№30 дәріс тақырыбы: Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен тактісі
1.Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен тактісі.
2.Педагогикалық такт
3. Мұғалімнің педагогикалық беделі
1.Мұғалімнің педагогикалық әдебі мен тактісі. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіңдік сипаттары - ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім сананың біртұтастық объектісі болып есептелуі керек. (Н.И. Непомнящая), мұғалімнін іс - әрекеті, оның білімі және тәжірбиесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық. Қажетті тәжірбиені жинақтауға әкелетін іс - әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол оқу-әдістемелік құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс - әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса. Бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс - әрекеттің объектісіне сәйкес болмайды.
Диалектикалық - материалистік философияда жеке тұлғаның қалыптасуындағы іс - әрекеттің ролі жан -- жақгы зерттелген. Адам іс - әрекеттің субъектісі ретінде психологиялық зерттеулерде көрсетілген. Бірақ, негізінен, тек XX ғасырдың 60 -- шы жылдарында ғана мұғалім іс - әрекеті оқушылармен өзара әрекет ретінде қарастырылып еңбектер жарық көрді. Көрнекті ұстаздардың еңбектері (Ш.А. Амонашвили, В.А. Сухомлинский, А.С. Макаренко және т.б.) оқушы ертерек мұғалімнің арқасында іс - әрекеттің нақгылы субъектісі ретінде қалыптасса, оқу -- тәрбие жұмысының тиімділігі арта түсетіндігіне куә етеді.
Міне, сондықтан да мектептегі педагогикальгқ (оқыту -- тәрбиелеу) процесте мұғалім және оқушы іс - әрекетінің субъектісі ретінде көрінеді, мұғалім іс - әрекеттің объектісі ретінде оқушыны емес, педагогикалық процесс деп есептеу керек. Мұғалім даярлаудағы мұңдай бағыттың кажеттілігі бірқатар зерттеулерде дәлелденген:
-біртұтастық тұлғаны қалыптастыру проблемасын, біртұтас
педагогикалық процестің ерекшеліктерін есепке алмай шешу мүмкін
емес (В.С. Ильин);
-мұғалім іс - әрекетін оптимизацияландыруға тек қана оқытуға
бағытталушылықпен жету мүмкін емес (Ю. К. Бабанский);
-егер оқушының іс - әрекеті назардан тыс қалған болса, педагогикалық
еңбекті ғылыми түрде ұйымдастыру мүмкін емес (И.П. Радченко);
-мектеп әкімшілігі іс - әрекетінің тиімділігі тек қана біртұтас
педагогикалық процесті ұйымдастыру негізінде мүмкін болады (М.И.
Кондаков);
-тұтас педагогикалық процестің теориясьш жасамайынша, басқару
шешімдерін қабылдау үшін педагогикалық талдауды жетілдіру,одан әрі
дамыту өте күрделі болады (Ю.А. Конаржевский);
Мұғалім іс - әрекетінің объектісін оқып үйрену тұтас педагогикалық процестің мәнін анықтау керектігін қажет етеді. Диалектикалық материализмнің ұстанымына -- мән бұл ең басты ішкі, біршама заттың тұрақты жағы (немесе оның жақтары мен қатынастарының қосындысы). Мән заттың табиғатын анықтайды, одан барлық қасиеттері мен белгілері шығады.
Педагогикалық такт -- оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс