Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата27.03.2017
өлшемі11,62 Mb.
#10566
1   2   3   4

С.А. КУСАИНОВ

профессор кафедры географии, 

землеустройства и кадастра

6

№15 (1608) 11 мамыр 2016 жыл

Біздің түлек



Журналистика факультетінде «Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы 

Нұртөре Жүсіптің «Мың құмырсқа және бі» атты кітабының тұсаукесері аясында студенттермен кездесу өтті 

Айбынды ана тіліміз 

мемлекеттік тіл мәртебесін 

алған күннен бастап, қазақ тілі 

республикамыздың жоғары 

оқу орындарының орыс тілді 

аудиторияларында екінші тіл 

ретінде оқытыла бастады. 

Осы мақсатта ҚазҰУ-да 

ашылған практикалық қазақ 

тілі кафедрасына 1992 жылы 

«Жазушы» баспасындағы 

тәжірибесімен келген Зейнехан 

Сейітханқызы бастапқыда 

университет аудиториясының 

есігін жасқана ашқан еді. 

Шынында да, өзі осы университет 

түлегі, қазақ тілі мен әдебиеті маманы 

болғанмен, бұл кәсіптің өзгеше бір қырымен 

шұғылдануына тура келді. Тәуелсіздік алып, 

ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып  

бөркімізді аспанға атып жүрген шақта 

қиындыққа мойымай, тәуекел етуді кафедра 

меңгерушісі, профессор Талғат Сайранбайұлы 

әр оқытушының құлағына құюмен болатын. 

Оның әрбір сөзі жігерін жаныған Зейнехан 

Сейітханқызы тынымсыз іздене бастады. 

Орыс, шетел тілдерін оқыту тәжірибелерін 

шұқшия қарағанда ұққаны – нақты мәтін 

қажет екендігі. Оқытушы сөмкесін сол 

кездегі практикалық қазақ тілін оқытуға 

арналған бірлі-жарымды еңбектер мен 

газет қиындыларына толтырумен тәжірибе 

жинақтай бастағанын жасырмайды. Алайда 

уақыт өте келе оқытушы тіл үйретудегі өз 

ізденістерінің молығып қалғанын сезініп, 

экономика факультетінің орыс тілді 

аудиториясына арналған «Қазақ тілі» оқулығын 

жазып шығуы сол кезеңде елеулі жетістік 

еді.  Өйткені, жоғары мектептерде қазақ тілі 

әр мамандыққа қатысты оқытылады. Келе-

келе оқытушының тіл үйрету практикасын 

ғылыммен ұштастыруы кезек күттірмейтін 

қажеттілікке айналып, профессор Т.С. 

Сайранбаевтың жетекшілігімен 1995 жылы 

«Қазіргі қазақ тіліндегі мезгіл пысықтауыш» 

атты  кандидаттық диссертация қорғады. 

2001-2003 жылдары практикалық қазақ 

тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін 

атқарды. Мінез-бітімі қарапайым, өзін 

әрдайым кішіпейіл ұстайтын, ұстамдылығы, 

кісіні таңдандыратын оның ерекше 

ұйымдастырушылық, білімпаздық қасиеттері, 

әсіресе ешқашан мойымайтын еңбекқорлығы 

осы кезде танылған еді. Кейін қызмет бабымен 

Астанаға барып, 2006-2010 жылдары Еуразия 

ұлттық университеті практикалық қазақ 

тілі кафедрасының меңгерушісі қызметін 

атқарғанда еңбегі еселене түсті. Тіл үйретуді 

тынымсыз әрекет деп түсінетін ғалым: «Ғылым 

тоқтауды сүймейді», – дейді. Ғылым мен 

практиканы ұштастырудың маңыздылығы 

2001-2005 жылдары үздіксіз жариялана 

бастаған гуманитарлық факультетке арналған 

«Қазақ тілі оқулығының практикалық курсы» 

(2001; 2010; ) және осы аттас 2002,  2003 

жылдары  әр түрлі мамандыққа арналып 

«Раритет» баспасынан бір емес, бірнеше 

дүркін басылып шығып жатқан оқулықтардың 

сол кезеңде және қазірде зор сұранысқа 

ие болғанын Зейнехан Сейітханқызының 

студенттері мен әріптестері жақсы біледі. 

Қазірге дейін кітапхананың кітап беру 

бөлімінде Күзекованың «Қазақ тілін» алуға 

тұрған студенттер кезегіне көз сүріндіреміз. 

 

 

Тіпті, сол кезеңнің өзінде-ақ ғалым-ұстаз 



2003 жылы «Таным» баспасынан жарық 

көрген «Қазақ тілі. Тілді оқытып үйретудің 

екінші кезеңіне арналған оқулығында», 

«Қазақ тілі. Мемлекеттік қызметкерлерге 

арналған» оқулығында (2000) және осы аттас 

оқулықтың (2005) 2-ші басылымында өзге ұлт 

өкілдеріне тіл үйретудің жаңаша әдістемесі 

сипатында танылған деңгейлік оқытуды 

сынға салған еді. Осы деректердің өзі-ақ 

Зейнехан Сейітханқызының үздіксіз ізденісін, 

еңбекқорлық қасиетін таныта бастады. 2005 

жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті филология факультетінің 

Ғылыми кеңесінде «Екінші тіл ретіндегі қазақ 

тілі оқулығы теориясының лингвистикалық 

негіздері» атты докторлық диссертациясын 

 

қорғады. Оқулық теориясын жазуына 



мұрындық болған ғылыми кеңесшісі көрнекті 

лингивист, профессор Элеонора Дүйсенқызы 

Сүлейменованың ұстаздық қамқорлығын, 

жолбасшылық еңбегін Зейнехан Сейітханқызы 

әрдайым жылы лебізбен әңгімелейді.

2010 жылдан бастап  Назарбаев 

университеті Гуманитарлық және 

әлеуметтік ғылымдар мектебінің  (SHSS) 

қауымдастырылған профессоры қызметіне 

ауысқан  З.С. Күзекова аталған университеттің 

халықаралық деңгейдегі беделін арттыру 

бағытында тың ізденістерге жол ашып келеді.  

Ғалым З. Күзекова қазақ тілінің мемлекеттік 

мәртебесі, қоғамдық қызметі және қазақ тілін 

оқытып-үйретудің ғылыми-инновациялық 

негіздері, қазақ тілінің функционалды 

грамматикасы, қазақ тілі оқулығы 

теориясының мәселелері мен практикасының 

өзекті мәселелері жөнінде шетелдік және 

отандық халықаралық симпозиумдар мен 

конференцияларда баяндамалар жасап, 80-

нен астам мақалалар жазғаны да ғалымның 

мұқалмас жігерінен хабардар етеді. Әсіресе, 

ғалымның басшылығымен айрықша қоғамдық 

сұраныс талабын қанағаттандыру мақсатында 

жазылған «Қазақ тілі тест теориясының 

негіздері және тестілеу практикасы» (көмекші 

құрал) (З.С. Күзекова, Г.С. Пазылова, Е.Қ. 

Әбдірәсілов. Алматы, 2009) еңбегінің маңызы 

ерекше бағалы деуге болады. Шынында да, 

халықаралық деңгейде мойындалған ағылшын 

тілін білуді бағалауға арналған TOEFL, IELTS 

жүйелерінің негізінде жасалған ҚАЗТЕСТ 

дайындалды. Авторлар айтуынша, қазақ тілін 

білу – қолдану, меңгеру деңгейін анықтайтын, 

жетілдірілген тәсілдер мен әдістер бойынша 

дайындалған шынайы бағалау жүйесі осыған 

дейін болмағанын ескерсек, авторлардың 

қаншама қиындықтарды жеңе білгенін 

сезінесіз.

Таңды таңға ұрып, көз майын тауысқан 

ғалым еңбегі елеусіз емес.  Филология 

ғылымдарының докторы, профессор  Зейнехан 

Сейітханқызы Күзекова  Қазақстан жоғары 

оқу орындары ассоциациясы жаңа талаптағы 

оқулықтары үшін (2003)  А. Байтұрсынов 

 

атындағы медалінің, «Сорос – Қазақстан қоры» 



(1997) грантының, Қазақстан Республикасы 

«Үздік оқытушы» (2007) грантының, ҚР 

Білім және ғылым министрлігінің Құрмет 

грамотасының ( 2014) иегері.

Ғалымның қазақ тілін үйретуге арналған 

20-дан аса оқулықтары мен қосымша оқу 

құралдары, ғылыми еңбектері ана тілімізді 

 

мемлекеттік тіл санатында дамытуға қосылған 



айрықша үлес болып табылады. Бүгінде 

Назарбаев университетінің профессоры, 

ғалым-ұстаз Зейнехан Күзекованың қазақ 

тілін ғылыми-инновациялық негізде өзге 

ұлт өкілдеріне үйретудегі өрісті үлгі-өнегесі 

қалыптасқаны анық. Елеулі іс тындырып 

жүрсе де, ұстамды мінезінен айнымайтын 

Зейнехан Сейітханқызы ғылыми ортада 

абыройлы, өнегелі ұстаз-ғалым, танымал 

әдіскер мәртебесіне лайық.



Раушан ӘБДІҚҰЛОВА, 

ф.ғ.к., доцент;

Ақнұр ОСПАНОВА, 

PhD докторы, оқытушы

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Президенті архивінде ҚазҰУ-

дың тарих, археология және этнология факультетінің студенттері мен 

магистранттары арасында архивтанулық олимпиада өтті. 

Шараны ашқан архив директоры 

Б.Ә. Жапаров өз сөзінде архивтанулық 

олимпиаданың тұңғыш рет өткізіліп 

отырғанын айта келе, бұл бастаманың болашақ 

архивистердің мамандықты игеруге деген ынта-

ықыласын арттыруға, Ұлттық архив қорының 

құжаттарын кәсіби тұрғыдан әйгілеуге, архив 

ісі мен құжаттануды насихаттауға, архив 

мамандығының мәртебесін көтеруге және 

болашақта архивтың кадр резервіне мамандық 

бойынша қызметкерлерді іріктеуге өз септігін 

тигізетінін  атап өтті.

Олимпиаданың бірінші кезеңіңде 

қатысушылар мамандық бойынша дайындалған 

тест тапсырмаларына жауап беріп, келесі 

кезеңде алдын ала берілген тақырыптар 

бойынша баяндамаларын қорғады. Олимпиада 

нәтижесі бойынша І орынды – 2-курс 

магистранты   Г. Қалмыр заева, ІІ орынды – 

3-курс студенті Б. Жақсылық, ІІІ-орынды 

3-курс студенті Ж. Сұлтанхан иеленді. 

ҚР Президенті архивінің кадр резервіне 

А. Максымханова лайықты деп табылды. 

Сондай-ақ, екі кезеңнің нәтижесі бойынша 

жоғары нәтиже көрсеткен студенттер «Ең 

үздік таныстырылым», «Үздік инновациялық 

жоба», «Тәжірибелік қолданыс үшін», 

«Ғылыми маңызды жұмыс», «Өзекті тақырып», 

«Белсенділігі үшін», «Қатысқаны үшін» деген 

номинациялық дипломдармен сыйлықтарға 

ие болды.Олимпиадаға т.ғ.к., доцент Л.М. 

Хасанаева демеушілік көрсетіп, жүлделі орын 

алған студенттерге ҚР Орталық мемлекеттік 

архивін басқарған Марат Хасанаевтың туғанына 

70 жыл толу мерейтойына орай тағайындалған 

шәкіртақыны табыстады.

С.М. ШАЙЖАНОВА,

 ҚР Президенті архивінің 

Құжаттарды ғылыми жариялау

 басқармасының архивисті

В начале марта в Высшей школе экономики и бизнеса КазНУ прошел 

обучающий семинар по проблемам кадровой политики вузов Казахстана 

в контексте Болонского процесса. Тренинг проводила д.э.н.,  член 

Национальной команды экспертов  по реформированию высшего 

образования европейской программы Эразмус+ в Казахстане, директор 

ЦЭИ Р. К. Сагиева.

В семинаре приняли активное участие 

декан ВШЭБ Б. Ж. Ермекбаева, заведующие 

кафедрами, профессора и молодые 

преподаватели факультета. Основной целью 

тренинга было обучение административного 

и академического персонала навыкам 

формулирования критериев и требований к 

претендентам на должность преподавателя вуза 

и заведующего кафедрой.

Работа семинара включала в себя четыре 

основных блока: ознакомление с  результатами  

регионального обзора  европейских экспертов 

– М. Кело и Ф. Дюбош «Управление кадрами в 

вузах стран-партнеров Tempus  в Центральной 

Азии»; ознакомление с результатами 

анкетирования персонала в вузах Казахстана; 

тренинг по улучшению качества отбора 

персонала в вузы на основе  организации 

командной работы; подведение итогов, 

выработка рекомендаций. 

По результатам работы групп были 

сформулированы рекомендации, которые 

позволят руководителям повысить качество 

принимаемого на работу академического 

персонала, а самим руководителям и 

преподавателям посмотреть на свои 

компетенции с точки зрения современных 

требований. 

Р. К. САГИЕВА,

 д.э.н.,  профессор, директор ЦЭИ  


7

№15 (1608) 11 мамыр 2016 жыл

ж а с т а р   б е т і



Состоялось традиционное  чествование Совета ветеранов войны и тружеников тыла

Война. Страшнее этого слова 

нет. Она – порождает огромную 

боль. Она – причина всей скорби, 

которая остается в сердцах на 

долгие годы. Это тяжелый груз 

для души. Сколько же грусти 

и печали носит с собой война

она забирает много жизни. 

А мир – такое прекрасное и 

простое слово. Однако, чтобы 

люди ценили его, должны ли 

они познать мировой кошмар, 

сопутствующим ненавистью и 

страданием?

Сложный образ и сюжет прошлого – 

это воспоминание. Оно душит изнутри 

так, что можно задохнуться. Мы конечно, 

не хотим вспоминать, но каким-то 

образом оно снова возвращается. И боль, 

что в сердцах, режет все тело и душу всё 

глубже и глубже. Самая тяжелая память 

– память войны. Беззаботный, наивный 

ребенок, чье сердце наполнено большой 

радостью, искренней улыбкой и добрым 

взглядом на мир, становится совершенно 

другим, когда он вспоминает о войне. 

Такого ребенка хочется обнять и защитить, 

уберечь его от всего плохого. 

Как на счет чувства близких и любящих 

людей? Огромную боль и тревогу получают 

те, кто очень привязан к родному 

человеку. Высшая степень привязанности 

– это привязанность ребенка к матери и 

наоборот. Какое же тяжелое беспокойство 

для наших матерей – думать, есть ли на 

этом свете ее дитя. Надеяться, жив ли он. 

Верить, что скоро вернется.  Я думаю, что 

сильнее этой тревоги нет.

Я очень хочу изменить мир. Я искренне 

верю, что мы, люди, найдем тот самый свет, 

который разгонит всю тревогу в наших 

сердцах. Вместе с этим светом мы осветим 

весь мир. Даже если наступит темная ночь, 

без звезд и без луны, мы внесем яркий 

свет из своих душ. С этим светом мы 

разукрасим яркими цветами жизнь. Мы 

свернем горы, сделаем все невозможное, 

потому что у нас есть желание жить в мире

Этим желанием мы подарим теплоту и 

любовь окружающим. Мы должны стереть 

понятие войны. 



Гаухар ОСПАНБЕКОВА, 

студентка 1 курса факультета 

географии и природопользования

Біздің қатарымызға қосыл!



Жуырда ҚазҰУ-дың заң факультетінің 

оқытушы-профессорлық құрамы  

«Айналаңды нұрландыр» жобасы 

аясында  Алматы қаласының мектеп 

бітіруші түлектерімен кездесу өткізді. 

Кездесудің мақсаты мектептермен 

тікелей қарым-қатынас орнатып, кәсіби 

бағдарлау жұмыстарын жүргізу болып 

табылады. 2015-2016 оқу жылында 

заң факультеті Алматы қаласы Медеу 

ауданының мемлекеттік меншіктік 

нысанындағы жалпы орта білім беретін 

ұйымдардан құралған мектептерінде кәсіби 

бағдар бойынша кездесулер өткізуде. Осы 

бағытта бөлінген мектептер бойынша 

түлектер туралы мәліметтер базасын 

құру, оның ішінде бітіруші түлектер саны, 

«Алтын белгіге» үміткерлер, ерекше 

аттестатқа ие түлектер, халықаралық және 

республикалық олимпиада жүлдегерлері 

туралы мәліметтер қамтылуда.  

Мектеп түлектеріне біздің қатарға 

қосылып, әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенті 

атануға, бәсекеге қабілетті маман 

болуға үндеу жасадық. Сонымен 

қатар үміткерлерге ҚазҰУ-дың оқу 

ғимараттарын, университет мұражайын, 

заманауи кітапхана, «Керемет» СҚКО 

жұмыстарымен таныстырып, университет 

жетістіктері жайлы мол мағлұмат берілді. 

С.Ш. ДАУБАСОВА,

 заң факультеті  

Жуырда Алматы қаласы бойынша Француз Альянсы мен 

қалалық Француз тілі оқытушылары қауымдастығының 

ұйымдастыруымен «Франкофония апталығы» болып өтті. 

Апталыққа француз тілін оқитын жоғары оқу орындарының 

студенттері мен мектеп оқушылары қатысты. 

Бұл апталыққа университетіміздің филология және әлем 

тілдері факультетінің  «Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 

студенттері мен оқытушылары ерекше ат салысты. Жарыста әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері алға шығып, жүлделі орындарға 

ие болды. «Аймақтық мозаика» байқауы бойынша І орынды ЕШТ 

мамандығының 4-курс студенттері иеленді. Олар үнді халқының 

салт-дәстүрі, мәдениеті, асханасымен таныстырып, ұлттық би 

билеп, қазылар алқасы мен көрермендердің ыстық ықыласына 

бөленді. «Лингвистикалық олимпиада» байқауы бойынша  ІІ жүлделі 

орынды 4-курс студенті Аягөз Ибрагим жеңіп алса, ІІІ орынға 4-курс 

студенті Ария Сейдин шықты. Көптеген студенттер ынталандыру 

сыйлықтарына ие болды. 

Кеш соңында қазылар алқасы сөз алып, жоғары оқу орындарының 

ішінде апталыққа белсенді қатысқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

студенттерінің білімдері мен өнерлерін ерекше атап өтіп, алғыстарын 

білдірді. 

А.Ә. КАМЗИНА,

Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасының 

аға оқытушысы

Айтыс-қазақ халқының ұлттық мәдениетінің айқын көрінісі болып табылатын 

асыл қазынамыз. Тарихы терең бұл өнер ел қамын, ұлт болашағын, қоғам 

тынысын жырлап қана қоймай, салиқалы ойды, сүйектен өтер сөзді, тұшымды 

пікірді қасиетті қара домбыраның үнімен ұштастыра білетіні де белгілі.

 Ұлтымыздың ұлы мұрасы болып табылатын 

айтысты қазақ жастарының бойына сіңірту, 

оның киелілігін ұғындыру, бабамыздан қалған 

асыл құндылығымыздың маңызын жоғалтпай, 

өз дәрежесінде  сақталуына әсер ету ұрпақтар 

сабақтастығын жалғайтын аға буынның қолында 

десек артық айтқанымыз емес.

Осыған орай, жақында ҚазҰУ-да ҚР Тәуелсіздігінің 

25 жылдығына арналған республикалық 

«Тәуелсіздік тағылымы» атты студент ақындар 

айтысы болып өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

журналистика факультеті ЮНЕСКО, халықаралық 

журналистика және қоғамдық медиа кафедрасының 

ұйымдастыруымен өткен бұл аламан додаға еліміздің 

әр өңірінен 12 ақын қатысты. 

Бәйгенің негізгі мақсаты тәңірдің бұйырған 

тәтті сыйы іспеттес болған Тәуелсіздігіміздің 25 

жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын жырға 

қосып, бақытты халық  ұрпағының  келешекке деген 

кемел көзқарастарын таныту, еліміздің жалынды 

 

жастарының тәуелсіздіктен кейін қол жеткізген 



жетістіктерін, бағындырған биіктерін, қарышты 

қадамын  төл өнеріміз –айтыс арқылы жырлау, жас 

ұрпақты өз Отанын, елін, жерін, ұлттық құндылығын 

сүюге тәрбиелеу болып табылады.  ЮНЕСКО 

тарапынан белгіленген «поэзия күнін» айтыс арқылы 

республикалық деңгейде салтанатты түрде атап өту 

де осы байқаудың негізгі мақсаттарының қатарын 

толықтырған болатын.  

Дарынды жас айтыскерлердің бұл сайысына әділ 

бағасын беретін төрешілер қатарында Халықаралық 

«Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ақын Жарас 

Сәрсек, Ә. Қастеев атындағы бейнелеу өнері және 

техникалық дизайн мектебінің директоры, ҚР 

Бейнелеу өнері академиясының корреспондент-

мүшесі Ханзада Есенова  және тағы басқа аға 

буын өкілдері болды. Айтысты журналистика 

факультетінің деканы, қазылар төрағасы Сағатбек 

Медеубекұлы ашып, ақындарға сәттілік тілесе, 

келесі сөз кезегін алған ұйымдастырушы, ЮНЕСКО,  

халықаралық журналистика және қоғамдық медиа 

кафедрасының жетекшісі Назгүл Шыңғысова 

жастар үшін маңызы зор доданың жоғары деңгейде 

өтуіне атсалысқан Дәурен Қалыметұлына, Толқын 

Ақанұлына, Ғаділет Нәбиұлына, 5 жыл бұрын 

ұлттық университет түлектері негізін қалаған 

«Көркем фильм» компаниясына, «Свобода слова» 

газетінің бас редакторы Жанна Ойшыбаева мен өзге 

демеушілерге алғыс білдіріп, бәйгеде бақ сынағалы 

тұрған жас жүйріктерге ақ тілегін арнады.

Аламан айтыстың шымылдығы ашылған соң, 

ақындар көрермендерді құлақтан кіріп бойды алған 

әсем жырларымен, ұлтым деп  ұрандаған рухты 

сөздерімен қуантты. Сан ғасырлар бойы  тағдырдың 

тәлкегін бастан кешірген қазақ халқының өжеттілігі 

де,  аңсаған азаттықты алу жолындағы толассыз 

күрестері де ақындардың жыр жолдарынан 

табылды. Қазіргі қазақ қоғамында орын алып 

жатқан  маңызды мәселелер де, жастар арасында 

қызу талқыға салынатын өзекті тақырыптар да жас 

айтыскерлердің назарынан тыс қалған жоқ. Көптің 

көкейінде жүрген сұрақтар да осы бәйге барысында 

ашық айтылды десек артық айтқанымыз емес. 

Осы орайда, қара шаңырақ ҚазҰУ-ға жан-жақтан 

жиылған студент ақындардың білім мәселесін де өз 

деңгейінде көтергенін айта кетуіміз керек.

Байқау қорытындысы бойынша III орынды Абай 

атындағы ҚазҰПУ филология факультетінің 2-курс 

студенті Айдана Қайсарбекқызы иеленсе, доданың 

II дәрежелі дипломымен Сүлейман Демирель 

атындағы университеттің 4-курс студенті Алтынбек 

Ибрагимов марапатталды. Көптің көңілінен 

шыққан бұл сайыста I орынды қанжығасына 

байлаған Павлодар қаласы Инновациялық Еуразия 

университетінің 4-курс студенті Абзал Қабдыраш 

болса,  қарсыластарынан ерекше басымдықпен алға 

шығып, осымен екінші рет байқаудың бас жүлдесін 

иеленген Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті журналистика факультетінің 3-курс 

студенті Айтбек Тұрсынбаев өзінің от ауызды, орақ 

тілді айтыскер екенін тағы бір дәлеледі.

Осылайша, талайды тамсандырған жыр дода өз 

мәресіне жетті. Шараны қорытындылаған Сағатбек 

Медеубекұлы жеңімпаздарды құттықтап, барлық 

студент ақындардың болашағынан зор үміт күтетінін 

жеткізді.

Ұлжан ИБРАИМ,

Студенттік баспасөз орталығы


8

№15 (1608) 11 мамыр 2016 жыл

Бағасы келiсiм бойынша.

Таралымы 1000 дана

Тапсырыс: №291

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

 Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.



ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Әл-фараби атындағы 

қазақ ұлттық 

университетiнiң 

ректораты

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

бас редактор м.а.: 



Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Жауапты хатшы –



 Дариға АМАНКЕЛДИЕВА

тілшілер: 



Қаламқас АМАНҚОСОВА, Елдана ТОҚБАЙ

Дизайнер – 



Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

фототілші –



Марат ЖҮНІСБЕКОВ

корректорлар: 



Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Қарлыға ИБРАГИМОВА

МЕКЕНЖАЙЫ:

050040, алматы қ., әл-фараби даңғылы, 71, 

ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.

байланыс телефоны:

377-33-30, iшкi: 11-94, 

тiкелей: 377-31-48.

Газет 1994 жылдың 7 ақпанында Қазақстан республикасының баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде 

тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген 

соңғы бет

Электронды мекенжай:



kazuniver-gazeti@mail.ru


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет