«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ pisa-2018/компьютерлік формат


«Жаһандақ құзыреттілік»**



бет3/42
Дата15.11.2023
өлшемі6,65 Mb.
#124014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
Байланысты:
«А паратты -талдау орталы ы» А

«Жаһандақ құзыреттілік»** енгізіледі.
PISA технологиясы зерттеуге қатысудың екі форматын ұсынады: қағаз (Paper-based assessment, РВА) және компьютерлік (Computer-based assessment, СВА). PISA-2015 кезеңінде СВА-ді
71 елдің арасынан 57 ел қолданды. Компьютерлік форматқа өту зерттеуді ұйымдастыру және өткізу, мәліметтерді деректер базасына енгізу мен өңдеу жұмыстарын жеңілдетеді. Қатысушылардың электрондық материалдар құрылымын танып-білу қабілеттері мен біліктерінің артуына оң әсер етеді. Сондай-ақ СВА форматы негізгі (математикалық, жаратылыстану, оқу) және қосымша опцилерге (қаржы сауаттылығы, жаһандық құзыреттілік, т.б.) қатысуға мүмкіндік береді.





*https://www.oecd.org/pisa/aboutpisa/pisa-based-test-for-schools.htm
**Бұл бағыттың бірінші рет енгізілуіне байланысты жинақта тест тапсырмаларының үлгісі берілмейді.
  1. PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ


PISA сұрақтарының рамкасы білім алушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалаудың ең жаңа технологияларын есепке ала отырып дайындалған. СВА форматы PISA тест тапсырмаларының ауқымды спектрін ұсынады. Бұл анимациядан мен мультипликациядан тұрады және сұрақтар визуалды түрде берілген.


Алғаш рет PISA-2012 зерттеуінде компютерлік форматта жаңа интерактивтік тапсырмалар қолданылды. Мұндай тапсырмалар білім алушылрадың компьютерлік жүйемен тікелей жұмыс жүргізуін талап етеді. Зерттеуге қатысушылардың функционалды сауаттылық деңгейі таблица, диаграмма, график, сурет және сызбалар түрінде берілген тапсырмалармен анықталады.
Тест тапсырмалары жауаптың үш түрін қарастарады: еркін құрастырылған (толық және негізделген жазбаша жауап), жабық құрастырылған жауап (оқиғаны ретімен орналастыру, қажетті сөзді немесе цифрды жазу) және берілген жауап нұсқасынан таңдау жасау ((a, b, c, d) жауап нұсқаларының бірін таңдау).
Тапсырма жауаптары оқушылардан бірнеше таблица мен графиктерде берілген ақпараттармен бір уақытта жұмыс істей білу қабілеттерін талап етеді. Тапсырма мазмұнында артық ақпараттардың берілуімен де сұрақтар күрделене түседі. Сонымен, 15 жастағы оқушылардың ұсынылған проблема мен ситуацияға талдау жасауы үшін қажетті ақпаратты таба білу біліктілігі бағаланады.
Халықаралық бағалау 15 жастағы білім алушылардың құзыреттілігін алты деңгей бойынша бағалауды қарастырады. Халықаралық бағалаудың «Ең жоғарғы» (5 және 6 деңгей) бағасын ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай білуі, мәтінді ұғыну мен интерпретациялау, қорытындыны дәлелдеп, өзінің болжамдарын ұсына алатын, дағдыларын көрсете білетін оқушылар иелене алады.
3 - 4 деңгейге жаңа ақпаратты табу үшін білімі мен шеберліктерін қолдана алатын қабілеттері сәйкес келеді. 2 - деңгейде қарапайым күнделікті өмірде өз білімі мен дағдысын қолдана білу ептілігі бағаланады. Оқушылардың қарапайым базалық білімін көрсете білуі
«Ең төменгі» 1-ші және 1-ден төмен деңгейге сәйкес.
ЭЫДҰ-ның анықтауы бойынша тек қана 1 және 1-ден төмен деңгейдің тапсырмаларын орындай алатын білім алушылар
«функционалды сауатсыз» деп есептеледі.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет