Апта семинар сағат б. семинар сабағының тақырыбы


апта. 7 семинар.1 сағат. 5 б. 7 семинар сабағының тақырыбы



бет7/25
Дата01.10.2023
өлшемі63,88 Kb.
#112087
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
Семинар сабақтары. Қазақстан тарихы.

4 апта. 7 семинар.1 сағат. 5 б.
7 семинар сабағының тақырыбы: Қазақстанның этносаяси тарихындағы түркі факторы ІХ-ХІІ ғғ.
Түрік өркениеті мен көшпелі мемлекеттік және мәдени дәстүрлердің дамуы туралы тарихи білімді жүйелеу, тарихи деректер мен зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Оғыздардың қазақ халқының этногенезіндегі рөлі.
2. Қимақтардың мемлекеттік құрылымы.
3. Қарахан мемлекетінің мұсылман әлеміндегі орны
4. Қыпшақ мемлекетінің даму ерекшеліктері.
5. Найман, керейіт, меркіт, жалайырлар туралы тарихи деректер.
Семинар сабағының мақсаты: Түркі мемлекеттерінің тарихын, ішкі және сыртқы саяси дамуы мен кезеңдерін, этногенездегі рөлі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын тарихи деректер мен зерттеу еңбектерінің негізінде қарастыру.
Әдістемелік нұсқаулар:берілген сабақты шағын топ түрінде жүргізген жөн. Студенттер 4-топқа бөлініп, әрбір топ жеке тапсырма алады. Әр топ тапсырмада көрсетілген бір мемлекеттің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихын бойынша өзара сұрақ-жауап жүргізеді. Жазба, ауызша және археологиялық деректер мен зерттеушілердің еңбектеріндегі мәліметтерді пайдалану маңызды. Семинар соңында оқытушы өз деңгейінде берілген жауапты бағалай отырып, қорытынды жасалынады.
4 апта. 8 семинар.1 сағат. 5 б.
8 семинар сабағының тақырыбы: Түркі мәдениеті.
Түркі халықтарының рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне, деректер мен жаңа зерттеулердегі мағлұматтарға талдау жасап, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы, жазба мәдениетінің дамуы туралы ауызша баяндау, қалалардың орналасуы мен Ұлы жібек жолының тармақтарын көрсетуде картамен жұмыс жасау.
Семинар сабағының жоспары:
1. Түркілердің рухани және материалдық мәдениеті.
2. Ұлы Жібек жолының ежелгі дәуір мен ортағасырдағы маңызы.
3. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу қалалық мәдениетінің гүлденуі.
4. Орхон-Енисей (руникалық) жазуының әлемдік өркениеттегі орны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет