№ 3 ұйымдастырылған оқу қызметі
Білім беру саласы: шығармашылық, әлеумет.
Бөлімі: аппликация.
Тақырыбы: Жүк мәшинесі.
Мақсаты: қарапайым композицияларды құра алуға үйрету.
Міндеттері: балаларды көлік түрлерімен таныстыру арқылы дайын пішіндерді қолдана
отырып, композиция жасауды үйрету. Зейіндерін тұрақтандыру, есте сақтау қабілетін
және сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын
жетілдіру. Қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
жасайды: дайын пішіндерден жүк мәшинесін құрастырады;
түсінеді: жеңіл көлік пен жүк таситын көліктің айырмашылығын;
қолданады: іс-әрекет барысында алған дағдыларын.
Көрнекіліктер: үлестермелі материалдар, жүк таситын көліктің суреттері; магниттік
тақта, дайын пішіндер.
Достарыңызбен бөлісу: |