Күтілетін нәтижелер:
жасайды: банканың суретінің ішіне дайын суреттерді орналастыру;
түсінеді: жемістер әртүрлі және әр түсті болады;
қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Алдын ала орындалатын жұмыс: жеміс атауымен және түрлерімен таныстыру.
Көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, алма, алмұрт пен банканың суреттері,
магниттік тақта, алма мен алмұрттың дайын суреттері.
Сөздік жұмыс: жеміс, алма, алмұрт.
ҰОҚ-нің барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Педагог балалармен шаттық шеңберін жасап тұрады.
– Балалар, егер біз табиғатты аяласақ, ол өзінің көп жемісін береді.
– Кәне, бәріміз бірігіп, баққа барып қайтайық.
Тамаша ғой бақшамыз,
Саяхатқа шығамыз.
Алға басып келеміз,
Бәрін, бәрін білеміз.
(Е. Өтетілеуұлы)
– Балалар, баққа барғанды ұнатасыңдар ма?
Достарыңызбен бөлісу: |