Аппликация



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата07.01.2023
өлшемі401,17 Kb.
#60567
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
апликация 3




Қ. Н. Қойбағарова
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
АППЛИКАЦИЯ 
 
Әдістемелік нұсқау 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік 
оқу бағдарламасы бойынша
екінші кіші топ (3-4 жас) педагогтеріне арналған 
 
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрлігі ұсынған 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Алматыкітап баспасы – 2018 
 
 
 
 



 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қойбағарова Қ. Н. 
Аппликация.Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу 
бағдарламасы бойыншаекінші кіші топ(3-4жас) педагогтеріне арналған/
Қ. Н. Қойбағарова.–Алматы: Алматыкітап баспасы , 2018. –24бет. 
© Қойбағарова Қ.Н., 2018 
© «Алматыкітап баспасы» ЖШС, 2018 
 



 
Түсініктеме 
 
 
«Аппликация» оқу-әдістемелік кешені төмендегі нормативтік 
құжаттарға сәйкес дайындалған. 
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандарты (Қазақстан Республикас Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы  
№292 
қаулысымен 
бекітілген). 
Аталған 
стандарт 
Қазақстан 
Республикасының мектепке дейінгі және мектепалды даярлық білім 
берудің жаңа методологиялық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен 
оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен 
бекітілген); 
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы 
(Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 ж.  
12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген). Жаңартылған бағдарлама 
мектепке дейінгі білім берудің контекстегі 5 білімдік саласына жаңа 
мазмұн ұсынып отыр.
ОӘК-ді 
дайындаудың 
негізгі 
мақсаты–педагогтерге 
«
Аппликация»
ұйымдастырылған оқу қызметінде (бұдан әрі ҰОҚ) жаңа 
педагогтік тәсілдерін жан-жақты қолдану жөнінде бағыт-бағдар беру. 
ОӘК-ге: 
- әдістемелік нұсқау; 
- балаларға арналған үлестірмелі материалдар кіреді. 
Әдістемелік нұсқауда бір жылға арналған перспективалық жоспар мен 9 
ҰОҚ-не арналған үлгі жоспарлар берілген. 
ҰОҚ-нің құрылымы төмендегі кезеңдерден тұрады: 
• бірінші кезең – ұйымдастыру кезеңі (жағымды эмоционалдық көңіл күй 
қалыптастырып, ҰОҚ-не ықыласын ояту, балалардың ұсынылып отырған 
ҰОҚ-нің тақырыбын қуана қабылдауы үшін қажет); 
• екінші кезең – негізгі кезең, бұл үдеріс барысында зерттеліп отырған 
мәселе түсіндіріліп, балалардың бәрі оқу қызметіне белсенді араласады; 
• үшінші кезең – рефлексия, бұл кезеңде жаңадан алған білім игеріліп, 
қорытындыланады, баланың жеке біліміне айналады. 
Педагогке көмек ретінде балалармен жұмыс істеуге арналған үлестірмелі 
материалдар әзірленген. Бұл материалдар баланың білімін жүйелендіруге, 
ҰОҚ-нің тақырыбы бойынша түсінігін бекітуге мүмкіндік береді. 3-4 
жастағы балаларға арналған тапсырмалар Бағдарламаға сәйкес 
жүйелендірілген және балаларды келесі сатылардағы білім беру жүйесіне 
дайындауға көмектеседі. 



Ұсынылған үлгі жоспарлар балалардың жапсыру қызметіне деген 
қызығушылықтарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін қамтиды.
Көгөніс пен жемісті, азық-түлікті, ыдысты, ойыншықтар мен 
жануарларды бейнелеу, балалардың танымдық қабілеттерін арттыруға 
мүмкіндік береді. Ересектер әзірлеген ірі және едәуір ұсақ элементтерді қағаз 
бетіне бағдарлай отырып орналастыру дағдыларын игереді. 
Заттар мен ою-өрнектердің пішінін, түсі мен көлемін ескеріп, 
геометриялық пішіндерден өрнектер құрастыруда жазықтықта орналастыру 
заңдылықтарын (элементтердің бірізділігі мен қашықтығын сақтау) игереді. 
Әртүрлі пішіндегі қағаз ою-өрнектердің кейбір элементтерін орналастыра 
білуді үйренеді. Қағаздың ерекшеліктерімен танысады: жыртылады, 
бүктеледі, умаждалады.
Жыл соңында жапсыру бойынша бағдарламалық материалдарды 
меңгеру нәтижесінде балалар:
- қағаз бетіне дайын пішіндерден заттардың бейнесін құрастыруды 
және оларды жапсыруды; 
- желіммен дұрыс жұмыс жасауды білуі тиіс. 
Мектеп жасына дейінгі сәбилерге аппликация өнерін, үйрету әдістері 
мен тәсілдерін тиімді қолдану және ұйымдастыру, оларды жан-жақты 
дамытады. «Аппликация» оқуқызметі мектеп жасына дейінгі балалардың
жан-жақты дамуына, қолдың ұсақ моторикасының қалыптасуына, әсемдіктің 
ықпалын сезінуге септігін тигізеді.
«Аппликация» оқу қызметі мектеп жасына дейінгі баланың қоршаған 
ортаны тануына, заттар мен құбылыстарға деген көзқарасының 
қалыптасуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, жалпы мәдениет 
деңгейін жоғары сатыға көтеруге, әсемдікті сезінуге мүмкіндік береді.
«Аппликация» оқу қызметін мектепке дейінгі мекемеде ұйымдастыру 
педагогтің шығармашылығына байланысты жүзеге асады. Педагогтерге
жұмыстарды жоспарлауға, материалды белгілі бір ізге түсіруге, оның түпкі 
мақсатына жетіп, нәтижесін көруге көмектеседі. 
Мектепке дейінгі«Аппликация» оқу қызметі бала өмірінде елеулі орын 
алады. Кішкентайынан бастап балалардың қол икемділігін дамытып
бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын ояту, заттар мен құбылыстар
қасиеттерін, 
сырын 
ұғына 
білуге 
баулу 
педагогтің 
шеберлігін, 
шығармашылығын анықтайды. Бала мен педагогтің құндылықты 
қабылдауында, оқу қызметіне деген шығармашылық қабілеттері, әлеуметтік, 
табиғи, заттық ортаға деген саналы қарым-қатынастарды дамыту жөніндегі 
бірлескен әрекеті болады.



«Аппликация» бойынша оқу қызметін дұрыс ұйымдастыру үшін 
балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу қызметін үйретудің әдістемесін 
және жалпы міндеттеріне сәйкес мазмұнын белгілеп, нақтылы қойылатын 
талаптарды анықтап алу қажет. Бұл аппликация құралдары мен әдістерін 
іріктеуде кездейсоқтыққа, жүйесіздікке, біржақтылыққа ұшырамауға 
мүмкіндік береді.
Әдістемелік нұсқау тәрбиелеу мен білім беру ісінің барлық жақтарымен 
тығыз байланысты, ұйымдастыру түрлері сан алуан және оның нәтижелері де 
оқу қызметінің әр алуан түрінде көрініс табады.
Білім беру бөлімі «Аппликация» бойынша осы әдістемелік нұсқау 
балалардың жан-жақты дамуына және ұйымдастыру кезінде туындаған
көптеген 
сұрақтардың 
шешуі 
болып 
табылады 
деп 
сенеміз. 
Жұмыстарыңызға жетістік тілейміз.
Сіздерге құрмет көрсетіп,серіктестік 
қарым-қатынаста болатындығымызға
сенім артамыз, авторлар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет