Ақпараттық Технологиялар Факультеті


Үшінші бөлімінде WiMax технологиясына қысқаша қарастырылған



бет2/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Үшінші бөлімінде WiMax технологиясына қысқаша қарастырылған.

I. Сымсыз желілер түсінігі
Кабельді желілерге альтернативті бола алатын, перспективті, бәсекеге қабілетті және экономикалық тұрғыдан ақталатын шешім ретінде сымсыз желіні атауға болады.

Сымсыз желілер дәстүрлі кабельдік технологияларды қолдану қиынға соққанда немесе мүлдем болмайтын жағдайда локальды компьютерлік желілер арасында мәліметтерді жіберу және сапалы алмасуды қамтамасыз етеді.

Сымсыз байланыс белгілі бір себептерге қатысты классикалық кабельдермен біріктіруге болмайтын локальдық желілер сигменттері арасында тұрақты байланыс каналмен жабдықтау үшін қолданылады. Сонымен қатар сымсыз технологияларға кабельді салу тиімсіз болған жағдайда да жүгінуге болады. Мысалы, уақытша компьютерлік желілер жасау жағдайын айтуға болады, өйткені кабельдік трансаларды қосымша демонтаждаусыз-ақ минималды мерзімде желіні орауға мұмкіндік береді.

Мәліметтерді сымсыз желі арқылы жіберудің келесі артықшылықтары бар:



  • Үнемдігі – объектілер арасындағы қашықтық 100 метрден асқанада сымсыз технологияны қолданған арзанырақ түседі, өйткені ұзын кабельдің бағасы мен оны салудағы құрылыстық монтаждық жұмыстар әлдеқайда қымбат түседі

  • Оперативтілігі - сымсыз технолгияларға кабельді салуға кететін уақыт, қымбат монтаждық жұмыстар қажет емес.

  • Кеңейту оңайлығы - сымсыз желілерді кеңейту желіге қосымша сымсыз құрылғыларды қосып, оларды бекітілген шаблондар бойынша дұрыстау арқылы жүзеге асады.

  • Байланыстың жоғары сапалығы – ғимарат ішіндегі сымсыз құрылғының жұмысы ауа райы мен атмосфералық құбылыстарға тәуелсіз жоғары сапалы байланысты қамтамасыз етеді.

  • Кабельді желілермен біріктіру қабілеттігі – мәліметті берудің стандартты протоколын қолдану және желіге кіру мүмкіндігі сымсыз байланыстың жүйесін өткізгішті компьютерлі жүйелерімен толық бірігуімен мүмкіндік береді.

  • Қол жеткізу оңайлығы – жоғары эффективтілігіне, қозғалмалдығына, орнату оңайлығы мен төмен бағасына байланысты сымсыз компьютерлік технолоияларды тек ірі және орташа кәсіпорындар ғана емес, сонымен қатар шағын кәсіпорындар да қолдана алады.

Қазіргі кезде «Марка» компаниясының желілік технологиялар департаменті мәліметті сымсыз жіберу және бір құрылғылар мен мекемелердің корпаративтік желілеріне локалды есептеу желілерін құру жүйелерінде зор тәжіриебеге ие.

Dream Access-тің сымсыз желісі бұл XXI ғасырдың қолы жетпеген жерден жоғары жылдамдықты интернет алудың ең тез әдісі.

Интернет көзіне Dream Station-AР базалық станциясын қосу керек. Dream Station құрылғысының кез келген ауа райы катаклизмаларынан сақтайтын гермеикалық корпусында тек сымсыз станциямен қатар 15 км қашықтықта тұрақты байланысты қамтамасыз ететін плпнпрлық антенналар орналасқан.

­ Сымсыз байланыс бұдан бұрын ешқашан мұндай қарапайым және арзан болған емес.

Енді провайзерлер өзінің желілерін кеңейтуге мүмкіндік алып, ал бұл сымсыз байланыс арқасында клиенттік базаны да кеңейтуге түрткі болды. Бұл құру мен қажетті құрылғыларға қызмет көрсетуді әлдеқайда аз шығынмен жасауға болатындығын да айтып өткен жөн.

Dream Access - сымсыз интернетпен қатар телефонизация бола алады.

Өркениеттен бірнеше ондаған км қашы қтықта болсаңыз, интернетке қай жерден кіруге болады деген сұраққа Dream Access жауап береді. Dream Access-бұл орындалған арман, оған қоса керемет сымсыз байланыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет