Ақпараттық Технологиялар Факультеті



бет7/18
Дата06.01.2022
өлшемі344 Kb.
#12373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
ІІ. Wi-Fi технологиясы
2.1. Архитектурасы, желі компоненттері және стандарттар
RadioEthernet IEEE 802.11 стандарты – бұл жергілікті желі режимдеріндегі, яғни бірнеше абоненттер жалпы жіберу ортасына тең құқылы рұқсаты болғанда шектелген территориядағы сымсыз коммуникацияларды ұйымдастыру стандарты. 802.11 – сымсыз жергілікті желі (Wireless Local Area Network) немесе WLAN үшін арналған ең алғашқы өндірістік стандарт. Бұл стандарт Institute of Electrical and Electronics Engineers (IEEE) шығарған, 802.11 қарапайым Ethernet желілері үшін арналған 802.3 стандартымен салыстырылуы мүмкін.

RadioEthernet IEEE 802.11 стандарты сымсыз байланыс желісін ұйымдастырудың ретін ортаға рұқсатты басқару (МАС – деңгейі) деңгейінде және физикалық деңгейде (PHY) анықталады. Стандартта МАС (Medium Access Control) деңгейінің бір нұсқасы мен физикалық арнаның 3 түрі анықталған.

Сымды Ethernet-ке ұқсас IEEE 802.11 carrier sense multiple access collision avoidance (CSMA/CA) деп аталатын берудің бірыңғай ортасын пайдаланатын хаттаманы анықтайды. Сымсыз түйіндердегі коллизиялардың ықтималдығын ready to send (RTS) деп аталатын алдын-ала қысқа хабарлама жіберу жолымен минималдайды. Ол басқа түйіндерді алдағы жіберулер мен адресаттардың жалғасуы туралы ақпарат береді. Бұл басқа түйіндерге жіберуді хабарлама жариялау уақытына тең уақытқа тоқтатуға мүмкінідк береді. Қабылдаушы станция RTS-ке clear to send (CTS) жіберу арқылы жауап беруі тиіс. Бұл беруші түйінге орта бас па екенін және қабылдаушы түйін қабылдауға дайын ба екенін білуіне мүмкінідік береді. Қабылдаушы түйін мәліметтер пакетін қабылданғаннан кейін қатесіз қабылданғандығының фактысын растауын (АСК) жіберуі тиіс. Егер АСК алынбаған болса, онда мәліметтер пакетін жіберу әрекеті қайталанады.

Стандартта мәліметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қарастырылған, ол желіге кіретін түйін онда авторизацияланғандығын тексеру үшін аутентификация, сонымен қатар тыңдаудан қорғау үшін шифрлеуді қамтиды.

Физикалық деңгейде стандарт радиоарнаның екі типін және бір инфрақызыл диапазонын қарастырады.

802.11 стандарты негізінде ұялы архитектура жатыр. Желі бір немесе бірнеше ұядан тұруы мүмкін. Әрбір ұя рұқсат нүктесі (Access Point, AP) деп аталатын базалық станцияны басқарады. Рұқсат нүктесі және оның әсер ету радиусында базалық зонасын (Basic Service Set, BSS) құрайды. Көп ұялы желінің рұқсатнүктелері кабельді жергілікті желігнің магистральді сегментінің эквивалентін сипаттайтын таратушы жүйе (Distribution System, DS) арқылы өзара бір-бірімен әсер етеді. Рұқсат нүктесі мен таратушы жүйесін қамтитын инфрақұрылым қызмет көрсету кеңейтілген зонасын (Extended Service Set) құрайды. Стандарт сонымен қатар сымсыз желінің функциялары жұмыс станцияларына тәуелсіз орындалатын рұқсат нүктесіз жүзеге асырылу мүмкіндігі бар бір ұялы нұсқасын да қамтиды.



Қазіргі уақытта IEEE 802.11 тобының көптеген стандарттары бар:

  1. 802.11 – алғашқы негізін қалаушы стандарт. Мәліметтерді 1 және 2 (опциялы) Мбит/с жылдамдықпен радиоарналары арқылы беруді қамтамасыз етеді.

  2. 802.11a – WLAN-ның жоғары жылдамдықты стандарты. 5 ГГц диапазонды радиоарна арқылы 54 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен мәліметтер жібере алады.

  3. 802.11b – ең көп таралған стандарт. 2,4 ГГц диапазонды радиоарна арқылы 11 Мбит/с дейінгі жылдамдықпен мәліметтер жібере алады.

  4. 802.11c – сымсыз мосттардың жұмысын регламенттеуші стандарт. Берілген специфика рұқсат нүктелерін өңдеуде сымсыз құрылғыларды өндірушілермен қолданылады.

  5. 802.11d – бұл стандарт арналардың физикалық параметрлеріне (шағылу қуаты және жиілік диапазоны) және әртүрлі елдердің заңдық нормаларына сәйкес қамтамасыз ету мақсатымен сымсыз желі құрылғыларға қойылатын талаптар анықтады.

  6. 802.11e – бұл стандарттың құрылуы мультимедиялық құралдардың пайдаланылуымен байланысты. Ол әртүрлі трафик түрлерінің, яғни аудио- және видео- қосымшалар ерекшеліктеріне тағайындалған механизмдерді анықтайды. Сұраныс сапасына қойылатын талап барлық IEEE WLAN интерфейстері үшін қажет.

  7. 802.11f – берілген стандарт аутентификациямен байланысты, желі сегменттері арасында тұтынушының орнынан көшірудегі байланыс нүктелерінің өзара бір-бірімен әсерлесу механизмін анықтайды. Стандарттың басқаша атауы – Inter Access Point Protocol. Әртүрлі мәнді рұқсат нүктелері арасындағы байланыс ретін сипаттаушы стандарт.

  8. 802.11g – 2,4 ГГц жиілігі үшін қосымша модуляция техникасын орнатады. 2,4 ГГц диапазонды радиоарнасы арқылы 54 Мбит/с дейін жылдамдықпен мәлімет жіберуді қамтамасыз етуге арналған.

  9. 802.11h – берілген стандартты құру 5 ГГц диапазонында кейбір спутниктік байланыстар жүйесі жұмыс жасайтын Европада 802.11a пайдаланудағы мәселелермен байланысты. Өзара кедергілерді жою үшін 802.11h стандартында жіберудің тасушы жиілігін таңдау мен шағылу қуатын «квазиинтеллектуалды» басқару механизмі бар. Европа мен Азияда пайдаланылатын 5 ГГц жиілік спектрін басқаруды сипаттайтын стандарт.

  10. 802.11i (WPA2) – берілген спецификацияны құру мақсаты сымсыз желілердің қауіпсіздік деңгейін көтеру болып табылады. Онда сымсыз желі арқылы ақпарат алмасу кезіндегі қорғаныс функцияларының жиынтығы жүзеге асырылған, сонымен қатар AES (Advanced Encryption Standard) технологиясы – 128, 192 және 256 бит ұзындықты кілті бар шифрлеу алгоритмі.

  11. 802.11j – спецификация Жапонияға арналған және қосымша 4,9 ГГц арнасы бар 802.11a стандартын кеңейтеді.

  12. 802.11n – бұл 100 Мбит/сек дейін желінің өтімділік қасиетін көтеруге мүмкіндік беретін және қазіргі таңда құрылып жатқан болашағы бар стандарт.

  13. 802.11r – берілген стандарт пайдаланушының желінің бір әсер ету зонасынан екінші әсер ету зонасына өту мүмкіндігі үшін роуминг жүйесінің үйлесімділігі және әмбебаптылығын құруды қарастырылады.

IEEE 802.11 сымсыз мәліметтер берудің бар барлық стандарттарының ішінен практикада электроника және радиотехника инженерлі институтымен анықталған тек үш түрі жиі пайдаланылады, олар: 802.11b, 802.11g және 802.11a. Оларды салыстыру 2 – кестеде келтірілген.
2 – кесте

Мәліметтерді сымсыз жіберу стандарттарын салыстыру :





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет