2.2 Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту Жалпы білім беретін мектептердің Білім беру бағдарламалары мақсаттарының бірі - түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Бұл мақсатқа жету үшін қажетті дағдылардың дамытылуы - түрлі формадағы қарым-қатынасты бағалайтын әрі қолдайтын, оқушының өз пікірі мен көзқарасын сенімді түрде білдіре алатын ортаның көмегі мен ынталандыруы арқылы жүзеге асырылады.
Оқу үдерісінде оқушылардың коммуникативтік, сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым- қатынаста әртүрлі ақпарат құралдарын пайдалана отырып, пәндік ғылыми тілді сауатты түрде қолдана білу дағдылары дамытылады.
Ауызша сөйлеуді дамыту мақсатында жұппен үлкен және кіші топтарда сыныппен жұмыста қарым- қатынас жасаудың құралы ретінде диалог талқылау, пікірталас өз пікірін айту
«Дүниетану» пәнінде оқушылардың айтылым және тыңдалым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
«Менің Отаным» тақырыбы бойынша пікірталасқа қатысу: -сұрақтарды зерделеу, өз пікірін айту, басқалардың пікірін тыңдау, сұрақ-жауап, гипотеза ұсыну, қорытынды жасау және қорытындыларымен таныстыру;
-рөлдік ойындарға, диалогқа, талқылауға және пікірталас пен қойылымдарға қатысу;
-жұппен, шағын топтарда мәселелерді шешу тапсырмалары барысында тарихи, географиялық және әлеуметтік ғылымдар бойынша дереккөздермен диалог құру және талқылау;
-өз ой-пікір қорытындыларын сыныпта, топта таныстыру, аудитория алдында сенімді түрде сөйлей білу қабілетін дамытады.
«Дүниетану» пәнінде оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
-дереккөздермен жұмыс істеу, мысалы: нақты тарихи тақырыптар бойынша ақпаратжинау;
-пән бойынша қойылған сұраққа жауап беру үшін әдебиетпен жұмыс(әңгімелер, ертегілер, аңыздар, өлең-тақпақтар, пьесалар, публицистика мен повестер);
-сұрақтарға жауап іздеу үшін интернет-ресурстарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу;
-берілген тақырып бойынша түсінігі мен білімін тереңдету үшін күрделі және қиын мәтіндермен қалай жұмыс істеу керектігін үйрену;
-дереккөздердің қорытындылар алудағы маңыздылығын бағалау үшін олардың шығу тектерін және сенімділігін айқындау критерийлерін қолдану.
«Дүниетану» пәнінде оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
-Жеке және бірлескен модельдеу, таныстырулар барысында көркем немесе ғылыми-танымдық жанрды меңгеру және қолдану;
-жазба жұмыстарына қойылатын талаптарды қолдану;
-нақты жанр шеңберіндегі жазбаша жұмыстың түпкілікті нұсқасын көркем және ғылыми-танымдық, көпшілік жанрлардың төмендегі көрсетілген кең спектріне сүйене отырып әзірлеу:
-хикаялар;
-әңгімелер;
-есеп берулер;
-баяндамалар;
-эссе;
Өлең.
Бұл жанрлар мультимодальдық жәнемультимедиалық түрде орындалып, көпшілікке ұсынуға болады.
Пайдаланған әдебиетер тізімі 1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы. «Білім баспасы», 1998.
2. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. – Алматы, 2002.