«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ pisa-2018/компьютерлік формат


– тапсырма. Жер асты суларын жер бетіне шығару және жер сілкінісі



бет10/42
Дата15.11.2023
өлшемі6,65 Mb.
#124014
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42
Байланысты:
«А паратты -талдау орталы ы» А

4 – тапсырма. Жер асты суларын жер бетіне шығару және жер сілкінісі







Дұрыс жауабы: Оқушылар материалда қарастырылған жарықтың сипаты мен түсінігін пайдалана отырып, тектоникалық тақталардың қозғалысы қысымның жиналуына әкелетінін және/немесе әртүрлі бағытта қозғалатын тау жынысы не топырақ жарық кезінде үйкелу есебінен тоқтайтынын көрсететін немесе топшылайтын түсіндірме беруі керек.

Дұрыс жауап: Оқушылар жарыққа жақын орналасқан нақты төрт орындағы жер сілкінісінің тәуекелін алдын-ала болжау үшін, жер қыртысындағы қысым мен жер сілкінісі арасындағы өзара байланыс туралы түсінгендерін қолдануы керек. Сызбада ең жоғары тәуекел орны «D» әрпімен, одан кейін «В», «С» және, соңында ең төмен қысым деңгейі болғандықтан, ең төмен тәуекелге ие орын «А» әрпімен белгіленген.

Дұрыс жауап: Оқушылар материалдағы жер асты суларын жер бетіне шығару көрші жарықта қысым тудыра отырып, жер сілкінісін өршітті деген болжамды қолдайтын бір зерттеуді шығаруы керек. Екінші нұсқа (Сорғы жұмыстары көп қысым тудырған аудандарда жарық бойындағы қозғалыс үлкен болды) дұрыс жауап болып табылады, себебі ол су өндіру мен жер сілкінісі арасындағы байланысты қолдайды.

Дұрыс жауап: Оқушылар жауаптары нақты бір аймақтағы жер сілкінісінің тәуекелдері туралы ақпаратты беретін сұрақты немесе сұрақтарды анықтау үшін, Лоркадағы жер сілкінісі туралы берілген ақпаратты және өзінің жер сілкінісі туралы түсінігін пайдалануы керек. Бірінші және екінші сұрақ осы ақпаратты береді: Аймақтағы қыртыста жарықтар бар ма? және Аймақтағы қыртыс табиғи себептердің нәтижесінде қысымға ұшыраған ба?
  1. – тапсырма. Су электр станциясы





Ұлғайтқан кездегі көрінісі:






Дұрыс жауап: Оқушылар 2-орын мен 4-орында өзендегі су молекулаларының бар екенін анықтау үшін, диаграммада берілген судың электр станциясымен қалай қозғалатыны жайлы түсінгендерін қолдануы тиіс





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет