Ақпараттық Технологиялар Факультеті


Сымсыз желіні жасау үшін қажетті қондырғылар



бет6/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Сымсыз желіні жасау үшін қажетті қондырғылар
Сымсыз желіге қатысатын кез келген құрылғыға ткізгішсіз желілік карта деп те аталатын сымсыз желілік адаптер қажет. Қазіргі ноутбукттердің көбісі, кейбір компьютерлер мен РДА сымсыз желілік адаптерлермен жабдықталған. Алайда, көптеген жағдайларда сымсыз желі жасау үшін желілік адаптерлерді бөлек алу керек.

Ноутбуктерге арналған танымал желілік адаптерлер PC CARD (PC MCIA) форма факторларға ие, компьютерлер үшін PCI интерфейсі бар модельдер бар, ал сымсыз USB адаптерлері үшін партативті жүйелермен қатар үстемелерді қосуға болады.Екі (немесе одан да көп) құрылғылардан тұратын кішігірім сымсыз локалдық желі құру үшін қажетті желілік адаптердің болуы жеткілікті. Бірақ өз желіңіздің өнімділігін көтеру үшін, желіге тағы компьютер қосып, желінің жұмыс жасау радиусын кеңейту үшін сымсыз кіру нүктелері мен маршрутизаторлар қажет болады.

Сымсыз маршрутизаторлардың функциялары дәстүрлі өткізгішті маршрутизаторлар функцияларымен ұқсас. Әдетте ол сымсыз желі басынан бастап жасағанда қолданылады. Маршрутизаторға альтернатива ретінде кіру нүктесін атауға болады, ол бар өткізгішті желіге сымсыз желіні қосуға мүмкіндік береді. Кіру нүктелері әдетте өткізгішті комутаторы немесе маршрутизаторы бар желіні ту үшін пайдаланылады. Локалды желіні үйде құру үшін бір кіру нүктесі жеткілікті, ол өз кезегінде күші бойынша жұмыс жасау радиусын қамтамасыз ете алады. Офистік желілер әдетте бірнеше кіру нүктелерін немесе маршрутизаторларды қажет етеді.

Кіру нүктелері мен маршрутизаторларды кейде радиосигналдың радиусын кеңейтетін қуатты өткізгізсіз антенналардың орнына да қолданады. Мұндай антенналар опциональді және көптеген құрылғылардан алынатындай болып келеді. Антеннаны сымсыз клиентке қондыру сымсыз желілік адаптердің таралу радиусын кеңейтеді.

Бұл заңсыз бөгде компьютерлік компьютерлік желілерге кірудің практикасы болып табылады, алайда үйде және офисте локалдық желілер жасағанда көбінесе антенна құрмайды (1-кесте).

1-кесте


Желі типтері мен қажетті жабдықтары




Адаптерлер

Кіру нүктелері

Басқасы

Екі сымсыз құрылғылардан тұратын және локалдық кабельді желіге қосылмаған желі

2

-

Желілік адаптерлер Ad-Hoc режімін қабылдау тиіс. Кейбір жағдайда бұлай екіден көп құрылғыларды біріктіруге болады.

Кішігірім үйдегі немесе офистегі желі

Құрылғылар саны бойынша

1

Егер локалдық желіге өткізгіштік құрылғыларды да қосу көзделген болса, онда маршрутизатор функционалдығына ие кіру нүктесі қажет

Кабельді локалды желілер арасындағы көпір

-

Желілер саны бойынша,егер олар екіден асса, таңдалған кіру нүктелері Point- To- MultiPoint Bridge режимін қабылдайтынына көз жеткізу тиіс

-


Ірі сымсыз офистік немесе корпаративтік желілерді ұйымдастыру

Құрылғылар саны бойынша

Жұмыстың жылдамдығы мен жабудың оптималды зонасына байланысты саны таңдалады.

Кіру нүктелерінің бір бөлігі репитерлер режимінде жұмыс жасауы мүмкін.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет