Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата27.03.2017
өлшемі11,62 Mb.
#10566
  1   2   3   4

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

6-бет

3-бет


Мировые знания 

в энергетику 

казахстана

ҒалыМның 

Мерейтойына арналды 

ҚазҰу-дан түлеп 

ҰшҚан

4-стр.


Продолжение на 2 стр.

Жалғасы 3-бетте

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да  белгілі ақын, 

Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, 

халықаралық «Невада-Семей» антиядролық 

қозғалысының президенті Олжас Сүлейменовтің 80 

жылдық мерейтойына арналған «Олжас Сүлейменовтің 

шығармашылығы және ұлттық сананың өзекті 

мәселелері» атты халықаралық ғылыми конференция 

өтті. 

№ 15 (1608) 

11 мамыр

2016 жыл

Недавно делегация КазНУ приняла участие в VII Глобальном форуме Альянса цивилизаций ООН на тему 

«Сосуществование в инклюзивных обществах: вызов и цель» (г. Баку).

Жалғасы 2-бетте

Нар тұлға

Жиын танымал суретші Амандос Ақанаевтың 

шығармалары, оның ішінде мерейтой иесінің портреті 

қойылған көрмені тамашалаумен басталды. 

Пленарлық отырыстың шымылдығын ашқан ҚазҰУ 

ректоры Ғалым Мұтанұлы Олжас Омарұлының бүгінде 

ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген азаматтардың бірі 

әрі бірегейі екенін атап өтті. «Мен Олжас Омарұлының 

негізгі үш қызметін атап өткім келеді. Ол – поэзия, 

ғылыми проза және публицистика – бұл оның азаматтық 

ұстанымының іс жүзіндегі көрінісі. Ақын ретінде ол 

– алпысыншы жылдардағы  Андрей Вознесенский, 

Роберт Рождественский, Евгений Евтушенко, Белла 

Ахмадуллина, Новелла Матвеева, Юнна Мориц және 

өзге де танымал ақындар тізімінде ойып алар орны бар 

тұлға. Ол «Нет Востока и Запада нет, есть огромное слово 

Земля» деп әлемге жар салды. Осылайша 1961 жылдан 

кейін өзінің өлеңдерімен Америка мен Батыс Еуропаны 

баурап алды. Оның шығармашылық кештерінде зал 

ішінде ине шаншырлық жер болмайтын еді», – деді 

ректор.


От университета нОвОй фОрмации 

к челОвеческОй цивилизации

Альянс цивилизаций – это авторитетная 

международная организация, действующая под 

эгидой ООН. Она создана в 2005 году по инициативе 

правительств Испании и Турции с целью активизации 

международных действий против экстремизма 

посредством межнационального, межкультурного и 

межрелигиозного диалога.

В работе форума приняли участие более 2 тыс. 

участников из 146 стран мира, среди которых – главы 

государств и правительств, лидеры международных и 

региональных организаций, политики, представители 

научных кругов, молодежи, мира искусства и СМИ. 

Казахстанскую делегацию на форуме представил поэт и 

общественно-политический деятель Олжас Сулейменов, 

председатель Сената Парламента Казахстана Касым-

Жомарт Токаев, а также делегация КазНУ под 

руководством ректора университета Галыма Мутанова.

В рамках мероприятия состоялось 30 

секционных заседаний и две пленарные сессии, 

на которых были обсуждены приоритетные для 

ООН проблемы: налаживание взаимопонимания и 

преодоление отчуждения между народами в условиях 

поляризирующегося мира, роль религиозных лидеров, 

женщин, молодежи, а также образования и спорта в 

построении инклюзивного общества.

КазНУ стал единственным  вузом, который 

 

при поддержке Альянса цивилизаций ООН стал 



организатором специальной секции «Аль-Фараби 

–философ цивилизаций». В ней принимали 

участие председатель Турецкого национального 

координационного совета Альянса цивилизаций Бекир 

Карлыга, Олжас Сулейменов, политики, представители 

научных кругов, мира искусства и СМИ.

Особый интерес участников форума вызвал 

доклад ректора КазНУ Г. Мутанова. В своем докладе 

он рассмотрел человеческие цивилизации с позиции 

термодинамических и диалектических закономерностей, 

согласно которым цивилизации находятся в 

постоянном динамичном развитии благодаря борьбе 

двух противоположных законов. С одной стороны, 

согласно второму закону термодинамики, или закону 

возрастания энтропии (хаоса),  цивилизации движутся 

в  сторону разрушения и хаоса, а с другой – благодаря 

разумной человеческой деятельности, направленной 

на уменьшение энтропии, цивилизации сохраняются. 

Разумная человеческая деятельность, направленная 

на создание желаемого будущего, называется сегодня 

социальной инженерией. По сути, созданием подобного 

проекта будущего общества – добродетельного города, 

жители которого будут счастливы, и занимался великий 

тюркский философ и ученый Абу Наср аль-Фараби. 



Білім үздік нәтижеге 

ұласуы қажет

Кезекті ректорат отырысында білім алушылардың 

кәсіби практикасын ұйымдастыру,  бітіруші түлектерді 

жұмысқа орналастыру, ағымдағы үлгерімділікті 

бақылаудың нәтижелері және 2015-2016 оқу жылының 

жазғы емтихан сессиясына дайындық жұмыстары күн 

тәртібіне шықты. 

Білім алушылардың практикасын ұйымдастыру 

және 2016 жылғы бітіруші түлектерді жұмысқа 

орналастыру туралы хабарламамен құлағдар ету үшін 

мінбеге алғашқылардың бірі болып Мансап және 

бизнес орталығының директоры Бақытжан Сапаров 

көтерілді. Ол: «Біздің оқу жүйемізге сәйкес әр оқу 

жылының соңында студенттеріміз жыл бойы жиған 

білімін тәжірибе жүзінде іске асыру үшін мекемелерден 

кәсіби практикадан өтеді. Кәсіби практика студенттің 

біліктілігіне сай оқу тәжірибесі, өндірістік тәжірибесі 

және дипломалды тәжірибе деп бірнеше сатыларға 

бөлінеді. Тәжірибе барысында білімгердің үлгерімі 

бағаланып, жұмыс нәтижесіне мекеме тарапынан 

мінездеме беріледі. Осы тұрғыда тәжірибе жоғары сапада 

өтіп, өнімді нәтиже көрсету үшін ҚазҰУ еліміздегі 

бірнеше көшбасшы мекемелермен тығыз қарым-қатынас 

орнатқан. Бүгінгі таңда осы байланыстың арқасында 

университет түлектері мекемелер тарапынан жас кадрлар 

ретінде жоғары сұранысқа ие», – деп сөз бастап, одан 

әрі Мансап және бизнес орталығының басшылығымен 

кәсіби практика мен түлектерді жұмыспен қамту 

мақсатында ұйымдастырылған іс-шараларға кеңінен 

тоқталып өтті. 



2

№15 (1608) 11 мамыр 2016 жыл

ақпарат


Ректор Ғ. Мұтанов бастаған ҚазҰУ делегациясы  Бакуде өткен «Инклюзивті қоғамда бейбіт қатар өмір сүру: 

қатерлері мен мақсаты» атты БҰҰ Өркениеттер альянсының VІІ Ғаламдық форумына қатысты

ректорат


Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық 

университетінде 

ҚР Парламенті 

және Алматы 

қаласы Мәслихаты 

депутаттарының 

«Мәңгілік ел» 

идеясын насихаттау 

мақсатында 

студенттермен 

кездесуі өтті.

Продолжение. Начало на 1 стр.

Жалғасы. Басы 1-бетте

От университета нОвОй фОрмации к челОвеческОй цивилизации

Формирование разумных людей всегда являлось миссией 

системы образования, и если в средние века эту миссию выполняли  

медресе, то сегодня она перешла к университетам. По словам 

ректора КазНУ, осознание этой проблемы подвигло университет, 

носящий имя Аль-Фараби, к разработке научно-инновационного 

проекта «Al-Farabi university smart city». Основой проекта является 

идея добродетельного общества Аль-Фараби,  носителями и 

распространителями которого являются студенты. 

Реализация проекта «Al-Farabi university smart city» нацелена 

на создание университета современной формации, в котором 

одновременно и гармонично развиваются две основные 

составляющие – технологическая и духовно-нравственная 

платформы. 

«В мире насчитывается более 20 тыс. университетов, и если 

каждый из них будет заниматься формированием граждан мира с 

высокими нравственными установками, то мы уверены, что будет 

сформирован добродетельный мир, о котором мечтал Аль-Фараби

а человеческая цивилизация будет развиваться устойчиво, и все мы 

будем жить без коллапса», – заключил ректор КазНУ.

В рамках визита делегация КазНУ посетила Национальную 

академию наук Азербайджана, где состоялась официальная встреча 

и присвоение О. Сулейменову звания Почетного доктора Института 

литературы им. Низами и золотой медали Национальной академии 

наук Азербайджана ректору КазНУ  Г. Мутанову.

В ходе мероприятия вице-президент академии наук АР И. 

Габиббейли, посол Казахстана в Азербайджане Б. Исабаев и ректор 

КазНУ Г. Мутанов рассказали азербайджанской общественности 

о творческом пути О. Сулейменова и его вкладе в укрепление 

братских казахстанско-азербайджанских отношений.

Итогом визита явилось достижение договоренности об участии 

делегации КазНУ в работе Генеральной Ассамблеи ООН с целью 

открытия секции, посвященной  Аль-Фараби, в сентябре текущего 

года. 

Ұлттық идеямыз – 

«Мәңгілік ел»

Жиынды ҚазҰУ ректоры, академик 

Ғалым Мұтанов ашты. «Ынтымағы 

жарасқан халық болып қалыптасуы 

үшін ұлттық ой керек. Қазақстан 

Тәуелсіздігін алғалы қаншама сыннан 

өтіп келе жатыр. Болашақта дәл осы 

қарқынмен даму барысы жүзеге асады 

ма деген сұраққа біз тек сөзбен ғана 

емес, іс-әрекетпен де жауап беруіміз 

қажет», – деді ректор. 

«Адам баласының эмоцияға 

берілгіштігі, тереңіне үңілмей тез 

шешімдер қабылдап қоятындығы 

баршамызға аян. «Біріңді, қазақ, бірің 

дос, көрмесең, істің бәрі бос» деп ұлы 

Абай айтпақшы, бір-біріңе тілектес, 

ниеттес болмасаң, істің бәрі бос 

болады. Осындай қиын кезеңде бір-

бірімізге қолдау көрсетіп, қол ұшын 

беру, ел игілігі үшін еңбек ету аса 

маңызды», – деп атап өтті Парламент 

Мәжілісінің депутаты Бекболат 

Қанайұлы Тілеухан. Сонымен қатар ол 

«Мәңгілік ел» болып қалыптасу үшін 

құлдық санадан арылу керектігіне 

ерекше тоқталды.

Соңғы кезде халық арасында 

резонанс тудырған жер мәселесі, 

Елбасымыздың күні кеше жариялаған 

мораторийі де көпшілік талқысына 

түсті. «Ата-бабадан аманат болып 

қалған кең-байтақ жеріміз – әрбір 

қазақстандықтың асыл-мұрасы, сол 

себепті әрқайсысымыз бұл мұраны 

көзіміздің қарашығындай аялауымыз 

қажет!» – деді Алматы қаласы 

Мәслихатының ең жас депутаты 

Асылхан Төлепов. Студенттердің 

қатысуымен өткен жиын қоғамда 

қордаланған бірқатар мәселелер 

төңірегіндегі сұрақтарға жауап берді. 

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы 

орталық аппараты басшысының 

орынбасары Мәди Жарылқасынұлы 

Оспанов, Қазақстанның еңбек ері, 

ұлағатты ұстаз Аягүл Төреқызы 

Миразова, Алматы қаласының 

жастар саясаты мәселелері жөнінде 

басқарма басшысы Нұрлан Сыдықов, 

Алматы қаласы Жетісу аудандық 

прокурорының орынбасары 

Бауыржан Ертаев қатысып, жастарға 

арнап сөз сөйледі.



БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Білім үздік нәтижеге ұласуы қажет

Бітіруші түлектердің кәсіби практикасы 

мен жұмысқа орналасуынан хабардар 

болғаннан кейін, күн тәртібіне іліккен тағы бір 

мәселе ағымдағы үлгерімділікті бақылаудың 

нәтижелері және 2015-16 оқу жылының 

жазғы емтихан сессиясына дайындық туралы 

хабарлауға көпшілік алдына академиялық 

мәселелер жөніндегі департаменттің директоры 

Асқар Хикметов шықты. «Үлгерімділікті 

бақылаудың нәтижесі бойынша биология және 

биотехнология факультеті мен филология және 

әлем тілдері факультеті көш бастады. Сонымен 

қатар былтырғы жылмен салыстырғанда 

жаңа оқу жылында үлгерімділікті өсіру 

үшін гегорафия және табиғатты пайдалану 

факультеті мен философия және саясаттану 

факультеттері қарқынды жұмыс жасады деп 

айта аламыз. Осы үлгерімнің нәтижесі бойынша 

келе жатқан жазғы емтихан сессиясына жалпы 

бакалавр сатысында оқитын тоғыз мыңнан 

астам, магистратура сатысында оқитын мың 

екі жүзден астам, докторантура сатысында 

оқитын екі жүзден астам студент міндеттелген 

сабақтардан емтихан тапсыратын болады», 

– деп хабарлады департамент директоры 

А.Құсупбекұлы. Одан әрі емтихан ережелеріне, 

емтихан кезіндегі студент пен оқытушылар 

міндеттеріне және емтихан сұрақтарының 

құрастырылу деңгейіне тоқталып, толық 

ақпарат беріп өтті. 

Аталмыш ректорат мәжілісіне Иран 

ислам ремпубликасынан келген сыйлы қонақ 

– Иран Елшілігінің Алматы қаласындағы 

мәдени өкілдігінің басшысы Маджид 

Камрани қатысып, университеттің парсы 

бөлімшесінде білім алып жатқан студенттердің 

оқу ақысын төлеу туралы келісімшартқа 

қол қойды. Филология факультетінің 

бірнеше студенттеріне арнайы шәкірақылар 

тағайындалып, қазақ әдебиеті және әдебиет 

теориясы кафедрасының меңгерушісі Алуа 

Берікбайқызын Б.Момышұлы мұрасы 

қоғамдық қорының директоры Оралжан 

Жақаұлы «Бауыржан Момышұлына 100 жыл» 

медалімен марапаттады. Сонымен қатар жиын 

барысында «Мәдениеттану» мамандығының 

3-курс студенті Гүлжайна Ануарбекова ҚР 

Парламенті мәжілісі мен мәслихаттары 

депуттарының сайлауында «Нұр Отан» 

партиясының сайлау науқанына белсене 

қатысқаны үшін ҚР Президенті, «Нұр Отан» 

партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 

алғыс хатын иеленді. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА 

Ұлы Жеңістің дәмі қаншалықты тәтті 

болса, соғыс қасіретінің зардабы 

соншалықты ащы. Соғыс атты 

алапат дауылдың жолдағысын 

жалмап, ешкімді аямайтыны хақ. 

Бес жылдың ішінде миллиардтаған 

адамның көз жасы, миллиондаған 

адамның қыршын кеткен өмірі, 

хабар-ошарсыз кеткендері қаншама. 

Міне, Ұлы Жеңістің құны. Дегенмен, 

бұл елім деп еміренген ерлердің Отан 

үшін от кешкен жан пидалығы. Азаматтық 

арына дақ түсірмеген рухты алыптардың 

жауға тойтарыс беріп, солардың күресінің 

нәтижесінде қол жеткен жемісті, жеңісті 

күннің алауы тарих беттерінен мәңгілік 

орын алды. Оны біз ешуақытта ұмытпаймыз.

Осы айтулы мереке қарсаңында ҚазҰУ-да 

ҰОС ардагерлері, Еңбек ардагерлері, Ауған 

соғысы ардагерлері, Ардагерлер кеңесінің 

қатысуымен дәстүрлі жиын өтті. Университет 

ректоры Ғалым Мұтанұлы қазыналы 

қарияларға ұжым атынан алғыс айтып, 

құттықтау сөз сөйледі. «Осындай кең-байтақ 

жерімізде бейбіт өмір сүріп жатқанымыз – 

сіздердің арқаларыңызда. Артымыздан өсіп 

келе жатқан жас ұрпақ бұл ерліктеріңізді 

әрқашан да бағалап өтеді. Сіздерге айтар 

алғысымыз шексіз. Барлықтарыңызға шын 

жүректен зор денсаулық, қажымас қайрат, 

отбасыларыңызға құт-береке тілеймін!» 

– деді ректор. «Парасат» кәсіподағының 

төрағасы Талғат Мекебаев жүргізген 

басқосуда өзінің керемет ізгі-ниетімен 

ерекшеленген, тарихшы ғалым Уәхит 

Шәлекенов: «Біздер, ҰОС ардагерлері 

мен Еңбек ардагерлері бірталай еңбек 

істедік. «Жасыңда еңбек етсең, қартайғанда 

рахатын көресің» демекші, еліне елеулі, 

халқына қалаулы азаматтарды қазірден 

бастап дайындау, олардың патриоттық 

сезімдерін күшейту – ұстаз ретінде біздің 

басты міндетіміз. Осындай іс-шараны 

ұйымдастырып отырған университет 

басшылығына алғысымды білдіремін», – 

деп атап өтті. Барша ақсақалдар қауымы жер 

жүзіне бейбітшілік тілеп, жастарға арнап игі 

тілектерін, өсиеттерін жеткізді.

Мерекелік жиында ақсақалдарды ҚазҰУ-

дың өнерлі өрендері – «Бақыт би ансамблі», 

«Фараби саз-оркестрі»  керемет мерекелік 

концертпен қуантты.



Жандос ТАСТАН

3

№15 (1608) 11 мамыр 2016 жыл

конференция



Депутаты Мажилиса Парламента РК со студентами обсудили Национальную идею – «Мәңгілік Ел»

Жалғасы. Басы 1-бетте

Олжас Сүлейменов – батыл әрекеттер 

адамы. Дәл сондықтан, қысқа мерзімде 

«Невада-Семей» қозғалысы құрылды. 

Аз уақыт ішінде нәтижелі еңбектер 

атқарылды. Мақсаты айқын ақындықты 

жанына ту еткен азамат әрқашан ел 

игілігі үшін қызмет етті. Әрі қарай да 

солай бола бермек. Келесі кезекте сөз 

алған Қазақстан Жазушылар одағының 

төрағасы, ақын, сенатор Нұрлан Оразалин 

осындай ойын ортаға салды. Ол: «Олжас 

Сүлейменов өзінің ең алғашқы 1961 жылы 

сәуірде жазған «Адамға табын жер енді» 

поэмасымен бүкіл дүниежүзіне қалай 

танылса, сол танылған биігінен, өзінің 

сол рухани ұлы кеңістігінен жазбай, 

жаңылмай келеді. Олжастың ең басты 

байлығы, ең басты ерекшелігі – оның 

бойында қазақты әлемге танытатын үлкен 

рухтың, үлкен асқақтықтың бар екендігі. 

Оның поэзиясы бірте-бірте кемеңгерлерге 

тән ойшылдыққа ойысты. Ол ғылым 

мен әдебиетті бір-бірімен үйлестіріп, 

ұштастыра білді. Осы үрдісті қазір де 

жалғастырып келе жатыр. Олжакең 

халқының махаббатына бөленген тұлға. 

Халқымен қашанда осылай бірге бола 

береді», – деді ақын жайында. 

Жазушы, публицист, лингвист Олжас 

Сүлейменовтің 80 жылдық мерейтойына 

орай ұйымдастырылған шараға арнайы 

шақырылған мәдениеттанушы, 

публицист, қоғам қайраткері М.М. 

Әуезов қатысып, «Олжас Сүлейменов 

және ұлттық идея» тақырыбында 

баяндама жасады. Ол: «Бүгінгі үлкен той 

– Олжекеңнің ғана емес, бүкіл қазақтың 

қуанышы. Олжас еңбекқорлығының 

арқасында осынша беделге жетті. Тек 

қана өзін ғана тәрбиелемей, қазақтың 

абыройлы тағдырына зор үлесін қосты. 

Дүйім жұрттың арасында патриоттықты 

насихаттап, ұлттық сана сезімді оятқан 

және дұрыс жолға салған жандардың бірі 

осы Олжекең болатын. Олжастың жүріп 

өткен жолы кез келген жанға үлгі, жеткен 

жеңісі бүкіл қазақ баласына өнеге. Ақын 

– терең ойдың азаматы, рухты адам. Сол 

мықты рухының арқасында еліміздің 

абыройын асқақтатты. Ұлттық рухты 

қалыптастырды», – деп сөз бастап, ұлт 

тәрбиесіне қатысты ақын еңбектерімен 

таныстырып өтті. 

Алқалы жиын конференцияның 

секциялық отырыстарына ұласты. Іс-

шара барысында барлығы 50-ден астам 

баяндама тыңдалып, Олжас Омарұлы 

шығармаларының құрылымдық, стильдік 

ерекшеліктері талданды. 

Нар тұлға мерейтойының алғашқы 

легі осындай леппен басталды. Ақынды 

алғашқы болып құттықтаған алма-матер 

ұжымы Олжас Омарұлына қажымас 

қайрат, сарқылмас күш-қуат пен зор 

денсаулық тілейді. Әлі де алар асуларыңыз 

көп болғай! 

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

История казахской 

журналистики

В КазНУ стартовал новый онлайн курс «История 

казахской журналистики». Его цель – раскрыть 

страницы истории зарождения, становления и 

развития демократической прессы Казахстана.

Это первый онлайн курс факультета 

журналистики, подготовленный силами членов 

кафедры печати и электронных СМИ: старшим 

преподавателем, к.ф.н. А.А. Мусиновой, 

и.о.доцента, к.ф.н. А.Б.Альжановой при 

участии профессора, д.и.н. С.К. Козыбаева.

Курс рассматривает возникновение и 

становление казахской периодической печати в 

контексте развития казахстанского общества с 

момента появления в середине XIX века первых 

публицистических произведений и выхода в 

свет первых национальных периодических 

изданий.Часть курса посвящена рассмотрению 

развития национальных СМИ переходного 

периода и периода независимости, начальный 

этап становления отечественного радио, а также 

демонстрирует роль СМИ в формировании 

государства, общественного мнения и участия 

населения в политике. 

Курс «История казахской журналистики» 

предназначен для старшеклассников, которые 

рассматривают журналистику, как свою 

будущую профессию, а также для студентов 

факультетов журналистики, филологии, 

истории. Он будет интересен не только для 

тех слушателей, которые планируют связать 

свою жизнь с журналистикой, но и для всех, 

кому интересна история, как наука, так как 

история журналистики любого государства 

всегда напрямую связана с историей развития 

его общества. 

А. А. МУСИНОВА,

старший преподаватель 

кафедры печати и электронных СМИ 

Жуырда ҚазҰУ-да тарих 

ғылымдарының докторы, профессор 

Мадияр Елеуовтің 70 жылдық 

мерейтойы атап өтілді. 

Профессордың мерейтойына орай 

тарих, археология және этнология 

факультетінің ұйымдастыруымен 

университет деңгейінде «Қазақстанның 

тарихи-мәдени мұраларының 

өзекті мәселелері: өткені, бүгіні мен 

болашағы» атты халықаралық ғылыми-

тәжірибелік конференция өтті. Сонымен 

қатар аталмыш шара Қазақстан 

Республикасының Тәуелсіздігінің 25 

жылдығына арналды. 

Конференция аясында өткізілген 

пленарлық отырыста тарих, архелогия 

және этнология факультетінің деканы 

А.Қ. Жұмаділ сөз бастап, ҚазҰУ 

ректоры, академик Ғалым Мұтанұлының 

құттықтау тілегін жеткізді. «Құрметті 

Мадияр Елеуұлы, сізді 70 жасқа толған 

мерейтойыңызбен шын жүректен 

құттықтаймын. Сіз байырғы, көне 

шаһарлардың қойнауында талай ғасырлар 

бойы бүгіп жатқан сырлары мен қырларын 

ашу, оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің ауыр 

жүгін арқалап келесіз. Сіздің еліміздің 

археология ғылымының дамуына, археолог 

мамандарды даярлауға, ортағасырлық 

елді мекендер мен қалалардың пайда 

болуын, қалыптасуын және олардың 

даму тарихын кеңінен зерттеуге, Шу мен 

Талас өңірлерінде, Қаратау, Сырдария 

ағысындағы қалалар мен елдердің өмір 

сүрген уақытын анықтауға, бұзылып 

жатқан, жойылу қаупінде тұрған 

ескерткіштерді түзеуде қосқан үлесіңіз 

зор. Сіздің бойыңызда өз ісіңізге деген 

ерекше сүйіспеншілік байқалады. Сіздің 

өміріңіз – нағыз майталман маманның, 

ұлағатты әкенің үлгілі өмірі. Қоғам 

игілігіне бағытталған еңбегіңіздің жемісін 

көріңіз. Өнегелі іс істеуде қанатыңыз 

талмасын! Қажыр-қайратыңыз арта 

берсін! Құрметті Мадияр Елеуұлы өзіңізге 

және отбасыңызға зор денсаулық, ырыс 

пен ынтымақ, бақыт пен береке тілеймін!» 

– деп, университет  ректорының ақ тілегін 

жолдаумен қатар тарих, археология және 

этнология факультетінің ұжымы атынан 

құттықтап, мерейтой иесіне арнайы 

сыйлық табыс етті. 

Археология саласының дамуына сүбелі 

үлес қосқан М. Елеуұлының құрметіне 

арналған жиынды одан әрі «Профессордың 

ғылыми-педогогикалық қызметі» 

атты баяндамамен т.ғ.д., профессор, 

археология, этнология және музеология 

кафедрасының меңгерушісі Қалыш 

Аманжол Боранбайұлы жалғастырды. Ол: 

«Мадияр Елеуұлы жарты ғасыр ғұмырын 

жастарға білім беруге, ғылымның дамуына 

арнаған ұстаз. Ол Қызылорда облысы, 

Шиелі кентіндегі №147-орта мектебінде 

оқып жүріп, болашақта тарихшы болуды 

арман етті. 1965 жылы мектеп бітіргеннен 

кейін еңбек жолын өз туған ауылында 

бастады. 1966-1969 жылдары КСРО-ның 

соғыс-теңіз флотында әскери міндетін 

атқарды. 1971 жылы 24 жасында өзі 

армандап жүрген С.М. Киров атындағы 

Қазақ мемлекеттік университетінің тарих 

факультетіне оқуға түсіп, 1975 жылы 

үздік бағамен бітіреді. 1975 жылы Қазақ 

КСР Жоғары және орта арнаулы білім 

министрінің жолдамасымен Қызылорда 

облыстық тарихи өлкетану музейіне 

аға-ғылыми қызметкер болып барып, 

1976-1996 жылдар аралығында Қазақ 

мемлекеттік университетінің архелогия 

және этнология кафедрасында лаборант, 

ассистент, аға-инженер, оқыту, доцент 

қызметтерін атқарды», – деп баяндамасын 

бастап, одан әрі профессордың шәкірт 

тәрбиелеуде асқан шеберлігі мен ғылым 

айдынындағы елеулі еңбектеріне шолу 

жасап өтті. 

Профессордың 70 жылдық мерейтойы 

аясында өткізілген шараға ғалымның 

әріптестері, курстастары, достары, 

шәкірттері және отбасы мүшелері 

қатысып, шынайы лебіздерін жеткізді. 

Арнайы шақырылған қонақтар қатарында 

болған т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА құрметті 

академигі У.Х. Шәлекенов,  Ә.Х. Марғұлан 

атындағы архелогия институының 

меңгерушісі академик К.М. Байпаков, 

 

т.ғ.д., Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық 



қазақ-түрік университеті археология 

ғылыми-зерттеу орталығының  бас ғылыми 

қызметкері С.Ж. Жолдасбаев, РМҚК 

Отырар мемлекеттік археологиялық 

қорық-мұражайы директорының 

кеңесшісі Н.О.Алдабергенов сынды 

тұлғалар тарапынан профессордың 

археология саласында жеткен жетістіктері 

мен ашқан ғылыми жаңалықтары жайында 

әр түрлі бағыттағы баяндамалар оқылып, 

пленарлық мәжіліс секция жұмысымен 

жалғасты. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет