Апта №30 дәріс тақырыбы


Педагогикалық такт[өңдеу]



бет2/5
Дата08.12.2022
өлшемі19,8 Kb.
#55810
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 дәріс (2)

2.Педагогикалық такт[өңдеу]
Педагогикалық такт -- оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді. Мысалы, ұжымның ықпалы тиімді пайдаланылмаса баланың белсенділігін, бастамашылдығын дамыту құралы болудың орнына, олардың дербестігін шектеуге, достық көңілдегі әңгіме іш пыстыратын уағызға, мадақтау күдік пен сенімсіздіктің дамуына себеп болады. Педагог тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста туындайтын қиыншылықтарды алдын-ала болжап, оны болдырмаудың жолын таба білуге тиіс.[2][3]
Педагогикалық этика әдеп - этика ғылымының өзіндік тарауы болып табылады және педагогикалық мораль ерекшелігін зерттейді, педагогикалық еңбек саласындағы жалпы адамгершілік ұстанымдарының жүзеге асыру өзгешелігін анықтайды, оның функциясын, этикалық санат мазмұны принціптерінің өзгешелігін ашып көрсетеді. Сонымен қатар, педагогикалық әдеп оқыту - тәрбиелеумен кәсіби түрде айналысатын адамдар арасындағы және кәсіби ортадағы адамгершілік қатынастар мен мұғалімнің адамгершілік қызметтерін және мұғалімдер ортасында қалыптасқан өзгеше тәртіп пен мінез - құлық т.б. зерттейді.
Педагогикалық этика педагогикалық мораль мен моральдік құндылықтардың негізгі санаттарының түпкілікті мәнін қарастырады. Адамдардың адамгершілік қасиеттері мен мінез - құлқына, іс қимылына және өмірлік алуан түрлі құбылыстарға т.с.с. өзіндік баға беретін мейірімділік пен зұлымдық, адалдық пен ар-намыс туралы түсініктер жүйесін моральдік құндылықтар деп атауға болады. Педагогикалық қызметте моральдік түсініктердің негізгі түрлерінің бәрі қолданылады, дегенмен, педагогикалық қызмет пен қарым-қатынас тәрізді түсініктер этиканың жеке дара тарауына қатысты педагогикалық түйсіну тәрізді жекелеген түсініктерді бөле - жара көрсетеді. Осындай санаттың ішінде кәсіби - педагогикалық борыш, педагогикалық әділдік, педагогикалық ар-намыс және педагогикалық бедел бар. 
Әділдік дегеніміз жалпы алғанда, адамдардың адамгершілік қасиеті мен олардың қоғамдық танымал болуы, құқықтары мен міндеттері арасындағы өзара сәйкестілік деуге болады; педагогикалық әділдіктің: мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы барысында олардың тәртібін, қылығын, оқуға деген көзқарас- құлшынысын, адамгершілік тәрбиелілік деңгейін анықтау мен бағалау барысындағы мұғалімнің обьективтілігі мен оның адамгершілігіне өзіндік баға беретін ерекше сипаты болады. Педагогикалық әділдік өзгешелігі оқушылар мен педагогтардың іс қимылды бағалау және оған қатысты жауап рекциясының әр түрлі адамгершілік деңгейде болуында; педагог обьективтілігінің өлшемін анықтау көбінесе педагогқа байланысты болады; өзіндік қорғаныс деңгейі әр түрлі тараптар ара-қатынасының көбінесе жалпы моральдік бағалауға түсетіндігінде; ең ақыр аяғында педагогпен алдын ала бағдарламаланған педагогикалық қажеттіліктерді балалардың түсінбеуінде; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет