Төмендекелтірілгенақпараттыңнегізінде дерек жинау үшін модельдеудііске қосыңыз. Сұраққа жауап беру үшін,нұсқаны басыңыз, кестедегідеректерді таңдаңыз жәнетүсіндірмесінжазыңыз.
Модельдеудің негізінде, ауаның ылғалдығы 40% болған кезде, адамнан ыстық өтпей, бір сағат ішінде жүгіре алатын ең жоғары ауа температурасы қандай?
20°C
25°C
30°C
35°C
40°C
кестедегі деректердің екі жолын таңдаңыз.
Бұл деректердің сіздің жауабыңызды қалай растайтынын түсіндіріңіз.
Дұрысжауап: Оқушылардан ауаның ылғалдығы 40% болып тұрған кезде, адамнан ыстық өтпей жүгіре алатын ең жоғары температураны анықтау үшін модельдеуді пайдалануды сұрайды. Дұрыс жауабы 35°C және Оқушылар өз жауаптарын растау үшін, келесі деректердің екі жолын таңдауы тиіс: ауа температурасы 35°C - ауа ылғалдығы 40% және ауа температурасы 40°C - ауа ылғалдығы 40%. Олар ауа ылғалдығы 40% болғанда ауа температурасының 35°С-тан 40°С-ке дейін көтерілуі ыстық өтуіне әкелетінін нұсқай отырып, деректері бар белгіленген жолдардың өз жауаптарын қалай растайтынын толығырақ түсіндіруі керек.
Сұрақ5/6
Модельдеудіқалайіскеқосукерек
Төмендекелтірілгенақпараттыңнегізінде дерек жинау үшін модельдеудііске қосыңыз. Сұраққа жауап беру үшін,нұсқаны басыңыз, кестедегідеректерді таңдаңыз жәнетүсіндірмесінжазыңыз.
Модельдеу ауа ылғалдығы үшін 20%, 40% немесе 60%-ды таңдауға мүмкіндік береді.
Қалай ойлайсыз, ауа ылғалдығы 50% және ауа температурасы 40°С болған кезде су ішсеңіз, жүгірген қауіпсіз бе, әлде қауіпсіз емес пе?
Қауіпсіз Қауіпсіз емес
Өз жауабыңызды растау үшін, кестедегі деректердің екі жолын таңдаңыз.
Бұл деректердің сіздің жауабыңызды қалай растайтынын түсіндіріңіз.
Дұрысжауап: Оқушылар ауа температурасы 40°С және ауа ылғалдығы 50% болған кезде (жылжыманы айналдырғанда белгілене алмайтын ылғалдық мәні), жүгірудің қауіпсіздігі туралы болжамды әзірлеу үшін, модельдеуді пайдаланады. 40°С температурада 50%-дан төмен және жоғары ылғалдық деңгейін тексере отырып, Оқушылар тіпті су ішкен жағдайда да, 40°С температурада жүгірудің қауіпсіз емес болатыны жөнінде тұжырым жасай алады. Олар бұл жауапты растау үшін, 40°С-та және 40% ылғалдықта су ішу көрсетілген бір жолды, және 40°С-та және 60% ылғалдықта су ішпеу көрсетілген екінші жолды таңдауы керек. Түсіндірмеде ұсынылған жағдайларда жүгірушіден 40°С кезінде 40% және 60% ылғалдықта, су ішсе де, екі жайтта да ыстық өтетіні; 50% ылғалдықта және сол жағдайларда да ыстық өту қаупі бар екені көрсетілуі тиіс.