Апта №30 дәріс тақырыбы



бет4/5
Дата08.12.2022
өлшемі19,8 Kb.
#55810
1   2   3   4   5
Байланысты:
15 дәріс (2)

Педагогикалық тәртіп - мұғалімнің қызметінде оның ойы мен әрекеті ұштасып жататын педагогикалық моральді іске асыру түрі. Тәртіп - іс-қимылдың барлық обьективтік әсері мен оның субьективтік қабылдануын алдын ала көре білуді көздейтін адамгершілік тәртіп. Осы арқылы мақсатқа жетудегі барынша жеңіл және мейлінше жағымсыз түрде жету ізденісі көрінеді. Педагогикалық тәртіп - үнемі шығармашылықта және ізденісте болу деген сөз. 
Мұғалімнің тұлғаға деген құрмет сезімі, жоғары талап қоюы, әңгімелесіп отырған адамды тыңдай білуі , оны түсіне білуі, ара-қатынастағы іскерилік, бірбеткейсіз ұстанымдылығы, сабырлылығы , адамдарға қатысты ерекше зейіні мен сезімталдығы т.б. педагогикалық тәртіпке жатады.
Мұғалімнің педагогикалық мәдениетіне қойылатын талаптардың ішінде педагогикалық тәжірибенің даму барысында қалыптасқан жалпы адами мәдениет те бар. Бірақ педагогикалық салада өзіндік адамгершілік тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылатын моральдік үйлестірудің де өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені педагогтың іс - қимылын ешкім бақыламайды ғой. Ол көбінесе өз қылығын өзі бағалайды, өзі түзетеді. Сол себепті мұғалімнің моральдік барометрі педагогикалық ұяты аса сезімтал және жоғары деңгейлі болуы,шарт. 
Педагогтың кәсіби тәртіп кодексі педагогикалық ұстанымдар мен моральдан туындайтын адамгершілік талаптар үйлесімін анықтайды және оның педагогикалық қызмет үдерісіндегі ара-қатынас жүйесі мен тәртібін реттейді. Педагогтың кәсіби тәртіп кодексінің басты мақсаты мұғалімнің өз-өзіне , педагогикалық еңбекке , оқушылар мен мұғалімдер ұжымына деген ара-қатынасын анықтайтын негізгі талаптарды белгілеу болып табылады. 
Педагог тәртібі оның педагогикалық әрекеттеріне адамгершілік тұрғыдан реттейді. барынша толыққанды кәсіби- этикалық сипаты мен мақсатқа сәйкестігі педагогикалық тәртіптің келесі сипаттарында ( мінез- құлықта) ұсынылған: 
- талапшылдық , жеке бастың қасиетін қорламау, түртпектей бермеуінде;
- қарым-қатынас барысында табиғилық, қарапайымдылық танытып, мәймөңкелік пен өрескелдікке жол бермеуінде; 
-бірбеткейліксіз ұстанымшылдығы және табандылығында;
- аса дабыраламайтын зеректік пен сезімталдығында; 
-тұлғаның жеке басын қорламайтын әзіл-сықақ қолдана білуінде; 
-иландыру, нандыру, ескерту, ұсыныс жасау және қысымшлық пен қорлықсық жазалай білуінде;
-өз білімі мен кәсіби даярлық деңгейіңнің артықшылығын атап айтпай-ақ білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу білу қабілетінде;
-білім алушыларды тыңдай білуі, оның және өзгелердің сұрақтарға берген жауаптарына тыңғылықты қарай білуінде; 
Жоғарыда аталған педагогикалық тәртіп түрлері педагогтың түрлі оқу - тәрбиелік міндеттерін шешу барысында көрініп, олардың кәсіби қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет