Ортақ пайдалану транспорты – жүктер мен адамдарды тасымалдаудағы халық шаруашылығының барлық салаларының және халықтық қажеттілігін қанағаттандыратын халық шаруашылық саласы. Ортақ пайдалану транспорты айналым саласы мен халыққа қызмет көрсетеді. Оны жиі жағдайда магистралдық деп атайды. Ортақ пайдалану транспаоты темір жол, су, автокөлік, әуе және құбыр транспортын қамтиды.
2. Ортақ емес пайдалану транспорты – бұл ішкі өндірістік транспорт және транспорттық емеса кәсіпорындардың меншігіндегі бүкіл түрлі транспорттық құралдар. Ол белгіолі бір өндірістік жүйелердің құрама бөлігі болып табылады, демек оның жұмысын ұйымдастыру кәсіпорында логистиканы ұйымдастырудың міндеттерінің бірі болып табылады.
Транспорттық логистиканың міндеттері:
- транспорттық жүйелерді, оның ішінде транспорттық коридорлар мен транспорттық тізбектерді құру; (транспорттық коридор – жеке географиялық аймақтар арасында жүктің тасымалдануын қамтамасыз ететін ұлттық және халықаралық транспорттық жүйенің бөлігі; транспорттық тізбек – белгілі бір қашықтықа жүк тасымалдау кезеңдері);
- әртүрлі транспорттағы транспорттық процестерді бірлесіп жоспарлау;
- транспорттық-қоймалық процйестің технологиялық бірлігін қамтамасыз ету;
- транспорттық процесті қоймалық және өн,дірістік процеспен біріктіріп жоспарлау;
- транспорттық құрал түрін таңдау;
- транспорттық құрал типін таңдау;
- жеткізіп берудің ұтымды маршруттарын анықтау.
Транспорт түрін таңдаудың негізгі транспорт түрлеріне тән сипаттамалар туралы ақпарат.
1. Автокөлік. Негізгі артықшылығы – жоғары жылдамдығы. Автокөліктің көмегімен жүк қауырттылықтың қажеттті деңгейімен «есіктен есікке дейін» жеткізіле алады. Транспорттың бұл түрі жеткізіп берудің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда басқа транспорт түрлерімен салыстырғанда, тауардың орамасына қой ылатын талаптар онша қатаң емес. Автокөліктің негізгі кемшілігі – тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі жоғары өзіндік құны, себебі тасымалдау құны автокөліктің максималды жүк көтерімділігі бойынша алынады. Басқа кемшіліктеріне жүкті түсірудің қауіртілігі, жүкті және автокөлікті ұрлау мүмкіндігі, төмен жүк көтерімділігі жатады.
2. Темір жол таранспорты. Кез келген табығи жағдайларда жүктердің әртүрлі партияларын тасымалдауға жарайды. Ол жүкті үлкен қашықтыққа жеткізіп бері мүмкіндігі мен тасымалдаулардың жүйелілігін қамтамасыз етеді. Мұнда жүкті тиеу – түсіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға болады. Сонымен бірге темір жол таранспортының маңыызды артықшылығы – жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы түрдегі өзіндік құны жоғары емес.
3. Теңіз транспорты. Халықаралық тасымалдаулардағы ірі тасымалдаушы болып табылады. Оның негізгі артықшылықтары – төмен жүк тарифтері және жоғары тасымалдаушфылық қабілеті. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, орамаға қойылатын қатаң талаптар, жөнелтулердің аз жиілігі.
4. Ішкі су транспорты. Мұндағы жүк тарифтері төмен, яғни бұл ең арзан транспорт түрі. Кемшіліктері – төмен жылдамдығы, төмен қол жетерлігі.
5. Әуе транспортының артықшылықтары – жылдамдығы жәнем алыс аймақтарға жеткізу мүмкіндігі. Кемшіліктері – жоғарыф жүк тарифтері, метеожағдайға тәуелділігі.
Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі алты факторды бөледі.
Транспорт түрін таңдауға әсер ететін негізгі факторлар бойынша транспорт түрлерін бағалау

Кесте 1




Транспорт түрін таңдауға әсер
ететін факторлар
транспорт түрі

Жеткізіп беру уақыты

Жүкті жөнелду жиілігі

Жеткізіп беру графигін орындаудың сенімділігі

әртүрлі жүктерді тасымал-дай алу қабілеті

Жүкті территория-ның кез келген жеріне жеткізу қабілеті

Тасы-малдау-дың құны

Темір жол

3

4

3

2

2

3

Су

4

5

4

1

4

1

Авто-көлік

2

2

2

3

1

4

Құбыр

5

1

1

5

5

2

Әуе

1

3

5

4

3

5

Ең маңызды факторларға 1,3,6 фактролар жатады.
Транспорттық ұйымдар көрсететін қызметтер үшін есеп иайырысулар транспорттық тарифтер көмегімен іске асырылады. Тарифтер келесіні қамтиды:
- жүкті тасымалдау үшін алынатын ақылар;
- жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша операциялар үшін жинаулар;
- төлемақылар мен жинауларды есептеу ережелері.
Экономикалық категория ретінде транспорттық тарифтер транспорт өніміне баға формасы болып табылады.
Әртүрлі транспорт түрлеріндегі тарифтер жүйесінің өз ерекшеліктері бар.
1. Темір жол транспортында жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін жалпы, ерекше, жеңілдетілген және жергілікті тарифтер қолданылады.
Жалпы тарифтер – бұл тарифтердің негізгі түрі. Олардың көмегімен жүктердің негізгі бөлігін тасымалдау құны анықталады.
Ерекше деп жалпы тарифтерден арнайы баға қосу немесе кеміту түріндегі ауытқуы бар тарифтер. Олар жоғарлатылған немесе төмендетілген болуы мүмкін және тек нақты жүктерге тарайды. Ерекше тарифтер көмегімен жылдың әртүрлі мерзімдерінде тасымалдау құнын көтеру немесе төмендету арқылы темір жолдардағы тасымалдаулардың біркелкі еместігінің деңгейін төмендетуге болады.
Жеңілдетілген тарифтер белгілі бір мақсаттар үшін және темір жолдың өзі үшін жүктерді тасымалдау кезінде қолданылады.
Жергілікті тарифтерді жеке темір жолдың бастықтары бекітеді. Бұл тарифтер берілген темір жол шеңберінде ғана әрекет етеді.
Тасымалдау ақысынан тыс темір жол жүк алушылар мен жүк жіберушілерден жүктерді тасымалдаумен байланысты қосымша қыфзмет көрсетулер үшін ақы алады. Бұл ақылар жинаулар деп аталады және келесі операцияларды орындау үшін алынады: жүкті сақтау, салмағын өлшеу, тексеру, вагондарды беру немесе алу, дезенсекциялау, жүктерді экспедициялау, тиеу-түсіру жұмыстары және т.б.
Темір жолмен жүктерді тасымалдау кезінде ақының көлемінем әсер ететін факторлар:
 жөнелтудің түрі: вагонмен, контейнермен, аз салмақты (салмағы 25т дейін және көлемі жарты вагонға дейін); ұсақ жөнелту (салмағы 10т дейін, көлемі вагон сыйымдылығының 1/3 дейін);
 жөнелту қашықтығы;
 вагон түрі: универсалды, арнайы, изотермиялық вагондар, цистерна немесе платформа.
 Вагон немесе контейнердің егесі: темір жол, жүк алушы немесе жүк жіберуші;
 Тасымалданатын жүк саны.
2. Автокөлікке жүктерді тасымалдаудың құнын анықтау үшін тарифтердің келесі түрлері қолданылады:
- келісімді тарифтер;
- автотонна-сағат шарттары бойынша тарифтер;
- жүк автокөліктерін мерзімді пайдалану үшін тарифтер;
- километрлік есеп тарифтері;
- келісімді тарифтер.
Тарифтердің көлеміне келесі факторлар әсер етеді:
 тасымалдау қашықтығы;
 жүк салмағы;
 жүктің көлемдік аймағы;
 автокөліктің жүк көтерімділігі;
 жалпы қашықтық;
 автокөлікті пайдалану уақыты;
 автокөлік типі;
 тасымалдау аймағы және т.б.
3. Өзендік транспорттағы тарифтер пароходстволармен нарық конъюктурасын ескере отырып, дербес түрде бекітіледі. Оның негізінде қызмет көрсетулердің өзіндік қүны және заңмен бекітілен рентабельділік деңгейі алынады.
4. Теңіз транспортында тасымалдау ақысы тарифтер бойынша немесе фрахт ставкасы бойынша алынады (фрахт нарығы – кеме қатынасы өнімінің нарығы).
Қазіргі заманғы логистика - адам өмірінің бірден бір маңызды аумағы. Логистика

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет