АҚПАРАТТЫ ӨЛШЕУ
Ақпарат теориясының маңызды сұрағы
ақпараттың саны мен сапасын
өлшеу мөлшерін орнату болып саналады.
Ақпаратты өлшеу мөлшері ақпарат теориясында үш негізгі бағытта
жүргізіледі:
1.
Құрылымдық теория – массивтердің дискреттік
құрылымын қарастырып,
ақпараттық элементтердің (кванттар) қарапайым есептеуі бойынша,
өлшеу
немесе
ақпараттар
массивтерінің
қарапайым
кодтауды
болжайтын
комбинаторлық әдістер.
2.
Статистикалық теория – энтропия түсінігімен хабарла- маның
анықталмағандығын,
олардың болуының ықтималдығын, демек сол немесе
басқа хабарламалардың ақпараттылығы.
3.
Семантикалық теория – ақпараттың қажеттілігін, пайдалылығын немесе
маңыздылығын, мақсаттылығын ескереді.
2.1.
Ақпараттың құрылымдық мөлшері
Құрылымдық теория – ақпараттың геометриялық,
комбина- торлық және
аддитивті өлшеміне (Хартли өлшемі) бөлінеді.
2.1.1.
Геометриялық өлшем
Геометриялық әдіс арқылы ақпараттың санын анықтау – сызықтың
ұзындығын өлшеу, ауданын немесе дискретті бірлік – кванттар түріндегі
берілген ақпараттық кешенінің геометриялық моделінің көлеміне сәйкес келеді.
Ақпараттық элементтер ішінде нақты ақпараттық
кешеннің дискретті
модельдерінде, ақпараттың бөлінбейтін бөлігі – кванттары,
сонымен қатар
сандық жүйеде – алфавит элементтері бар.
Геометриялық әдіс арқылы потенциалдық,
яғни құрылымдық габариттер
түріндегі ақпарат мөлшерінің максимальды мүмкіндігі анықталады. Ол
толығымен
ақпараттық
жүйенің
зерттелетін
бөлігінің,
ақпараттық
сыйымдылығын көрсетеді. Ақпараттық сыйымдылық, барлық өлшемдер [2,9]
бойынша дискреттік мәндерінің қосындысымен есептеледі.
Айталық, ақпарат XTN толық кешенімен бейнеленсін.
Егер дискреттік
санақтар X, T және N осі арқылы жүзеге асырылса, сәйкесінше Δx, Δt, Δn
интервалында, онда үздіксіз координаттар мына мөлшерлі түрдегі элементтерге
(кванттар) ыдырайды: