«Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ pisa-2018/компьютерлік формат



бет7/42
Дата15.11.2023
өлшемі6,65 Mb.
#124014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42
Байланысты:
«А паратты -талдау орталы ы» А

Жаһандық құзыреттілік


ЭЫДҰ анықтамасы бойынша жаһандық құзыреттілік – адамдардың бір - бірін құрметтеуі, адами құндылықтарын бағалай білуі, өзара тиімді еркін және ашық қарым-қатынас орната білуі мен мобилді болу қабілеті.


Адамның жаһандық құзыреттілігін анықтау қажеттілігі - үздіксіз өте шапшаң дамып жатқан әлемде оның жан - жақты өзара байланысын және қоғамдағы өзгерістерге араласа білу қабілеттерін анықтаудан туындайды.
Мектепті аяқтаған білім алушы жаһанданған әлемде табысты өмір сүруі үшін қажетті білімі, негізгі дағдылар мен машықтарды иеленген болуы қажет. Бұл оның өз өмірін дұрыс жоспарлауына, дүниенің кез-келген бөлігінде білім алуына, таңдаған мамандығы бойынша әлемнің қай елінде болса да жұмыс істей алуына, кәсіби дамуына және мәдени ерекшеліктерді тануына, өз мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана білуіне жол ашады.


      1. - сурет. Білім алушылар нені оқуы қажет?1






1 41st meeting of the PISA Governing Board, 2016. OECD 2030 Conceptual Learning Framework
      1. - кесте. PISA-2018 цикілінің жаһандық құзыреттілік өлшемдері





Дағдылар

Білім және түсінік

Қатынас

  • аналитикалық және

сыни ойлау

  • адамдармен өзара араласуы

  • қызығушылықтары мен пікірлерін сыйлау

  • икемділік

  • жаһандық мәселелерді

білу және түсіну

  • мәдинетаралық байланыстарды білу және түсіну

  • өзге мәдениеттің

адамдарына қарым- қатынастағы ашықтық

  • мәдени ерекшеліктерді құрметтеу

  • жаһандық ойлау

  • жауапкершілік




      1. - сурет. «Жаһандық құзыреттілік» тест модулінің пәндік мазмұны




Кедейлік


Билік институттарына
сенімділік

Экономикалық кірігу

Озбырлық

Теңсіздік

Қақтығыс

Білім

Адам құқығы

Көші-қон

IT және жаһандық БАҚ

Денсаулық







Қоршаған орта ластануы

Қалпына келетін энергия көздері

Климаттың өзгеруі

Табиғи ресурстарды
қорғау

Урбанизация

Мәдени
нысандарды сақтау

Су ресурстарын басқару

Ресурстарды пайдаланау жауапкершілігі

Тест тапсырмалары толығымен 15 жастағы білім алушылардың жас ерекшеліктері құзіреттерін ескере отырып құрастырылған. Сұрақтар Case study форматында беріледі. Бұл әдіс қатысушылардың аналитикалық және сыни ойлау деңгейлерін анықтауға мүмкіндік береді. Білім алушылар мәселенің мәнін түсінуін және барынша дұрыс болатын шешімдерді ұсынуды талап ететін бір жағдаятты зерттеулері қажет.
Кейстер шынайы өмірге және өмірлік жағдайлардағы жағдаяттарға негізделген материалдардан тұрады. Тест тапсырмаларының 79%-ы чат түрінде яғни мәселені нақты мазмұндайтын сандар мен мәліметтер және 21% таңдау жауабы бар сұрақтар түрінде беріледі.
Сонымен қатар тестілеуге қатысушылар әлемдегі жаһандық проблемаларға (экология, әлемдік мәдениет, өзге ұлт, этнос өкілдеріне қатынасы, демография және көші-қон) қатынастары туралы қосымша ақпараттар алу үшін сауалнама сұрақтарына жауап береді.
  1. PISA ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ ЖАУАПТАРЫМЕН





    1. Жаратылыстану (компьютерлік формат)



1 – тапсырма. Аралар колониясының кенеттен құлауы





Дұрыс жауап: Бұл сұраққа дұрыс жауап беру үшін, оқушылар гүлдің тозаңданусыз дәнді жасай алмайтынын растайтын немесе тұспалдайтын түсіндірме беруі тиіс. Бұл элемент үшін құзырет "Құбылысты ғылыми тұрғыда түсіндіру" тиісті.


Құлауды басынан кешірген колониялардың пайызы
Дұрыс жауап: Оқушылар зерттеушілер экспериментте зерттеген сұрақты түсінгендерін көрсету үшін, әрбір жайылмалы мәзірдегі үш нұсқаның бірін таңдауды сұрайды. Ол нұсқалар мыналарды қамтиды:

      • аралар колониясының құлауы

      • қоректегі имидаклопридтің концентрациясы

      • араның имидаклопридке қарсы иммунитеті

Жауабы - зерттеушілер қоректегі имидаклопридтің концентрациясын аралар колониясының құлауына тексерді - экспериментте тәуелсіз және тәуелді ауыспалылар дұрыс ұқсатылды.


Құлауды басынан кешірген колониялардың пайызы
Дұрыс жауап: Бұл сұрақ инсектицидтің концентрациясы мен уақыт ағынымен колонияның құлау жылдамдығы арасындағы өзара байланысқа қатысты деректерді ұсынатын графикті түсіндіруді талап етеді. Дұрыс жауабы - бірінші нұсқа (Имидаклопридтің жоғары концентрациясына ұшырайтын колониялар, әдеттегідей, ерте құлайды), себебі омарталар эксперименттің 14-20 аптасының ішінде 20 мкг/кг-мен салыстырғанда 400 мкг/кг инсектицид концентрациясының әсеріне ұшыраған кезде, құлауға ұшырайтын колониялардың пайызы жоғары екені графиктен көрініп тұр.


Құлауды басынан кешірген колониялардың пайызы
Дұрыс жауап: Оқушылар бақыланбалы колониялар арасында құлау туралы гипотезаны ұсынуы тиіс. Зерттелген колониялар үшін колония құлауының басқа бір табиғи себебі болуы тиіс екенін, немесе бақыланбалы топтағы омарталарды әсерден тиісінше қорғамағанын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет