Ақпараттық технологиялар факультеті


Тапсырмаларды орындау барысы



бет2/6
Дата29.09.2023
өлшемі63,68 Kb.
#111809
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аужанова Асель. АЖ-11. Практика отчет

    Бұл бет үшін навигация:
  • Numpy
Тапсырмаларды орындау барысы:
Ең алдымен PyCharm – Python бағдарламау тіліне арналған интеграцияланған даму ортасы жүктеп алынды. PyCharm – қосымшасында Numpy кітапханасын іске қостық. Берілген есепте 8*8 өлшемді матрица берілген, оны формула арқылы құрдық. Берілген матрица бойынша бас диагональының және теріс диагональының суммасы, функция бойынша матрицаның максимальды санынан минимальды санның индексінің азайтындысы есептелінді.
Есепті шығарылу жолына көшеміз:
#Numpy әдісімен
import numpy as np
import random
import math
import time
Алдымен есепті шығару барысына қажетті модульдерді іске қостық. Numpy – Python бағдарламалау ортасында көп өлшемді массивтерді шығаруға арналған дайын кітапхана. Random – кілт сөзі арқылы кездейсоқ мәндерді шақыратын модульді іске қосамыз. Математикалық функцияларды шешу үшін math модулін іске қосамыз. Python программалау ортасында уақыт және күнтізбемен жұмыс істейтін пакет import time.
s=time.time()
time.time() – арқылы программаның басынан соңына дейінгі уақытты есептедік.
c = int(input("c:"))
b = int(input("b:"))
Int(integer) – тек қана бүтін сандарды қабылдап, input арқылы экранға шығардық. Мұндағы: с – матрицаның жолдық өлшемін, b – бағандық өлшемін шығарады. Бұл жол берілген талаптар бойынша қажетті деректерді клавиатурадан берумен ұйымдастырылды.
Python – бағдарламалау ортасында ерекшелік туындауы мүмкін барлық негізгі код try кілт сөзінен кейін орналасады.
try:
Бұл жерде шарт арқылы ерекшелік ұйымдастырылды, яғни егер берілген кодта квадраттық матрица шығармайтын өлшем беретін болсақ, ол автоматты түрде кодты quit() кілт сөзі арқылы тоқтатып, қате береді.
if b>c or c>b:
print("Квадраттық матрица берілмеген, сізге матрица өлшемін бірдей беру керек (b=c)")
quit()
matrix = np.empty((c, b))
np.empty – бос матрица numpy әдісі арқылы құрылды.
for i in range(c):
for j in range(b):
a = (-(2.5 / (3 * j + 2)) ** i + math.exp(math.cos(j)))
matrix[i][j] = a
For циклін қолданып, пайда болған бос матрицаны берілген формула бойынша толтырып шықтық.
gl_diag = np.trace(matrix)
matrix2 = np.fliplr(matrix)
gl_diag2 = np.trace(matrix2)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет