Апта Кредиттік сағат саны Дәріс №13 Тақырып: Интонация Дәрістің мазмұны



бет3/3
Дата29.03.2023
өлшемі23,27 Kb.
#77068
1   2   3
Байланысты:
13,14-ДӘРІС

Морфологиялық принцип-әр сөздің түбірі мен оған жалғанатын қосымшанаң тұлғасын сақтап жазу принципі.

Мысалы: бас-шы (башшы деп айтпаймыз ол қате болып саналады), кете-алмай(кетеалмай деп айтуға болмайды), сары-арқа (сарарқа деуге болмайды)

  1. Фонетикалық пиринцип-сөздердің естілу дағдысын сақтап жазу принципі.

Мысалы: тарағы (тарақы емес),Торайғыров (Торыайғыров емес) және т.б
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. Тілдегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейді. Қазақ тілінің дыбыс үндестігіне сәйкес көптеген сөздер орфография нормадан ауытқып айтылады. Мысалы, құлұн, өнөр, түңгү, Амаңгелді, көг гүл, айталады, ағиық, т.б. Сөздерді дұрыс айту нормалары дыбыс үндестігіне, яғни ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпал заңдылықтарына негізделеді. Сөздердің дұрыс айтылуы орфоэпия сөздіктерде көрсетіліп отырады. Орфоэпия нормада дұрыс сөйлей білу сөздің әуезділігін сақтауға мүмкіндік береді, сөз құлаққа жағымды естіледі. Орфоэпия тілдің ауызша сөйлеу нормаларын реттеп отырады. Әр тілдің орфоэпиясы сол тілдің басты фонетикалық заңдылықтарына сүйенеді. Мысалы: орыс тілінде сөздің дұрыс айтылуы, негізінде, екпінге байланысты болса, қазақ тілінде сингармонизм зандылығына байланысты.[1][2]
Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресе дыбыс үндестігі ерекше орын апады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немес жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының фонологиялық мәні бар деп көрсетіледі. Мысалы, ен-сон-өн, іс-үн, үн т. б. сөздер бір-бірінен дискеретті бірліктер яғни жеке фонемалар ғана емес, сөздің біріңғай жуан немесе жіңішкелігі, езулік-еріндігі арқылы ажыратылып тұр. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.
Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір- бірімен үйлестілігі айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү) түнгі. б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар. Орфоэпия ұлттық тілдің қалыптасуы мен дамуына тікелей байланысты. Мысалы, [ш]-мен с-йлеу: [шаш]—[чаш] емес, [ұш]—[үч] емес, [ж]-мен сөйлеу: [жарқын]—[джарқын] емес, [жақсы]— [джақсы] емес т. б. Сондай-ақ жалпыхалықтық тілде кездесетін "л" - "д" дыбыстық нұсқ апа- рының маңцай (маңлай диал.) жылқылар (жы- лқыдар диал.) болып айтылуы ұлттық әдеби тіл нормаларының қалыптасуымен байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет