Кәсіби педагогикалық борыш - педагогикалық әдептің ең маңызды санаттарының бірі. Өзінің еңбегіне деген шығармашыл көзқарас, өз-өзіне қатаң талап қою, кәсіби білім-білігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға деген құлшыныс, оқушыға , оның ата-анасына деген құрмет көрсету және талап қою қажеттілігі, мектеп өмірінде кездесетін қиын да, күрделі шиеленістерді шеше білу тәрізді өзгеше іс - қимыл педагогтың кәсіби борышына жатады.
Кәсіби ар-намыс - бұл педагогикада мұғалімнің өз маңыздылығын түсініп қана қою емес, сонымен қатар оның қоғаммен танылуы және моральдік сипаты мен сіңірген еңбегіне деген қоғамның құрметі деген түсінікті білдіреді. Педагог мамандығында жеке бастың ар-намысы мен қасиетін түсіну сезімі ерекше байқалып тұрады. Егер мұғалім өз мінез - құлқында және тұлғалармен ара - қатынас барысында педагог идеалына қойылатын талаптарды бұзған болса, осыған сәйкес кәсіби ар-намысқа, педагогтың адамгершілік сипатына немқұрайлы қарау әрекеті демонстарцияланады. Мұғалімнің ар-намысы - оның кәсіби борышын орындау барысында көрінетін нақты кәсіби ар-намысына қоғамдық баға беру.
Мұғалімнің педагогикалық беделі- оның оқушылар мен мұғалімдер және әріптестер ұжымындағы моральдік статусы , бұл құрмет пен қошаметке ие болып жүрген беделді де, құрметті ұстаздың тәрбиеленушілердің тәртібі мен нанымдарына әсер ететін өзіндік тәртіп түрі. Педагогикалық бедел мұғалімнің осыған дейінгі алған моральдік-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты. Оның деңгейі білімнің , зеректіктіктің , шеберліктің тереңдігімен және өз еңбегіне деген ерекше қатынасымен т.б. анықталады.
Педагогикалық әдеп құрамына адамгершілік санадан адамгершілік тәжірибеге көшудегі адамгершілік шығармашылық элементі енеді. Мұғалімнің адамгершілік шығармашылығына көптеген жиынтықтар енгізіледі, оның ішінде аса маңызды деп саналатын: педагогикалық мамандықтың қоғамға қатысты нормалары мен оның маңыздылығын түйсіну; түрлі күрделі оқиғалар орын алған жағдайда, оның пайда болу жағдайын түсіну; адамгершілік-педагогикалық нормаларға сәйкес ең үлгілі әрекетті таңдау қажеттілігі;