Аппликация



Pdf көрінісі
бет11/28
Дата07.01.2022
өлшемі476,19 Kb.
#17288
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
2 аппликация

Сөздік жұмыс: автотұрақ. 

ҰОҚ-нің барысы 


11 

 

1.



  Ұйымдастыру кезеңі 

Балалар шаттық шеңберін құрып тұрады. 



Үлкен сыйлап кішіміз, 

Аға ақылын тыңдаймыз. 

Достықты үлгі санаған, 

Бір үйде біз тұрамыз. 

Қалған ата-бабадан, 

Бірлік-асыл мұрамыз! 

                                (Н. Айтов) 



Ойын жағдаяты. 

Педагог  балаларға  жүк  көлігінің  рулін  береді.  Балаларды  жүк  таситын  көлікке  отыруға 

шақырады. 

2.

  Негізгі кезең: 

Балалар «жүк көлігінен» түсіп, автотұраққа келеді. 



Сөздік жұмыс: автотұрақ. 

Педагог үлестірмелі материалға назар аударады. 

 Жүк көлігі үй жиһаздарын, тамақ түрлерін, құрылыс материалдарын, түрлі жүктерді бір 

орыннан екінші орынға тасиды.  

– Жүк көлігінің  терезелері бар екен, ол қандай пішінді? 

– Дөңгелектері қандай? 



Дидактикалық ойын: «Көлік түрін ата». 

Педагог балаларға көліктердің суреттерін көрсетіп, қалай аталатынын айтады: Мынау – 

жеңіл көлік, мынау – жүк көлігі. 

– Бүгін дайын пішіндерден жүк таситын көлік «жасап» көреміз.  

   Педагог магнитті тақтаға  жолдың суретінің үстіне  жүк көліктерін  орналастыруды  

көрсетеді. 

– Кабинасы қандай түсті? 

– Жалғанған бөлшегі қандай түсті? 

– Дөңгелектері қандай? 

–Алдымен кабинаны, одан кейін жалғанған бөлшегін, кейіннен  дөңгелектерін қоямыз. 

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді. 

– Автотұрақта көлік саны көбейді, ал бізге балабақшаға қайту керек. 

Педагог балалармен бірге «жүк көлігімен» балабақшаға қайтады.   

3.  Рефлексия 

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды. 



– Балалар, жүк таситын көлік не үшін керек? 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет