Р53 белогы – апоптоздың негізгі белоктарының бірі.
Қалыпты жағдайда жасушада р53 белогының мөлшері мен белсенділігі төменгі деңгейде болады.
Р53 белогының ингибиторы – Mdm2. Ол р53 белогымен байланысып, оның белсенділігін төмендетеді, және убиквитинлигазалық белсенділік көрсетіп, оны ыдыратады.
Ал р53 белогы транскрипциялық фактор ретінде Mdm2 белогының генін активтендіреді.