10
Дидактикалық ойын: «Қандай жеміс?»
Педагог балаларға жемістердің суреттерін көрсетіп, қандай жеміс екенін сұрайды.
–Ал, енді, біраз демалайық.
Сергіту сәті:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің бұзық-ау.
Жаңбырың сіркіреп,
Келгенің қызық-ау!
(Қ. Ыдырысов)
Педагог үлестірмелі материалға назар аударады. Балаларға банканы көрсетіп,
жемістерден сусын жасауды ұсынады.
Магниттік тақтада суреті салынған банкаға дайын пішіндерді (алма, алмұрт) салып
көрсетеді.
– Алма қандай түсті?
– Алмұрт қандай түсті?
– Алма мен алмұрттан сусын қайнаттық, банканы қақпақпен жауып тастаймыз.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
–Біз бүгін қандай жемістермен таныстық?
–Біз сусынды неден жасадық?
Достарыңызбен бөлісу: