Ақпаратты технологиялар білім беру ортасында


Дүниетану сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологиясын қолдану



бет5/6
Дата27.09.2022
өлшемі32,4 Kb.
#40484
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ақпаратты технологиялар білім беру ортасында

2 Дүниетану сабағында ақпараттық – коммуникативтік технологиясын қолдану
2.1Дүниетану сабағында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттiлiгі
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі оқушылардың жұмыс барысында, бос уақыттарында және коммуникацияда сенімді және шығармашылықпен қолдана білуін қамтамасыз етеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ның негізгі дағдылары арқылы қалыптасады. 
Оқушылар өздерінің АКТ-ны қолдану дағдыларын барлық пәндерге арналған білім беру бағдарламаларын меңгеру барысында дамытады. Яғни, АКТ-ны пайдалана отырып ақпаратты табу, құру, мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал-жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалайды және жетілдіреді.
Бұл «Дүниетану» пәні бағдарламасында төмендегідей жұмыс түрлері арқылы жүзеге асырылады:
-БАҚ және мультимедиялық құралдарды пайдалану;
-дерекқордан және интернеттен ақпаратты іздеу;
-сандық, интернет жүйелері арқылы алынған ақпараттарды таңдап, өңдеу және оның нақтылығын, сенімділігін, құндылығын бағалай алу;
-сандық, мәтіндік және визуалдық ақпаратпен және дерекқормен,оның ішінде гиперсілтемелерді, электрондық кестелерді,графикалық және басқа қосымшаларды пайдаланып жұмыс істеу арқылы мәліметті жүйелеу;
-қолдану;
-заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу;
- модельдер мен модельдеуді пайдалану мүмкіндіктерін зерделеу, сонымен қатар жылжымайтын және қозғалыстағы бейнелерді, дыбыстарды және мәтіндерді мультимедиалық таныстырылымдар құру үшін біріктіру;
-басқа нұсқаларды зерделеуде, нақтылауда және нәтижелерді жақсартуда сандық ақпараттың икемділігін толығымен пайдалану;
-электрондық байланысқа, он-лайн форумдарға, виртуалдық оқыту орталарына қатысу арқылы, басқа оқушылармен және мұғалімдермен әртүрлі байланыс арнасы бойынша ынтымақтастықта болып қарым-қатынас жасау және ақпарат алмасу;
-интерактивті тақтаны белсенді оқытуға техникалық қолдау көрсету мақсатында қолдану;
-аяқталған жұмысты мектеп шеңберінде және өзге орталарда мультимедиялық таныстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет