2.6
16
символды алфавитпен жазылган 348 символды хабардың килобайты қанша?
2.7
12288 биттен тұратын хабарда қанша килобайт бар?
2.8
Мәтінді жазуда 256-символды алфавит қолданылады. Әр бетте 30 жол, әр жолда 70
символ бар. 5 беттік мәтінде қанша көлемдегі ақпарат сақталады?
2.9
Хабар 25 жолдық 3 беттен тұрады. Әр жолда 60 символ жазылған. Хабарда 1125 байт
болса, пайдаланылған алфавиттегі символдар саны қанша?
2.10
Хабарды жазуда 64 символдық алфавит қолданылды. Әр бетте 30 жол бар. Толық хабар
8775 байт ақпараттан тұрады және 6 бет алады. Әр жолда қанша символ бар?
2.11
Екі беттік хабардағы ақпарат көлемі 11/16 Кбайт. Әр бетте 256 символ жазылған.
Қолданылған алфавиттің өлшемі қандай?
2.12
Екі хабардағы символдар саны бірдей. Бірінші мәтіндегі
ақпарат саны екіншісіне
қарағанда 1,5 есе көп. Әр алфавиттегі символдар саны 10-нан аспайды, әр символға бүтін
санды бит сэйкес келсе, хабарлар жазылған алфавиттің қанша символы бар?
2.13
Екі хабардағы ақпараттар саны бірдей. Бірінші
мәтіндегі символдар саны,
екінші
мәтінге қарағанда 2,5 есе аз. Хабарлар жазылған алфавит 32 символдан тұрады. Әр
символға бүтін
санды бит сәйкес келсе, пайдаланылған
алфавиттегі символдар саны
қанша?
2.14
Адамның генетикалық кодын (ДНК) төрт әріпті алфавиттегі
сөз ретінде қарастыруға
болады. Әр әріп ДНК тізбесіндегі бір топты (нуклеотидты) белгілейді.
Битпен санағанда адамның
ДНК-ында қанша ақпарат бар, егер ол жобамен 1,5х10
23
нуклеотидтен тұрса?
2.15
Әрбір екі таңбалы санда қанша бит ақпарат бар екенін анықта.
2.16
Оқу орныңыздың толық атын құрайтын ақпарат көлемін есептеңіз. Әр түрлі
кодировкаларды қолданыңыз.
2.17
Екілік кодтауды пайдалана отырып берілген түсті бейненің
бейнежадындағы көлемін
анықтаңыз:
а) 2 х 4 см, 256 түсті қолданыңыз.
б) 5 х 6 см, 15000 түсті қолданыңыз.
Әр шаршы сантиметрде 24 х 24 нүкте бар.
2.18
Кейбір тілдің алфавитінде барлығы N = 2 әріп бар, тілдегі әрбір сөз дәл m = 7 әріптен
тұрады. Тілдегі ең үлкен сөздер қоры қанша болады?
2.19
Шахмат тақтасы 64 өрістен тұрады: 8 баған және 8 жол.
Бір шахмат өрістің
координатасын кодтау үшін қанша ең аз бит қажет болады?
2.20
Кейбір тілдің алфавитінде екі әріп қана бар: А мен Б.
Осы тілде жазылған барлық
сөздер 11 әріптен тұрады. Осы тілдің максимал сөздер қоры қанша болу мүмкін?