14
ҰОҚ-нің барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Жылулық шеңбері:
Қол алысып, кәне біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру!
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
Педагог балалармен әңгіме жүргізеді.
–Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде болатын қандай мерекелерді
білесіңдер? Жаңа жылда не істейміз? Шыршаның түсі қандай болады? Жаңа
жылда сыйлық алғыларың келе ме? Олай болса, шыршамызды безендірейік.
Шыршаны немен безендіреміз?
2. Негізгі кезең.
Педагог жұмыс барысын балаларға түсіндіреді.
Үлестірмелі материалға назар аударады.
Негізгі бетке шырша берілген, сол шыршаны түрлітүсті дөңгелек шарлармен
безендіреміз. Шыршаны безендіруді төменгі жағынан бастаймыз. Төменгі
жағына 3 түсті: қызыл, сары, көк түсті дөңгелек шарды жапсырамыз.
Жоғарғы жағына қызыл, сары, оның жоғарғы жағына қызыл, көк түсті
дөңгелек шарларды жапсырамыз. Жоғарғы жағына сары және көк дөңгелек
шарды жапсырамыз. Тағы не жетіспейді? Жұлдызша жетіспейді,
жұлдызымыздың түсі қандай? Неше бұрышты? Енді жұлдызшаны
шыршаның жоғарғы жағына жапсырамыз.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп-жетіп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Күнге қолды созамыз.
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап.
Бір отырып, бір тұрып,
Бір тынығып аламыз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: