Кәсіби әдеп сипаты келесі жағдайда көрінеді: - педагогтың сыртқы келбетінен;
- кез келген орын алған жағдайды жылдам және дұрыс бағалай білуі, сондай - ақ өз тәрбиеленушілерінің тәртібі мен қабілеті туралы қорытынды жасауға асықпауынан;
- өз - өзін ұстай білу, қиын жағдайда сезімге жол бермей, салқынқандылық танытуынан;
- оқушыларына қоятын талаптарының ойға сыйымдылығы мен оларға деген сезімталдығынан;
- оқушылардың жас және жеке - дара ерекшеліктерін жақсы білуінен;
- өз еңбегіне сыни көзқараспен бағалай білуінен;
Әдепті педагог жұмысқа, іскери кездесулерге уақытында келеді; өзінің әріптестеріне, оқушыларына, олардың ата-аналарынан алған заттарын уақтылы қайтарады; айналасындағы адамдарға залал келтіретін , алып-қашпа сыбыс пен расталмаған фактілерді дауыстап қайталамайды;
Педагогикалық тәртіп қолданылатын педагогикалық әсер етудегі әдіс, тәсілдердің негізділігімен және икемділігімен сипатталады. Ол бір қалыптылық пен формализмге төтеп бермейді. Тәртіп негізі - педагогтың шыдамдылығы мен салмақтылығында. Педагог ретінде шығармашыл ұжымды басқарушы тәртіпті басшының басты қасиеті - жоғары талап қоя білу, тәрбиеленушілерге шынайы құрмет көрсету. Тәртіп түсінігі көптеген жиынтықтардан құралады, бірақ, ... жалғасы